Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Қорқып қанынан түсіпті амал сақтап.

Қозы кетті, Қодар құл аман қалды,

Біраз жатып атына мініп алды.

«Қашқын кетті Баянды аламын» деп,

Келді де таман жұртқа азап салды.

Айтты тоқсан:—Осыған көнеміз бе,

Қорлығынан Қодардың өлеміз бе?!

2220

2230


2240

304

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Бәріміз де жүр едік Баян үшін,

Бір соғыспай тірі боп береміз бе?!

Сонда тоқсан Қодармен жамандасты,

Бәрі де бір Қодармен сабаласты.

Темір шоқпар басына қатты тиіп,

Көсемсары сол топтан шыға қашты.

Сандалып есі шығып келе жатып,

Жапанда ер Қозыға душарласты.

—Құрбы едің бірге жүрген Көсемсары,

Дәмдес боп жүріп едің бізде талай.

Үсті-басың қызыл қан, өңің қашып,

Сандалып жүрген сенің жайың қалай?

—Сіз кеткен соң қоқиды бізге Қодар,

Көңілін балап мың менен жүзге Қодар.

«Баянды мен алам» деп мұндай қылды,

Бата алмай бұғып жүріп сізге Қодар.

  

 

—Сендерді сол антұрған жеңген екен,



Көңілі өлмесіне сенген екен.

Атып жығып тырайтып кетіп едім,

—Сірә, Тәңірім, тілеуін берген екен.

Удан жүдеп буыны бос болыпты,

Ермек келіп көңілі қош болыпты.

Құдайым айдап келіп жолғастырып,

Уәде айтып екеуі дос болыпты.

Күнде Баян жіберер азық беріп,

Қу қызға келе ғой деп тезек теріп.

Жүрісін әлгі қыздың кәдік етіп,

Бір жау қатын шығады соңына еріп.

Келе сала Қодарға хабар берді,

Қылып жүрген қылығының бәрін көріп.

Қодар шауып ауылға барып еді,

Қарабай елі-жұртын жиып берді.

2250


2260

2270


304

305


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Екеуі қалың қолды бастап алып,

Қозы жатқан түбекке жөнеледі.

Қойдан қошқар, түйеден бура шалып,

Баян жаяу артынан жылап келді.

Сірә, Қодар білмейді ұят-арды,

Оқ бойы жұрт алдында жетіп барды.

шоқтеректің түбінде ұйықтап жатқан

Біреуді қамыс оқпен тартып қалды.

Оқ тиіп, тыпыр қағып қалғаннан соң,

Қылышпен барып басын кесіп алды.

«Жауды алдым» деп қуанып мақтанады,

Жұрт жиылып шуылдап анталады.

Жаяу Баян бір жерде келе жатса,

Қарабай елден бұрын кез келеді.

—Әуре болған, қаңғырған, байғұс шал-ай,

Осыған шыдап жүрген шыбын жан-ай!

Мың сан жан кетіп едің соғысқалы,

«Жалғыздың жары Құдай», жайы қалай?

—Қосағың көрмегенін көрді,—дейді,

Тілегін ана құлдың берді,—дейді.

ұйықтап жатқан жерінде Қодар атып,

Өз көзім көргемін жоқ, өлді,—дейді.

Балам-ай, сені һешкіммен тең көрмеймін,

Өңіңнің бұл қашқанын жөн көрмеймін.

Қодарға қор болам деп қорқасың ба?

Іздеп тауып теңіңе мен бергеймін.

—Һешқайда бөтен бастақ жүрген емен,

Бір Қозыдан басқаны білген емен.

Елден бура қалдырмай қыдыртатын

Мүйіз көк термешелі інген емен.

Әкесін бір бозақор мастай көрді,

Қодар өзін солқылдақ жастай көрді.

20-0137


2280

2290


2300

306

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

«Бақты қара, байыңның ал басы» деп,

Бір басты әкеп алдына тастай берді.

Аяғын бір-бір басып жүріп алды.

Іші түйіп бір сұмдық біліп алды

«Тастап кетсем, тағы іздер антұрған» деп,

Езу тартып, мырс етіп күліп алды.

Қайда бар ер Қозыдай ерлік еткен,

Айтқан серттің бәріне қорықпай жеткен!

Таңертең бір түлкінің ізін көріп,

Күреңмен оны қуып Қозы кеткен.

Қозыға жәрдем болған Құдай патша,

Орнында Көсемсары ұйықтап жатса,

Оны өлтіріп мақтанып Қодар кеткен,

Амал бар ма бір Тәңірім қалжыратса?!

Басты әпкетті етекке Баян салып,

Қодар қайтты мақтанып саңылауланып.

Көсемнің қанын шашып кеткен екен,

Қозы келсе түлкіні соғып алып.

—Дос болып кеше сені сүйдім,—деді,

Жыламайын, көңілімді тыйдым,—деді.

Қатты уәде айтып ем серт қып саған,

Жаным құрбан сен үшін, қидым,—деді.

Құдайым ер Қозыға дем беріпті,

Күреңмен Қодарды іздеп жөнеліпті.

«Жауды алдым» деп мақтанып шауып жүрсе,

Арадікте сол құлға кез келіпті.

Ер Қозы ашуланып жетіп барды,

Ашумен екі көзі оттай жанды.

«Мейманаң асып кетті сен құлдың» деп,

Сай кез оқпен қисайтып тартып қалды.

2310

2320


2330

306

307


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Салған соң шын қимылды іс қиын-ды,

Әулие-әнбиеге көп сыйынды.

Қақ жүректің басынан оқ өткеннен соң,

Қорқырап салдыр-күлдір құл жығылды.

Ашуы ер Қозының қозып кетті,

Құл жығылды, жұрт қашып тозып кетті.

Ақырып оғын кезеп жетіп барса,

Тірі жан шыдай алмай безіп кетті.

Дәулет құсы басына қонып қалды,

Сол елге жалғыз ие болып қалды.

«Құлдық» деп қол қусырып келген жанның

Бәрін де қаһарланбай қабыл алды.

«Дінсіз кәпір, осынша не жаздым?» деп,

Кескілеп Қарабайды итке салды.

Қарабай өліп қалды, қазасы бар,

Көп еді сонда дұшпан жазасы бар.

Басылмаған ашудың шаласы бар,

Жауды түгел іздейді, ызасы бар.

«Қойыңыз» деп жетектеп үйге кетті,

Өзінің Күләп деген баласы бар.

Сол күнде Күләп келген тоғыз жасқа,

Пішіні салғандай-ақ таңба тасқа.

Тар күймеде көрсетпей асыраған,

Бөтенге Ай мен Таңсық қыздан басқа.

Сол елдің ханы болды, билеушісі,

Теріс емес шариғатқа қылған ісі.

Елдің бәрі сүйеді Қозыкені,

Көбейіп құрбысы мен сан білісі.

Құлақ қақпас һеш адам жарлығына,

Жарасты мүлік-мүкәммәл байлығына.

Бір күнгі қылған асы, һәр шығымы,

Барабар өзге байдың айлығына.

2340


2350

2360


2370

308

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Құй алыс, құй жақыннан келсе қонақ,

Түрлі тағам, салтанат сәні мол-ақ.

Алдына алуа, секер, бал қояды,

Һәр түрлі алтын-күміс аяқ толы-ақ.

Жемей тоқ, ішпей мас болар солар,

Екеуін көргеннен соң соған бола-ақ.

Ер-қатын екеуінің нұры өзгеше,

Асықлық бәрінен де сыры өзгеше.

Әзіл-қалжың, есітсең сөз тәттісін,

Көрген адам кеткісіз түрі өзгеше.

Дем болған ер Қозыға шын әулие,

Не іздесе оны берді көңілі сүйе.

Бір бенденің көргенін солар көрді,

Тоқсан мыңға жарасты ендігі ие.

Құдайым мал мен басты тең беріпті,

Хан болып бірталай жұрт меңгеріпті.

Тұйғын, сұңқар қолға алып, жолдас ертіп,

Бір күні құсқа шығып жөнеліпті.

Намазшамды бір жерде оқып тұрса,

Бір адам ақсақалды кез келіпті.

Баяғы Қожа екен көзі көрді,

Бата қылып болған соң таниды енді.

Қол қусырып алдынан түре келіп,

«Тақсыр,» деп қарсы барып сәлем берді.

Құшақтап ол да жатыр байғұс шал-ай,

«Жүр,» деп ертіп жөнелді қосқа қарай.

Қозының әлі-күйін сұрайды енді,

—Жай-жапсарың, шырағым, күйің қалай?

—Біз сізден көріп едік мейірбандық,

Білесіз һәр ақылға сізден қандық.

Сізден себеп, Құдайдан болды мұрат,

Іздеген, қалағанның бәрін де алдық.

2380

2390


2400

308

309


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

—Түп-түгел мен де аманмын қуат-күшім,

Келемін әдейі іздеп мен сен үшін.

Талай жыл өтіп еді [содан бері],

шын екен сен туралы көрген түсім.

Айтысып һәр әңгіме оны-мұны,

Құдайға мұң айтысып шүкір қылды.

Сөйлесіп ақсақалмен әрбір шерін,

Ол түні қосқа Қозы қонақ болы.

шал айтты:—Бір сөзім бар тағы сенсең,

Ақсақал атам ғой деп сөзіме ерсең.

шешеңе Құрдымдағы тапсырар ем,

Қайтер еді Күләбіңді маған берсең?

Айтысалық аз ғана сыр боп кетсін,

Сөзімнің төркініне көзің жетсін.

Баяғы айтқан түсімді балаңменен,

Екеуің осы екі елді билемексің.

ұмытпасам есің, бар зиректі едің,

Көрген соң қамыңды мен жемеп пе едім?!

Бір жақсылық күнінде, балам, саған,

Іздеп кеп жолығармын демеп пе едім?!

Сенсің ғой шал атаңның сүйер досы,

Ер жігітке жараспас серттің босы.

Ендігіңді өзің біл не қылсаң да,

Менің сол сертім де осы, сөзім де осы.

—Ақасқал, аға, құлдық мұныңызға,

Айтпай көзім жетпейді шыныңызға.

Біздікінен сіз дағы дәм татып кет,

Балаңызды берермін қолыңызға.

Артында да балам бар, аяймын ба,

Балам түгіл, жанымды жолыңызға?!

Ертең бастап ауылға алып жүрді,

Сый-сипатын қылады неше түрлі.

2410


2420

2430


310

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Он-он бес күн қылады той, тамаша,

Көрінбей соның бәрі бір күн құрлы.

Жаһанда жан өтпеген бұлар сынды,

Ризалық екі достың көңілі толды.

Тал шыбықтай бұралып сұлу Баян,

Табанынан тік тұрып қызмет қылды.

Айтады ақсақал бай күнде кеңес,

Ол бармаған дүниеде жер бар демес.

Жасынан жер дүниені кезсе дағы,

Баяндай һеш ұрғашы көрген емес.

Көп қылып мырзалықпен о да шығым,

Бай кісі есепсіз-ақ малы мығым.

Батасымен Баянға қоса берді 

Һәр түрлі жан көрмеген базарлығын.

Қожаның өзі молда, сөзі тәтті,

Он-он бес күн ауылда бірге жатты.

Өзінің баласындай еркелетіп,

Оған да бала үйір болып қапты.

Қозы—Баян баламен кеңес құрды,

«шешеңе барасың» деп сөзді ұқтырды.

—Қош аман бол, атамнан қалмаймын,—деп,

Бала отырған жерінен ұшып тұрды.

Тоқтамады бір тиын бала шошып,

Атасына апарып берді қосып.

—Бір хабарын қайтарда беремін,—деп,

Уәде қылып жөнелді қол соғысып.

Қожаекең амандасып жүріп кетті,

Біледі жол төтесін сапарға епті.

Аз ба, көп пе, бірталай жолда жүріп,

Аулына Сарыбайдың барып жетті.

2440

2450


2460

310

311


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Қожаң да бір Құдайға көп сиынды,

Жеңіл қылды Құдайым һәр қиынды.

«Жүз түйелі бір керуен келіпті» деп,

Аулына Сарыбайдың жұрт жиылды.

—Айтайын мен бір хабар жұртқа пайда,

Айбас, Тайлақ, кез болдың осындайда.

Қозы Көрпеш ауылынан тура келдім,

Немересін әкелдім, ханым қайда?

Жүгірді жұрттың бәрі айғай салып,

«Сүйінші» деп ханымға жетіп барып.

Есіткенін ханымға айтқаннан соң,

Қуанғаннан бейшара қалды талып.

Талғанымен ісі жоқ қуанған жұрт,

Кілемменен көтеріп келді алып.

Қала ма тақсыр Қожаң сертке жетпей?

Алып шықты Күләпті жұртты еңіретпей.

Жұрт анталап қараса пішініне,

Әкесінің дәл өзі аумай-төкпей.

Екі қолын Тайлақ пен Айбас алды,

Немересін ханымға алып барды.

Байғұс кемпір мойнынан құшақтап ап,

Балапанды құстай-ақ бас-ақ салды.

Көрген соң немересін көңілі сенді,

Келіншек мүшесіне қайта келді.

Емшегін баласы иіскеп, сорып еді,

Жаңа бала тапқандай ииді енді.

Той қылды, ат шаптырып, жұрт жиылып,

Елден артық Қожаға құрмет қылып.

Екі күнде Қожаның бұлы бітті,

Көтере сатып алды жұрт ұмтылып.

Елдің бәрі тасаттық—мал қырыпты,

Сол елге бала Күләп хан тұрыпты.

2470


2480

2490


312

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Тәркенішті Күләпқа ата қылып,

Кенже қызы Көрімді айттырыпты.

Сырлас болмас сол Қожаң серті боспен,

Жолдас болды қайтарда Айбас доспен.

Алтын-күміс бар малын қылып алып,

Аягөзге жөнелді жеңіл қоспен.

—Барсаң шығар алдыңнан, Айбас, інің!

Сәлемімді түгел айт, жаным менің.

Төрт теңменен жібердім екі түйе,

Асыл-жабдық мұрасын әкесінің.

Асыл жабдық жіберді бар бұйымын,

Ер Айбасқа тапсырды сөз қиынын.

«Қарағыма—Баянжан сәлем де» деп,

Сарқыты мен жіберді кір киімін.

—Қос жалғызға сәлем де дуай-дуай,

Күләп келді, жүрмеспін енді жылай.

Көздің жасын көл-дария қылушы едім,

Тәубе қылдым Тәңіріме мұнан былай.

Жас жетті, дуасынан ұмытпасын,

Махшарда жолықтырсын Жаппар Құдай!

Демеймін енді олар да мұнда келсін,

Құдайым Күләбыма өмір берсін.

«Қосағымен екеуі қоса ағарсын»,—

Батам осы, Құдайым қабыл көрсін.

Сол күнде он үш жасқа Күләп келген,

Айттырып жас та болса қыз әперген.

Жол үстінде Қожадан шәкірт болып,

Неше түрлі тағылым өнер білген.

Жас та болсақ хан болдық елге шеге,

Қылмаспыз бір балалық ештемеге.

Қарын шашы Күләптың басында екен,

Соны алдырып жіберді—сәлемдеме.

2500

2510


2520

312

313


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Соны айтып, Қожаекеңе Күләп келді,

—Риза, қош болыңыз бізге,—деді.

Балаңызға бір бата қылыңыз,—деп,

Арғымақ ат, алтын тон, жамбы әпкелді.

—Жағың түспей жамандық көрме, балам,

Қисық төре кісіге берме, балам.

Екі дүние қызығын бірдей берсін,

Қолыңды алалдыққа серме, балам!

Амандасып Қожаекең жүрді өрге,

Қасында Айбас батыр кетті бірге.

Елінің игі жақсы азаматы,

шығарып салды оларды үш көш жерге.

Ай жүрді, жыл жүрді ме Құдай білер,

Есен-аман іздеген жетті-ау елге.

Алдынан Қозыкеге хабар кетті,

Баян менен екеуі жаяу кепті.

Айбаспен құшақтасып жыласқанда,

Қасында қарап тұрған жұртты еңіретті.

Қолына тиді түгел сәлемдеме,

Ауыз айтқан сәлемі және әңгіме.

Қайсыбірін айтайын, бәрі өзгеше,

Түгел айтсам, таусылып сөз бітер ме?

Айбас, Қожа сол елге тұрып қалды, 

Ай мен Таңсық екеуін екеуі алды.

Молдасы Қожа болды, биі—Айбас,

Салады жақсы жолға тамам жанды.

Қасиетті хан—анау, ханым—анау,

Айбас, Қожа бір түрлі біткен жан-ау!

Ақ көңіл, ер жүректі өңкей асыл,

Соларды біріктірген Аллатағала-ау!

Асса да бірі алпыстан, бірі елуден,

Кешікпей екі ұл туды екеуінен.

2530


2540

2550


2560

314

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қайраты да, нұры да қайтпаған жан,

Көрмейсің бе құрметтеп қыз беруден?

Ер Қозы елді жақсы жолға салған,

Емес-ті бұл сөзімнің бірі жалған.

Қанша қызық көрсе де, аты пенде,

Пенде ісінің аяғы болмай ма арман?

Жамандық-жақсылықты түгел көріп,

Жарықтық отыз бесте дүние салған.

Қолы жеткен хан еді өз шарқында,

Айыбы жоқ жан еді һеш халқында.

Он жетіде қосылған сұлу Баян,

Арғанат—жас ұлымен қалды артында.

Өткен соң дүниеден Қозыке хан,

Қойдай маңырап шулады тамам адам.

Ақ сүйегін ер Айбас өзі жуып,

Жаназасын батырдың Қожа оқыған.

Қалған жұрттың билігін Айбас алды,

Қызметіне елу мың жұрт қамалды.

Үш көш жерден тас тасып «тозбасын» деп,

Жүз ағашты үстіне күмбез салды.

Күні бүгін тозған жоқ сол күмбезі,

ұмытпастай артында белгі қалды.

Салуға алыс жерден ұста келді,

Тарқатпай Аягөзден қалың елді.

Бір жыл жасап күмбезін бітірген соң,

Құран оқи бейітке Баян енді.

«Арыстан жүрек, піл қуат,

Һәр дұшпаннан кек алған.

Денесі болат, миы алтын,

Талаппенен ел алған.

Көңілі сарай, көркі артық,

Нәсілі нұрдан жаралған.

Сымбатын, нұрын көрген жан

2570


2580

2590


314

315


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  ҚыЗ

Есі де кетіп қадалған.

Қылығын, ақылын білген жан

Елін де тастап қамалған.

Адам да таппас түйіндер

Алдынан оның таралған.

Жүрекке сүйеу, көзге нұр,

Жұрт саяңда дем алған.

Бейнеттен қорықпай, бел байлап,

Мейірі түсіп, мені алған.

Сондайын асық жарымды

Бауырына суық жер алған.

Арғанатым жас емес,

Ат жалын тартып міне алған.

Молдасы оның Қожекең

шариғаттан төр алған.

Ағасы—батыр ер Айбас,

Тұлпарды мініп ту алған.

Мазарың бітті, мінеки,

Атыңа лайық ел салған.

Қосағым сенен айрылып,

Арам ғой маған бұл жалған» ...

Соны айтып барып бейітті құшақтапты,

Сол жерде-ақ жаны асық жарын тапты.

Барып біреу сүйейін десе басын,

шын асық әлдеқашан өліп қапты.

Ойлашы, солар шыны дос емес пе,

Өзге доспын дегендер бос емес пе?!

Бірі үшін жаратып бірін Құдай,

Ақ асық Алла қосқан осы емес пе?!

Қозы менен Баянды көмген бірге,

Қайтіп ақыл жетеді мұндай түрге?!

Жарын көріп, жан беріп сап-сау Баян

Үлгі болған кейінгі білгендерге.

2600

2610


2626

Жаратқан жан біткенді бір Құдай-ды,

Жаратты құдіретіменен күн мен айды.

Бұрынғы ноғай-қазақ заманынан

Сөйлейік Қарабай мен Сарыбайды.

Жарасқан нар түйеге биік өркеш,

Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертеңді-кеш.

Сәтті күні екеуін Құдай қосқан,

Ғашық болды Баян мен Қозы Көрпеш.

Сөз қылдым Қарабай мен Сарыбайды,

Екеуі көп ноғайды асырайды.

Қолдарында сүйгендей баласы жоқ,

Перзент екеуі үшін зар жылайды.

Екі бай сәтсіз атқа мінбейді екен,

Жұмыссыз ел аралап жүрмейді екен.

Екеуінің дәулеті мол болған соң,

Бір-бірінің қасына келмейді екен.

Екі бай бейсенбі күн аңға шықты,

Жұртына аттанды деп даңқы шықты.

Туғалы бірін-бірі көрмеген бай,

Құлан аулап жүргенде жолығысыпты.

Жүргенде құлан атып жолығысыпты,

Бірін-бірі ғақылмен білісіпті.

Сәлем беріп, бір-біріне тұрғанында, 

Алдынан буаз марал аң қашыпты.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу

(Шөже нұсқасы)

10

20



316

317


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

—Кекілін Кер торы аттың сылатпан-ды,

Маралды атып баласын жылатпан-ды.

Үйдегі үй кісіміз күмәнді еді,

Сарыбай, сіз атпасаң, мен атпан-ды.

Сарыбай Қарабайға сөз айтқан-ды:

—Марал атып баласын жылатпан-ды.

Үйдегі үй кісіміз күмәнді еді,

Қарабай, сен атпасаң, мен атпан-ды.

Қарабайдың айтқан жауабы:

—Екеуміз жақсы жолдан адаспалық,

Далада марал үшін дауласпалық.

Сарыбай, сен ат сана, мылтығың бар,

Бір мүшесін берсең де таласпалық.

Екі бай аңға шыққан мерген еді,

Алдынан буаз марал кез келеді.

Баба Түкті шашты Әзіз марал екен,

Сол жерде айтқызбай-ақ жөнеледі.

Екі бай аңға шыққан мерген екен,

Алдынан буаз марал өрген екен.

Үйдегі үй кісіміз күмәнді еді,

Сарыбай: «қалай болар?» деген екен.

Екі бай аңға шыққан мерген

Алдынан буаз марал өрген екен.

«Екеуі де қыз болса, а Қарабай,—

Сарыбай,—қалай болар» деген екен.

Екі бай аңға шыққан мерген екен,

Алдынан буаз марал өрген екен.

«Екеуі де қыз болса, а Сарыбай,

Тақиясы бір болсын» деген екен.

Екі бай аңға, шыққан мерген екен,

Алдынан буаз марал өрген екен.

30

40



50

318

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Екеуі де ұл болса жарлықпенен,

Сарыбай: «қалай болар?» деген екен.

Сарыбай жақсы жауап берген екен,

Екеуі де түнде түс көрген екен.

«Екеуі де ұл болса, а, Сарыбай

Екеуі досты болсын» деген екен.

Екі бай аңға шыққан мерген екен,

Далада үш күндей [бір] жүрген екен.

Біреуі ұл, біреуі қызды тапса,

Сарыбай: «қалай болар?» деген екен.

Екі бай аңға шыққан мерген екен,

Алдынан буаз марал өрген екен.

«Біреуі ұл, біреуі қызды тапса,

Құдай қосса, мен қостым» деген екен.

Екі бай аңға шыққан мерген екен,

Алдынан буаз марал өрген екен,

—Екеуіміз Құда болсақ, қарғыбау,—деп,

Айбас құлды қарғыбауға берген екен.

Екі бай аңға шығып келген екен,

Бір-бірінің тіліне көнген екен.

—Екеуміз құда болсақ, қалыңмал,—деп,

Қырық қара нар, жүз жылқы берген екен.

Жүргенде аңға шығып күн жауыпты,

Сарыбай қалжың сөзбен жол тауыпты.

Қарабайдың қатыны Мамабике

Байы түзде жүргенде ұл тауыпты.

Екі бай аңға шығып жүрген екен,

«Сүйінші» деп бір адам келген екен.

«Қатыным ұл тапты» деп қуаныш қылып,

Жүз жылқы сүйіншіге берген екен.

60

70

80



318

319


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Аңға шығып жүргенде күн жауыпты,

Қарабай қалжың сөзбен жол тауыпты.

[Сарыбайдың қатыны Қаракөз-ді,

*

Байы түзде жүргенде қыз тауыпты].



Екі байға бір адам келген екен,

Далада есітіп қуаныш көрген екен.

«Қатыным қыз тапты» деп қайғы қылып,

Тайлы бие сүйінші берген екен.

Қалың малын қалдырмай берген екен,

Далада есітіп қуаныш көрген екен.

«Қатыным ұл тапты» деп атқа шауып,

Қарабай үйіне жетпей өлген екен.

Қолында бәйбішенің алтын жүзік,

Жас бала жетім қалды күдер үзіп.

«Жалғызымның қуанышын көрейін» деп,

Жығылды жеткен жерде мойыны үзіліп.

Той қылып екі қатын көп мал сойды,

Тойында жұрт жиылып етке тойды.

Баба Түкті шашты Әзіз ақтап келіп,

Қозыке мен Баянның атын қойды.

Екі бай бір маралды тосып кетті,

Алдынан буаз марал шошып кетті.

Ер Қозыке құрсақта, Баян Сұлу—

Іште жатқан екеуін қосып кетті.

Борайды оңды-терісті көп жауған қар,

Сол күнде Сарыбайдың пейілі тар.

Қарабаймен құда болған заманында

Бар екен еншілесі—құл Әліжаппар.

Екі бай бір маралды тосып кетті,

Іште жатқан екеуін қосып кетті.

  Түпнұсқада  ұмыт  қалған  екі  жыр  тармағы  М.Жүсіп  нұсқасы  бойынша 



беріліп отыр

90

100



110

320

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп,

Сарыбай қатынына «көшсін!» депті.

Сарыбай менсінбейді жетім ұлды,

Азғырып кеудесіне шайтан кірді.

«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп,

Сарыбай Аягөзге көшпек болды.

Сол күні түн қараңғы, болды жауын,

Құбыладан соғады қара дауыл.

«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп,

Аягөзден бөлінді тоғыз ауыл.



Сарыбай көшпек болғанда қатыны [Қаракөздің] айтқаны:

—Біледі Әліжаппар малдың жайын,

Жалғызға душар қылды бір Құдайым.

Жастай қалған баланы зар жылатып,

Қайда көшіп барасың, қубас байым.

Сарыбайдың қатынына айтқаны:

—Қой қатын, көп сөйлеме, көңілім қалар,

Мұнда тұрсам ішімде қайғы толар.

Көп сөйлеме, Қаракөз, үйіңді жық,

Алдыңда ноғайлының көп жұрты бар.

Мұнда тұрсаң әркімге табынарсың,

Көшіп барсаң бұл жерді жаңыларсың.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет