Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Аякөзде ноғайдың көп жұрты бар,

Тұл қатын, жетім ұлды неғыласың?!

[Қаракөздің Сарыбайға айтқаны]:

—Көшкенмен мұндай жерге қонбассың-ау,

Мұндағыдай қадірлі болмассың-ау.

Жастай қалған баланы зар жылатып,

Барсаң да әр кез екеш оңбассың-ау.

120


130

140


320

321


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қаракөз Сарыбайдан түңіледі,

Қайғыменен дәм татпай бүгіледі.

«Қой қатын, көп сөйлеме, үйіңді арт!» 

Сарыбай Қаракөзге жүгіреді.

Сарыбай ақылы жоқ, жарымес-ті,

Бұрын неге қыз беріп «Құдай» десті.

«Жетім ұлға қызымды бермеймін» деп,

Өлеңтінің аяғын өрлей көшті.

Мамабике қайғымен зар жылады,

Құдасына «көшпе» деп жалынады.

Өлеңтінің бойынан өткен күні,

Сарыбайдың сабасы жарылады.

Сабасы Сарыбайдың қорлы болған,

Арықтап қырық қара нар жолда қалған.

Сарыбайдың сабасы жарылған жер

«Ақкөл» менен «Жайылма» сонан қалған.

Баянның талдай бойы жылдам өсті,

Қозыкеден айрылып көкей кесті.

Құдай қосқан құдасын тастап кеткен

Көрмессің Сарыбайдай жарыместі.

Көшкеннен соң Әліжаппар қуанады,

Бай Сарыбай қолына ту алады.

Айшылықты алты басқан қара бедеу,

Әліжаппар құл мініп жер қарайды.

Әліжаппар қара бедеуі атқа мінді,

Жылдық жерге бір сәтте жетіп келді.

Әліжаппардан Сарыбай сөз сұрады:

—Бір қонғандай от-суың бар ма?—дейді.

—Сареке, сондай тәуір үйің бар-ды,

Айдаған сан жетпеген қойың бар-ды.

Мал бермей, жолда отырма, үйіңді жық,

Алдыңда Аягөздің бойы бар-ды.

21-0137


150

160


170

322

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Мал салар жағасына көл бар ма екен,

Ерге қоныс болғандай жер бар ма екен?

Отын-суын көрдің бе Аягөздің,

Бізге бас-көз болғандай ел бар ма екен?

—Бірталай Аягөздің саласы бар,

Ноғайдың тастан соққан панасы бар.

Бағатұғын малы жоқ ноғайлының,

Толып жатқан бірталай қаласы бар.

Бастайды Әліжаппар көрген жерге,

Аягөздің арасы жылдық жерге.

Жазы-қысы он екі ай жайлап, қыстап,

Сарыбай көшіп келді Аягөзге.

Сарыбай Аягөзге көшіп келді,

Ноғайдың сиыр баққан құлы көрді.

«Дәулеті бар бір шалқар бай көшіп келді»,

Сұлтанғазы мырзаға хабар берді.

Қаракөз ауыл қонып, үйін тікті,

Баян жас серігімен жиды жүкті.

Ноғайдың Сұлтанғазы—бас мырзасы

Сарыбайды шақырды ерулікке.

«Ерулікке келсін» деп кісі салды,

Баянды келген кісі көріп қалды.

«Туған айдай балқыған қызы бар» деп,

Жұртына ноғайлының айтып [барды].

Баянның сұлулығын ноғай білді,

—Қыз келсе, көреміз,—деп қарап тұрды.

—Тойға келсе, Баянды көреміз,—деп,

Төрт жүз жігіт алдынан қоршап тұрды.

Әліжаппар, Сарыбай атқа мінді,

Айбас байғұс мал бағып үйде қалды.

—Біз де барып ноғайды көрелік,—деп,

Қаракөз бен Баян Сұлу бірге жүрді.

180

190


200

322

323


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Сарыбай жұртыменен тойға келді,

Ноғайлар «бай келді» деп сыйлап тұрды.

Сыйы екен ноғайлардың сонан қалған,

Алдынан самауырмен шай келтірді.

Шайды көріп Қаракөздің айтқаны:

—Ауылға ноғай келсе барушы едік,

Қазина малға сатып алушы едік.

Жапырақты шай қылып іше алмаймыз,

Қантыңды көз ауруға салушы едік.

Бәйбіше Аякөзді жерсінбеді,

Молдығын [Сарыарқаның] көрсін деді.

Қырда жүріп үйренген ол Қаракөз

Қант-шайды алдындағы менсінбеді.

—Қой қатын, олай десең, көңілім қалар,

Ноғайлар оны естісе ашуланар.

Қызды осы елге берелік, байғұс қатын,

Ноғайдың толып жатқан мырзасы бар.

Қаракөз бұл сөзді естіп талып түсті,

Қайғымен наза болып күйіп-пісті.

—Малы жоқ ноғайлының беретұғын,

Неге дәрі қылайын өңшең масты.

Баян жас құйған шайды алып ішті,

Қаракөз ұмытпайды өткен істі.

Жалғызы шақшақ байдың Қодар мырза,

Баянға төрде отырған көзі түсті.

Төрде отырған Баянды Қодар білді,

шымылдықтан көре алмай жылап тұрды.

Баянға жалғыз ауыз тілдескелі

Қодар мырза қайтқанда еріп жүрді.

Баян көркі таудағы мұнар болды,

Көруге Қодар байғұс құмар болды.

210


220

230


324

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Баянға жалғыз ауыз тілдескелі,

Қайтқанда Қодар мырза жолдас болды.

Тыста отыр Қодар мырза, Баян үйде,

Оң жақта құрулы тұр алтын күйме.

Үйден шығып күймеге қыз барғанда,

Соңынан Қодар қалмай шықты бірге.



[Қодардың айтқаны]:

—Ақ тұзын әулиенің кен алармын,

Мұндағы ноғайлармен тең болармын.

Менсініп сөйлеспейсің, сұлу Баян,

Берсем де әке-шешем сені алармын!

[Баянның айтқаны]:

—Қолымда жетелеген нарым бар-ды,

Ноғайлыға тимеймін, арым бар-ды.

Қодеке, мазамды алмай жайыңа жүр,

Алтын айдар, шоқ белбеу жарым барды.

Баянға Қодардың берген жауабы:

 

Баян, сен білмеймісін ноғайымды,



Көрген соң ақ жүзіңді көңілім толды.

Қалай-қалай сөйлейсің, бақты қара

Менен артық байыңның аты кім-ді?!

Баянның берген жауабы:

—Сұрасаң, менің жарым—Қозы Көрпеш,

Мен Сарыбайдың қызы едім Баян еркеш.

Баба Түкті шашты Әзіз хабар берген,

Күнде тілек тілеймін ертеңді-кеш.

Баянның сұлулығын ноғай білді,

Көрген соң «аламын» деп ғашық болды.

Сұлулығы Баянның жұртқа жетіп,

Тоқсан мырза жиылып кеңес қылды.

240


250

260


324

325


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қодар келіп жұртына хабар берді,

Тоқсан мырза қыз үшін жалға жүрді.

Сарыбайға жағымды боламыз деп,

Қодар басы—тоқсан құл малға келді.

Айбастың бір Құдайға ісі жақты,

Қодар құл ала айғырды іздеп тапты.

Сарыбайға жағымды боламыз деп,

Тоқсан мырза құл болып жылқы бақты.

Айбас құл ерте тұрып бетін жуды,

Қодар құл ала айғырмен жылқы қуды.

Құдайдың құдіретімен буаз болып,

Қанатты қара бедеуден құлын туды.

Тоқсан мырза Баянға таласады,

«Аламыз» деп сыртынан жанасады.

Құлынның «Бақа айғыр» деп атын қойды,

Үш күннен соң биеден бойы асады.

 

Айбас құл Баянменен болды жуық,



Жеріпті Сарыбайдан көңілі суып.

«Құдай қосқан Қозыкеге барамын» деп,

[Бақа айғырды жаратты] тілін буып.

Баян мен Қозыкені Құдай қосты,

Ортада Айбас келіп жақындасты.

«Құдай қосқан жарыңа барамын» деп,

Айбас келіп Баянмен ақылдасты.

Айбас құл «қашамын» деп ойына алды,

Азыққа бір құнан қой сойып алды.

«Құдай қосқан жарыңа барамын» деп,

Баянның домбырасын қолына алды.

Айбас құл «қашамын» деп ойына алды,

Баянмен ақылдасып жүрмек болды.

«Құдай қосқан жарыңа барамын» деп,

Баянның шаш моншағын қолына алды.

270


280

290


326

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айбас құл «қашамын» деп ойына алды,

Баянмен сөйлесіп көңілі толды.

«Құдай қосқан жарыңа барамын» деп,

Баянның қарқарасын қолына алды.

Айбас құл «қашамын» деп ойына алды,

Баянмен сөйлесіп көңілі тынды.

«Құдай қосқан жарыңа барамын» деп,

Алтын сандық, ақ жамшы қолына алды.

Сәлемдеме бес бұйым қолына алды,

Бұйымдарын бір жерге жиып салды.

Жылқыдағы Бақа айғырды іздеп барып,

Түніменен таба алмай әлек болды.

Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүрді,

Тоқсан құлдың біреуі оны көрді.

«Айбас құл Бақа айғырды іздеп жүр» деп,

Көрген құлы Қодарға хабар берді.

—Қодеке, сізден дұшпан асқалы жүр,

Ізіңді қара дауыл басқалы жүр.

Нағып шыдап жатырсың, Қодареке,

Айбас құл Бақа айғырмен қашқалы жүр.



Мұны естіп Қодардың берген жауабы:

—Қалаға бұл апарып сататұғын,

Айбасым маған сырын айтатұғын.

Айбас құл мені тастап қайда кетсін,

Жылқының ортасында жататұғын.

Құлының берген жауабы:

—Қодеке, қыздан мейіз алмаймысың,

Ғашық болған Баянға бармаймысың.

Айбас құл Бақа айғырмен қашқалы жүр,

Көріп келдім, тіліме нанбаймысың?

300


310

320


326

327


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Қодар қостан ақырып тұра келді,

Қатты дауысы Айбасқа естіледі.

Айбас қайтып жылқыдан қосқа келіп,

—Дауысың неге шықты, Қодар?—деді.

Қодардың берген жауабы:

—Айбас құл, жүрмек болсаң мен нетейін,

Қамшыменен бір салып еңіретейін.

Мені тастап тазшаға жүрмек болсаң,

Амандасып, қолымнан жөнелтейін.

Айбастың жауабы:

—Қолыңа өзім жазып хат берейін,

Сізден басқа кісіні жат көрейін.

Қодеке, құлға сенбей жайыңа жат,

Ертең сәске болғанда ат берейін.

Қодар бұл сөзге сеніп жатып қалды,

Айбас қайтып жылқыға жаяу барды.

Қызыл іңір болғаннан жылқы аралап,

Таң атқанда айғырды тауып алды.

Айбас құл Бақа айғырға мініп алды,

Бес бұйымды қолына жиып алды.

Аякөздің бойынан шыққан күні

Итішпестің бойында ұйықтап қалды.

Ертең сәске болғанда жылқы келді,

Жылқы баққан тоқсан құл қосқа келді.

—Түндегі мал күзеткен Айбасың жоқ,

Енді қайдан табамыз, Қодар?—деді.

Қодардың құлға берген жауабы:

—Сендерге Айбас сырын айтқан шығар,

Таң атқан соң ауылға қайтқан шығар.

Түніменен күзетте жүрген байғұс

Бір шұңқырды қорғалап жатқан шығар.

330


340

328

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



Қодарға құлдың айтқан жауабы:

—Тоқсан кісі жер жүзін іздеп жүрдік,

Тобылғылы шұбардың ізін көрдік.

Өзен, су, томар, көлден түк қоймадық,

Таппай келіп өзіңе хабар бердік.

Қодар бұ сөзді естіп тұра келді,

Ала айғырын жылқыдан ұстап мінді.

«Не де болса тілдесіп қаламын» деп,

Сегіз құл он алты атпен қуып жүрді.

Қодар мен Әліжаппар төрт ат алды, 

Алты құл он екі атпен жолдас болды.

Итішпестің бойында жатқан жерде

Сегіз құл он алты атпен қуып барды.

Айбасты көріп Қодардың айтқаны:

—Айбас құл, жүрмек болып көрдің бе түс,

Алғыс алсаң, көрерсің Қағба-рәйіс.

Күймеде Баян сұлу жылап жатыр, 

Қайда қашып барасың, Айбас байғұс?!

Айбастың жауабы:

—Қодеке, шын тіліңе нанамын мен,

Мейіз берсең аузыма саламын мен.

Маған неге жыласын сұлу Баян,

Құдай қосқан жарына барамын мен.

—Айбас құл, жылдам үйге қайтшы,—деді, 

Сөзіңді майда қылып айтшы,—деді. 

Айбастың айтқан сөзін есіттің бе,

Әліжаппар, садақпен тартшы,—деді.

Айбас құл Бақа айғырмен тілдес болды,

Құдай сақтап екеуі үндес болды.

350


360

370


328

329


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Әліжаппар атқанда көкке шықты,

Қодардың атқан оғы жерге кірді.

Қодардың берген жауабы:

—Аттың басын бер қарай қарат,—дейді,

Бұрынғы қашпақ, қумақ санат,—дейді.

Баянға тілдес болып көңілі өскен,

Айбас құл, оғың болса, сен ат,—дейді.

Айбас құл оқ атуға ыңғайланды,

Қырық кез оқтың біреуін қолына алды.

Сегіз құлдың он алты атын атып,

Итішпестің бойында жаяу қалды.

Айдалада сегіз құл жаяу қалды,

Айбас байғұс құтылып демін алды.

Далада сегіз құлдың алтауы өліп,

Қодар мен Әліжаппар үйге барды.

Айбасқа ерлік, мақтау жарасыпты,

Тоқсан құл бір Баянға таласыпты.

Туғалы жер білмеген Айбас байғұс,

Жүретұғын жерінен адасыпты.

Айбас құл адасқанын білмей қалды,

Ғаріп жанын қыз үшін отқа салды.

Итішпестің жонынан шыққан күні,

Екі қалың ағашқа душар болды.

Айбас байғұс сол жерде жатып қалды,

Бақа айғырды суытып, демін алды.

Домбырасы, моншағы түсіп қалып,

«Домбыралы—Моншақты» содан қалды.

Айбас құл адасқанын білмей қалды,

Ғаріп жанын қыз үшін отқа салды.

Баянның алтын сандық түсіп қалып,

«Алтын сандық», «Ақшатау» сонан қалды.

380


390

400


330

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айбас құл адасқанын білмей қалды,

Ғаріп жанын қыз үшін отқа салды.

Тоқырауын—Бақа айғыр тоқтаған жер,

Жамшыда ақ жамшысы түсіп қалды.

Айбас құл адасқанын білмей қалды,

Ғаріп жанын қыз үшін отқа салды.

Баянның қарқарасы түсіп қалып,

«Қарқаралы», «Қазылық» сонан қалды.

Айбас құл адасқанын білмей қалды,

Ғаріп жанын қыз үшін отқа салды.

Баян туған жерінде демін алып,

«Баянауыл» деген сонан қалды.

Айбас құл адасқанын енді білді,

Есіл—Нұра бойына қайтып келді.

Есіл—Нұра бойына жеткен жерде

Бақа айғырдың белі ісіп жатып қалды.

Ай қараңғы, күн бұлт, дауыл болды,

Бақа айғырдың белі ісіп, жауыр болды.

Үш күн жатып, айғырын жазып алды,

«Жауыр бұғы» дегені сонан қалды.

Айбас құл онан шығып төмен барды,

Ер Қозыке бір қатар өлең бар-ды.

шу, Таластың бойына жеткен жерде

Көп қой жайған қойшыға жетіп барды.

Айбас байғұс қойшыға жетіп келді:

—Қай ауылдың қойы?—деп сұрап білді.

—шын танымай тұрмысың, Айбасеке,

Баққаным Қарабайдың қойы,—дейді.

Екеуі ата-тегін теріседі,

Торсықтағы малтаны бөліседі.

Қойды баққан Қондыбай—кенже інісі,

Танысып, зар жыласып көріседі.

410

420


430

330

331


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Айбас құл Бақа айғырмен желіп келді,

Үйге таман аяңдап жүріп келді.

Бақа айғырды белдеуге байлап тастап,

Қарабайдың үйіне кіріп келді.

Мамабике қайғымен тарылады,

Айбас құл түздегі асқа жарымады.

Қайғымен қартайған Мамабике

Өзі берген Айбасты танымады.

Мамабике «кімсің?» деп Айбастан сұрағаны:

—Бұл жерден отыра алман тұрсам,—дейді,

Орнымнан жаман болар, тұрсам,—дейді.

Атың жарау, жүдеген жас баласыз,

Елі-жөніңді айта көр, кімсің?—дейді.

Айбастың Мамабикеге берген жауабы:

—Үйіңе мұнан бұрын келіп пе едім,

Жас күніңде жүзімді көріп пе едің?

Екі бай аңда жүріп құда болған,

Қарғыбауға Айбасты беріп пе едің?

Мамабикенің айтқаны:

—Үйіме Айбас келді күліп-ойнап,

Жылқыда шырағым жүр бие байлап.

Жолаушы болып бармасаң, танып қояр,

Тазшаменен жүр еді асық ойнап.

Айбас құл Бақа айғырға мінді дейді,

Ойнап жүрген баланы көргелі келді дейді.

Тазшаменен жүр екен асық ойнап,

Айбас байғұс көргелі келді дейді.

Қозыке ойнар алтын-ды сақа салып,

Тазшаның бар асығын ұтып алып.

Ер Қозыке таныды Айбас құлды,

Асық ойнап жүргенде қарай салып.

440


450

460


332

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Ойнап жүрген Тазшамен керіседі,

ұтып алған асығын бөліседі.

Ойнап жүрген асығын жерге тастап,

Түрегеліп Айбасқа көріседі.



Қозыкенің Айбасқа жауабы:

Жақсының жүрген жері той-мереке,

Бұл елге қашан келдің өзің жеке.

Құдай қосқан жарымнан хабар бар ма,

Қайдан жүрсің, жол болсын, Айбасеке?!

Айбас оған келгенін білдірмеді,

Сәлем беріп көрісіп, үндемеді.

«Білдірсем, жұртқа өсекті боламын» деп,

Үндемей атқа мініп жөнеледі.

Қозыке айтпаған соң ашуланды,

Үш түйе сексеуілді жиып алды.

Бәрін жиып, бір жерге көмір салып,

ұсталарды жидырып алып келді.

ұсталар сол темірден садақ қылды.

Қозыке садақ атып талап қылды.

Өрмек тоқып отырған бір кемпірдің

Атып, үйін көшіріп мазақ қылды.

Әлқисса, өрмек тоқыған кемпірдің [Қозыкеге] айтқаны:

—Ақ тұзын әулиенің кен атады,

 Ғақылы жоқ жас бала мені атады.

Тіп-тік тұрған үйімді көшіргенше,

Жарыңды іздеп алсайшы,—деп айтады.

[Қозыкенің жауабы]:

—Ақылы жоқ бұ кемпір нені айтады,

Бар сөзін өзі білмей кем айтады.

Үйіңді қайтып орнына қондырайын,

Әлгің не, шешеке?—деп айтады.

470


480

490


332

333


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

[Кемпірдің жауабы]:

—Бір тудың Қарабай мен Сарыбайдан,

Сіздерді тілеп қосты бір Құдайдан.

Оған неге бармайсың, ер Қозыке,

Құдай қосқан жарың бар сұлу Баян?

Қозыке бұл сөзді есітіп түңіледі,

Қайғымен дәмін татпай бүгіледі.

Ойнап жүрген асығын жерге тастап,

Садағымен үйіне жүгіреді.

Қозыке жылап үйіне қайтты дейді,

Жардың дерті жанына батты дейді.

«Қай мерзімде Баянды көремін» деп,

Үш күн жылап дәм татпай жатты дейді.

Арада үш күн-түн өтті дейді,

Жардың дерті түбіне жетті дейді.

—Қарным ашып барады, жан шешеке,

Қазаныңды аса көр,—депті дейді.

Арада үш күн-түн өтті дейді,

шешесіне бір қайғы бітті дейді.

—Қазанымды асайын, шырағым-ай,

Жантақ теріп келе ғой,—депті дейді.

Ер Қозыке жантаққа кетті дейді,

Жантақ алып үйіне жетті дейді.

Жантақ теріп келеді жалғыз бала,

—шешеке, бидай қуыр,—депті дейді.

шешесі жалғызының тілін алды,

Қазанға бір аяқ бидай салды.

Жалғыз ұлы қасында қарап отыр,

Қазандағы бидайы пісіп қалды.

Бидай пісер мезгілі жетті дейді,

Қозыкенің көңілі бітті дейді.

500


510

520


334

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Бидай пісіп келеді, шырағым-ау,

Аяқ ұста, салайын,—депті дейді.



[Қозыкенің айтқаны]:

—Сізден басқа кісіні танымаймын,

Өзімде бар ешкімге жалынбаймын.

шешеке, маған берсең, қолыма сал,

Аяқтағы бидайға жарымаймын.

шешесі жалғыз ұлын күтті дейді,

ыстық бидай қолына тұтты дейді.

шешесінің қолына басып алып,

—шешеке, тура сөйле,—депті дейді.

ыстық бидай қолынан өтті дейді,

шешесінің түбіне жетті дейді.

—Атаңның атастырған дәнеме жоқ,

Антұрғанның кім айтты?—депті дейді.

—Өрмек құрған бір кемпір неме айтады,

Түйе баққан бір таз шал және айтады.

Асығын ойнап, ойнап ұтып алсам,

ыза болып тазша құл тағы айтады.

[Шешесінің жауабы]:

—ыстық бидай қолымнан өтті дейді,

Жүрегіме бір қайғы бітті дейді.

Қолым күйіп барады, шырағым-ай,

Қалыңдығың бар еді,—депті дейді.

Өкініп ойламайды өткен істі,

Жалғызынан айрылған қайғы күшті.

Бидайды аяқ ішіне салған екен,

Алақанның сіңірі жерге түсті.

530


540

334

335


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

[Шешесінің ғарыз айтқаны]:

—Аларсың хордың қызын барсаң, балам,

ұйықтасам, түсімде жоқ мұндай заман.

Көз алдымда сен мені тастап кетсең,

Айрылдым жалғызымнан не дүр шарам?

[Қозыкенің жауабы]:

—Есен болсам келейін әлі де, ана,

Алдыңа қойып кеттім малыңды, ана.

Атам қосқан Баянға барамын деп,

Мен ортаға саламын жанымды, ана.

[Шешесінің берген жауабы]:

—Сұм шешең сен кеткен соң не болады,

Жалғызынан айрылған қор болады!

шешеңді зар жылатып тастап кетсең,

Сұмырай шешең біреуге күң болады.

[Қозыкенің жауабы]:

—шешеке, мен тіріде болмассың күң,

Жалғыз балаң бар еді, қайынында жүр.

Барған кісі [қайынынан] келмей ме екен,

Жалғызың бір күн келер, ойна да күл.

[Әлқисса, шешесінің айтқаны]: 

—Жалғызым, мен білмеймін келеріңді,

Ойлаймын барғаннан соң өлеріңді.

Тәңіріден тілеп алған шырағым-ай,

Арыздасып үзейін күдерімді.

ұша алмас балапан құс бөрі алдында,

Жүзің ыстық көремін көп алдында.

Сен кеткен соң тоқсан құл күң қылады,

Қор қылмай көміп кетші көз алдыңда.

550


560

570


336

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР



[Қозыкенің жауабы]:

—Ақсақалдар бата оқыр туған айға,

Кіреді иманды құл кең сарайға.

Мен түгіл әкем өліп өлгенің жоқ,

Өзің үшін жыларсың бір Құдайға.

Қыстауы Қозыкенің шатқара-ды,

Сан жетпеген жылқыдан ат қарады.

Жүгенін сылдыратып тұрған жерде

Алдынан арда күрең жалт қарады.

Баян сұлу, Қозыке өлең болды,

Құдай берген жақсыға өнер болды.

Құдайдан сол мезгілде пәрмен болып,

Ер-тоқымды салған соң дөнен болды.

шешесіне бір қайғы бітті дейді,

Қайғыменен өмірім өтті дейді.

—Сан жетпеген жылқың бар, шырағым-ай,

Оны кімге тапсырдың?—депті дейді.

Парақор би жұрт болса тұра берер,

Елді бұзған жаманды Құдай ұрар.

—Мен кеткен соң бір Құдай сақтамай ма,

Жылқы баққан Жидебай бағып тұрар.

Көңілі Қозыкеңнің бітті дейді,

шешесінің түбіне жетті дейді.

—Қора толған қойың бар, шырағым-ай,

Оны кімге тапсырдың?—депті дейді.

шешесіне көп қайғы бітті дейді,

Біткен дәулет түбіне жетті дейді.

—Қора толған қойың жазған, шеше,

Аш бөріге жолықсын,—депті дейді.

шешесінің түбіне жетті дейді,

Өзіне үлкен дәулет бітті дейді.

580


590

600


336

337


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

—Желі толған түйең бар, шырағым-ай,

Оны кімге тапсырдың?—депті дейді.

Жүрмек болып көңілі бітті дейді,

Малға айналып өмірім өтті дейді.

—Желі толған түйеңді, жан шешеке,

Алакүлік әкетсін,—депті дейді.

Қозыкенің көңілі бітті дейді,

Жүрмек болып сертіне жетті дейді.

—Жасыңда ақ сүт берген, ай, шырағым,

Мені кімге тапсырып кеттің?—дейді.

Азғана ел қысым көрсе, ұлық жақтар,

Байы өлсе, қара салып қатыны жоқтар,

—Мен түгіл, әкем өліп өлгенің жоқ,

 Қайғырма менің үшін, Құдай сақтар.

шешесі «кетпесін» деп Құдайға ат атайды,

Хат білмеген көңілін жат айтады.

Жалғызының кетерін білгеннен соң,

Белін бекем буынып қатайтады.

[Кемпірдің жауабы]:

—Ауылын Сарыбайдың көргенім жоқ,

Жалғызым, кетеріңді білгенім жоқ.

Жалғызым, сен кеткенмен өлер ме едім,

Сен түгіл, әкең де өліп өлгенім жоқ.

[Қозыкенің жауабы]:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет