Мрнти 14. 01 Doi 10. 48371/peds



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата12.05.2022
өлшемі0,55 Mb.
#34101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
150-Текст статьи-566-1-10-20211229

 

Нәтижелер 

Ұсынылатын  менеджер-мұғалімнің  басқарушылық  іс-әрекеті  моделі  - 

бұл  білім  алушылардың  жалпы  білім  беру  дағдыларына  негізделген  ашық, 

күрделі, мақсатты, динамикалық жүйе: 

-  білім  алушылар  бұрыннан  білетін,  игерген  және  әлі  белгісіз  нәрсені 

байланыстыру негізінде оқу міндеттерін қою; 

- жоспарлау - түпкілікті нәтижені ескере отырып, аралық мақсаттардың 

реттілігін анықтау; іс-қимылдардың жоспары мен реттілігін құрастыру; 

-  болжау  -  нәтижені  және  білімді  игеру  деңгейін,  оның  уақытша 

сипаттамаларын болжамдау; 

-  нақты  өлшемнен  ауытқуларды  және  айырмашылықтарды  анықтау 

мақсатында  әрекет  ету  тәсілі  мен  оның  нәтижесін  берілген  өлшеммен 

салыстыру түрінде бақылау; 

- түзету – бұл нақты іс-әрекет пен оның нәтижесі арасында сәйкессіздік 

болған  жағдайда,  осы  нәтижені  білім  алушының,  мұғалімнің,  серіктестердің  

өздері бағалауын ескере отырып, іс-қимыл жоспарына және тәсіліне қажетті 

толықтырулар мен түзетулер енгізу; 

- бағалау – білім алушылардың білгендерін және тағы не білу керектігін 

ажырата    және  түсінуі,  білімнің  игерілу  сапасы  мен  деңгейін  жете  ұғынуы, 

жұмыс нәтижелерін бағалауы 

-  өзін-өзі  реттеу  -  күштер  мен  энергияны  жұмылдыру,  ерікті  күш  салу 

және кедергілерді жеңу қабілеті ретінде; 

Менеджер-мұғалімнің  басқарушылық  іс-әрекетінің  моделі  кәсіби  іс-

әрекеттің  өзара  байланысты  деңгейлері  түрінде  қарастырылады  және  осы 

деңгейлерге  кіретін  мынадай  құзыреттілік  блоктар  ажыратып  көрсетіледі: 

стратегиялық 

басқару, 

тактикалық 

басқару, 

сыртқы 


және 

ішкі 


коммуникацияларды  білдіретін  ақпараттық  ағындарды  басқару,  өзін-өзі 

басқару (өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту), ұжымдарды басқару. 




Модельдің  әр  элементі  өзара  тәуелді  және  басқа  элементтермен 

көлденең  және  тік  байланыста.  Менеджер-мұғалімнің  басқарушылық  іс-

әрекеті  моделінің  негізіне  алынған  базалық  деңгей  оны  идеологиялық, 

ғылыми,  әдіснамалық және  мотивациялық қамтамасыз  ету  болып  табылады. 

Базалық  деңгейдің  құрамдас  бөліктері  қайталанбайды,  олар  өзара  күрделі 

диалектикалық қатынаста және ауқымды міндеттермен біріктірілген.  

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті ашық жүйе болып табылады және сыртқы 

әлемге  тәуелді,  ол  қоршаған  орта  факторларының  әсерінен  негізделеді  және 

жүзеге  асырылады:  саяси,  экономикалық,  экологиялық,  әлеуметтік, 

технологиялық және т. б. 

Мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетінің  құрылымы  біздің  жұмысымыздың 

екінші  абзацында  анықталған  және  үш  аспектіден  тұрады:  басқару, 

психологиялық  және  педагогикалық.  Әрбір  аспектіде  жалпы  және  арнайы 

дағдыларды  (жобаларды  басқару,  білімді  басқару,  қауіпсіздікті  басқару, 

дарынды оқушылардың дамуын басқару, «тәуекел тобындағы» оқушылардың 

дамуын басқару және т.б.) бөліп көрсетуге болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет