УДК 378.016
МРНТИ 14.01
DOI 10.48371/PEDS.2021.63.4.018
МҰҒАЛІМНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қалиева К.
1
, п.ғ.к., профессор
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ,
Алматы, Қазақстан
, е-mail: kalieva.k.m@mail.ru
Ғабиден Р.
2
, магистрант Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ,
Алматы, Қазақстан, е-mail: rozagabiden8@gmail.com
Аңдатпа. Мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіби этнопедагогикалық даярлау
тенденциялары
мен
ерекшеліктеріне
талдау
жасалады;
болашақ
мұғалімді
этнопедагогикалық даярлау сапасына қойылатын заманауи талаптар ашып көрсетіледі;
мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне, педагогикалық құзіреттілік құрылымына талдау
жасалып, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін басқарушылық
құзыреттіліктер анықталады.
Болашақ мұғалімнің басқарушылық құзіреттілігін қалыптастырудың тиімділігі
жөнінде тұжырым жасалады: яғни оның тиімділігі бір жағынан, оқу пәндерінің мазмұнын
педагогикалық менеджмент мәселелерімен толықтыру, сондай-ақ басқару іс-әрекетінің
теориясы және тәжірибесімен кеңейту; екінші жағынан, болашақ мұғалімдерді тәжірибелік-
бағдарлы іс-әрекетке мақсатты түрде тартумен анықталады.
Авторлар көрсетуінде, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзіреттілігін
қалыптастыру жоғары оқу орындарындағы маманды кәсіби этнопедагогикалық даярлаудың
құрамдас бөлігі болып табылады.
Тірек сөздер:
болашақ мұғалімнің кәсіби этнопедагогикалық даярлығы, басқару,
педагогикалық құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, басқарушылық іс-әрекет, кәсіби
іс-әрекет, педагогикалық менеджмент, мұғалім-менеджер.
Кіріспе
Білім беру жүйесінің сұраныстары, қоғамдық даму логикасы,
педагогиканың қазіргі заманғы жағдайы педагогтың кәсіби шеберлігі мен іс-
әрекетінің нәтижелілігін қайта зерделеу қажеттілігін тудырды. Бұл білім беру
жүйесінің үлгілерін қайта қарастыру, кәсіби құзыреттілік мәселелерін зерттеу,
педагог іс-әрекетіне қатысты негізгі талаптарды өзгерту міндеттерін алға
тартады.
Педагогикалық іс-әрекет зерттеу пәні ретінде үнемі қарастырылып
келеді. Алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан білім беру жүйелері осы үдеріске
қатысушыларға емес, педагогикалық үдеріске бағытталды. Қазіргі уақытта
мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті жетілдіруді
және жаңартуды қажет етеді.
Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді
жаңғырту мәселелері Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында көтеріліп, мұғалімнің мансаптық өсуінің жаңа жүйесін
(педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-
мастер) енгізуге баса назар аударылған болатын[1].
Демек, педагогикалық іс-әрекет жаңа әлеуметтік-экономикалық
жағдайлардағы бүкіл тұлғалық-бағдарлылық міндеттер кешенін шешуге;
субъект-объект қатынастарын субъект-субъектіге ауыстыра алуға, түлектерді
еңбек нарығында бәсекеге дайын болуға бағытталуы тиіс.