Мрнти 14. 01 Doi 10. 48371/peds



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата12.05.2022
өлшемі0,55 Mb.
#34101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
150-Текст статьи-566-1-10-20211229

 

Қорытынды 

Менеджер  мұғалімнің  басқарушылық  құзыреттілігін  қалыптастыру 

мәселесінің  өзектілігі  сыртқы  ортада  болып  жатқан  елеулі  өзгерістерге 

байланысты  және  ол  өз  кезегінде  мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекетіне  қойылатын 

талаптардың өзгеруіне сөзсіз ықпал етуде.  

Соңғы онжылдықтар ғылыми-техникалық, демократиялық, ақпараттық 

және  тағы  да  басқа  әртүрлі  түбегейлі  жаңарулар  белгісімен  өтіп  жатқаны 

белгілі. Бұл жаңарулар жағдайында сандық көрсеткіштермен қатар, кәсіби іс-

әрекет пен ойлау тәсілдеріндегі, сондай-ақ оның әлеуметтік ұйымдастырылу 

формаларындағы  терең,  құрылымдық  өзгерістермен  байланысты  қарқынды 

өлшемдердің бар екенін атап өткен жөн. 

Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазіргі  заманғы  мұғалім  өзінің  ойлауы  мен  іс-

әрекетті  ұйымдастыру  тәсілдерінің  арқасында  әртүрлі  кәсіби  ортада  жұмыс 

істеуге еркін дайын болуы керек. Кәсіби іс-әрекетті атқару кезінде оның білім 

беру  кеңістігінің  белгілі  бір  ұйымдық  құрылымындағы  орны  соншалықты 

маңызды емес.  

Менеджер-мұғалім  ұйымдық  құрылымдарға  еркін  кіре  алады  және 

қандай  да  бір  күрделі  мәселені  шешу  үшін  олардан  шығып,  білім  беру 

кеңістігінің субъектілері мен барлық қатысушыларын ұйымдастырудың соған 

ұқсас  формаларын  құра  алады.  Демек,  ол  қарапайым  мұғалім  ғана  емес, 

сонымен қатар әр түрлі субъектілердің, әлеуметтік топтардың сан алуан және 

өте 


қарама-қайшылықты 

мүдделерін 

ескере 

алатын, 


бірлескен, 

шығармашылық  іс-әрекетті  ұйымдастыруға  этикалық  және  моральдық 

жауапкершілікпен  қарайтын,  күтілетін  нәтижені  білім  беру  кеңістігінің 

тікелей қатысушыларымен бірлесіп жобалай білетін субъектілердің дамуына 

жағдай жасай алатын транскәсіпқой.  



Жалпы  алғанда,  мұғалім-менеджер  -  бұл  білім  беру  саласындағы 

білімдерді  біріктіре  алатын,  әмбебап  оқу  әрекеттерін  қалыптастыру  үдерісін 

басқара білетін, мета-пәндік білімдер нәтижесін алуға қабілетті педагог. 

Қазіргі  жағдайда  мұғалім-менеджерге  әлеуметтік  бірлестіктің  тиімді 

формаларын  жүзеге  асыруға,  білім  беру  кеңістігіндегі  кешенді  мәселелерді 

нәтижелі  шешуді  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  басқарушылық 

құзыреттіліктер қажет. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет