Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel


Веб- беттерді редактілеу және сақтау



бет40/43
Дата26.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#40239
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
00015f93-92fffb7e

Веб- беттерді редактілеу және сақтау
Microsoft Word бағдарламасында құрылған Веб- беттерді HTM немесе HTML форматында сақтау қажет. Microsoft Office құралдарымен құрылған HTML- файлдарын осы дестенің бағдарламаларының көмегімен оңай редактілеуге болады. Файлдарды редактілеу үшін Internet Explorer терезесінде Microsoft Office Word бағдарламасында Бет- Басқару командасын (Page-Edit With Microsoft Office Word) орындаса жеткілікті (8.14. Сурет).
 
8.14. Сурет. Internet Explorer терезесінде Microsoft Office Word бағдарламасында Бет- Басқару командасын орындау
Осы кезде файл құрылған Microsoft Office қолданбасы жүктеледі. Егер осы команданы орындау кезінде, файл Word бағдарламасында емес Блакнот бағдарламасында ашылса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.  Браузер терезесін ашыңыз;
2.  Сервис- Шолушы қасиеті командасын орындаңыз (Tools-Internet Options);
3.  Бағдарламалар қосымшасына өтіңіз (Programs) және HTML редакторы тізімінен веб- беттерді редактілеу үшін қажетті бағдарламаны таңдаңыз (HTML Editor) (8.15. Сурет)

8.15. Сурет. Бағдаламалар қосымшасы, Internet Explorer бағдарламасының Шолушы қасиеті терезесі
8.3. Болг жазбаларын құру
Word бағдарламасының жаңа нұсқасында хабарламаларды блогта жариялауға арналған арнайы құрал- саймандар бар. Күнделікті өзінің интернет- күнделіктерін жүргізетін адамдар, енді Word терезесінен тікелей хабарламалар жаза алады. Word бағдарламасынан шықпай ақ, пішімдеудің барлық құралдарын қолданып, мәтінді блогқа орналастыруға болады.
Жаңа құжатта блог жазбаларын құру
Егер сіз блогта хабарлама жазғыңыз келсе, келесі әрекеттерді орындаңыз:
 Office батырмасын басыңыз және Меню құру командасын таңдаңыз;
 Құжат құру терезесінде Блогтың жаңа жазбасы пунктін таңдаңыз (8.16. Сурет) және Құру батырмасын басыңыз;

8.16. Сурет. Блогтың жаңа жазбасын құру
 Блогтың есепке алу жазбасын тіркеу терезесі пайда болады. Word терезесінен тікелей хабарламаларды жариялау үшін, өз деректеріңізді енгізу қажет- сіздің блогыңыз орналасқан сервисті көрсету керек, сонымен қатар жеке мәліметтеріңізді- қолданушының атын және паролін енгізіңіз. Мұны қазір жасауға болады немесе хабарлама жөнелтуге дайын болғаннан кейін жасасаңыз болады. Деректерді қазір енгізу үшін Тіркеп қою батырмасын басыңыз (8.17. Сурет);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет