Ms excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік. Бағдарламаны іске қосу, мәзірмен жұмыс ms excel


Сурет. Гиперсілтеменің контексті менюі



бет39/43
Дата26.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#40239
түріҚұрамы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
00015f93-92fffb7e

8.9. Сурет. Гиперсілтеменің контексті менюі
8.2. Веб- беттермен жұмыс
8.1. Жаттығу. Word құжаты негізінде веб- беттерді құру
Word құжаты негізінде веб- беттерді құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.  Веб- бет сияқты сақтағыңыз келетін құжатты ашыңыз;
2.  Office батырмасын басыңыз, одан кейін Қалай сақтау батырмасын басыңыз;
3.  Құжатты сақтау терезесінде Веб- беттің файлының типін таңдаңыз
Назар аударыңыз. Құжатты веб- беттер форматында сақтамас бұрын, міндетті түрде Түр менюі көмегімен Веб- құжатты көру режиміне өтіңіз. Осы режимде пішімдеу параметрлері дұрыс көрініп тұрма қараңыз.
Көлденең сызықтардың көмегімен веб- беттерді безендіру
Көлденең сызықтар веб- беттерді бірнеше бөлікке бөлу құралы болып табылады. Оны құжатқа қосу үшін, лентада Басты қосымшадағыАбзац тобында Төменгі шекара батырмасын басыңыз және менюден Көлденең сызықтар командасын таңдаңыз.

8.10. Сурет. Менюден Көлденең сызықтар командасын таңдау
Құжатыңызда сызық пайда болғаннан кейін, сіз оны ерекшелеп көшіре аласыз және оның өлшемін, бейнелену тәсілін, күйін және түсін өзгерте аласыз. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасымен шақырылатын, контексті менюден Көлденең сызықтың пішімі жолын таңдаңыз.

8.11. Сурет. Көлденең сызықтың пішімі терезесі
Егер сіз көлденең сызықтың басқа түрін таңдағыңыз келсе, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.  Басты қосымшадағы Абзац тобында Төменгі шекара батырмасын басыңыз, менюден Шекаралар және құю командасын таңдаңыз;
2.  Шекаралар және құю диалогтық терезесінде Көлденең сызықтар батырмасын басыңыз (8.12. Сурет);

8.12. Сурет. Шекаралар және құю диалогтық терезесі
3.  Шекаралар және құю диалогтық терезесінде сызықты таңдаңыз (8.13. Сурет);

8.13. Сурет. Көлденең сызықтар диалогтық терезесі
4.  Ерекшеленген сызықты қою үшін, Ок батырмасын басыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет