8.17. Сурет. Блогтың есепке алу жазбасын тіркеу терезесі Блогтың есепке алу жазбасын құру терезесіндгі тізімнен сіздің блогыңыз орналасқан Сервис блогын таңдаңыз (8.18. Сурет). Егер тізімде сіз қолданатын сервис жоқ болса, онда Басқа нұсқасын таңдаңыз. Ары қарай батырмасын басыңыз;
8.18. Сурет. Блогтар сервисін таңдау Қолданушының аты мен паролін енгізіңіз (8.19. Сурет). Егер Паролді сақтау жалаушасын орнатсаңыз, онда әр хабарламаны жариялау кезінде жеке мәліметіңіз сұралмайды. Ал егер жалаушаны орнатпасаңыз, онда әр хабарламаны жіберу кезінде мәліметтерді қолымен енгізу қажет болады. Егер сіз ортақ компьютермен жұмыс жасайтын болсаңыз және блогта сіздің атыңыздан хабарлама қалмауы үшін осы функцияны қолданған ыңғайлы;
8.19. Сурет. Жеке мәліметтерді енгізу
8.20. Жеке мәліметтерді және сервис атауын енгізу Назар аударыңыз. Сіз Word бағдарламасының көмегімен блогтың есепке алу жазбасын тіркей алмайсыз, тек бар жазбаны ған пайдалана аласыз. Жаңа есепке алу жазбасын тіркеу үшін, өзіңіз таңдаған сервистің сайтына кіріңіз, мысалы, Blogger (http://www.blogger.com) және Create your blog now батырмасын басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқаулықты орныдаңыз. Есепке алу жазбасы құрылғаннан кейін, сіз оны Word бағдарламасына қоса аласыз.
ОК батырмасын басыңыз, осыдан кейін Word бағдарламасы сервиспен байланыс жасайды. Егер барлық мәліметтер дұрыс болса, сіз есепке алу жазбасын тіркеу сәтті аяқталғаны жайлы хабарлама аласыз (8.21. Сурет). Хабарламаны құрастыруды бастау үшін ОК батырмасын басыңыз;
8.21. Блогтың есепке алу жазбасын тіркеу сәтті аяқталғаны жайлы хабарлама Word бағдарламасының интерфейсі өзгергенін көресіз. Лентада бар болғаны екі қосымша ғана қалады. Блог жарияланымдарын құру кезінде қажет болатын құрал- саймандар осы қосымшаларға орналастырылған (8.22. Сурет). Блог жазбалары қосымшасында хабарламаны жариялауды редактілеуге, пішімдеуге және оларды басқаруға арналған құралдар бар. Ал Кірістіру қосымшасында блогқа қосымша деректерді енгізуге арналған батырмалар бар: диаграммаларды, расторлық кескіндерді және векторлық суреттерді, WordArt объектілерін, гиперсілтемелерді, кестелерді, SmartArt объектілерін. Мәтінді енгізуге арналған терезе көлденен сызықтармен бөлініп тұратын екі аймаққа бөлінген. Сызықтың үстіндегі аймаққа жазбаның атауын енгізу қажет. Ол үшін курсорды жай орнатыңызда мәтінді енгізіңіз. Одан кейін жазбаның өзін құруды бастауға болады (8.23. Сурет)