192
51-сурет
дзета-потенциалға теңделуі
денсациялау үшін жұмсалады. По-тенциал анықтаушы иондар Гуи-Чэпмен теориясындағыдай, жылу әсерінен ерітіндіге диффузия арқы-лы таралады. Қос электр қабатының бұл бөлігіндегі потенциал бірте-бірте кемиді және оны кейде Гуи қабаты деп те атайды (51-сурет).
Суретте көрсетілгендей потенциалдың кемуі (фо) диффузиялық бөліктегі потенциал кемуі (фб) мен жазық конденсатор астарларының арасындағы потенциал айырымының (ф0 — фб) қосындысынан тұрады. Жылжымалы АВ шегінің тұрақты орны белгісіз. Демек, Гельм-гольц және Гуи қабаттарындағы шекте пайда болатын потенциалдың шартты емес.
Системаға электролитті енгізу (қосу) салдарынан диффузиялық қабаттағы кері иондардың көпшілігі сығыла келіп, адсорбциялық қабатқа ауысады. Осы кездегі кос электр қабаты Штерн теориясына орай Гельмгольц теориясында қарастырылатын қабатқа жақындай түседі, ал дзета-потенциал бірте-бірте азайып, нөлге жақындайды. Әрине, электролит концентрациясын кеміткен сайын жоғарыда келтірілген құбылыстар кері бағытта болады.
Штерн теориясына сүйеніп есептелген қос электр қабатында-
ғы сыйымдылық мәні, тәжірибе кезінде алынған мәліметке жақын-
дайды. Сондай-ақ ол электр кинетикалық потенциал белгісінің
системаға дисперсті фазадағы зарядқа кері болатын заряды бар
көп валентті иондарды қосқандағы оқ зарядтан теріске, не кері-
сінше өзгеру себептерін түсіндіреді. Мұндай көп валентті иондар,
өздерінің полюстенуіне байланысты болатын күшті адсорбциялық
/қабілеті мен электр статистикалық әрекеттесу күштерінің көмегі
арқылы адсорбциялық қабатқа тартылады. Осы тұстағы адсорб-
цияланған иондардың көптігі сонша, олар беткі қабаттағы заряд-
гарды нейтралдап қана қоймай, ондағы бөлшектерді кері заряд-
тайды. Ондағы кос электр кабатының потенциал өзгерісінің сипаты
мүлдем өзгереді, мысалы 51-суретте көрсетілген ф0 және £-потен-
щалдар және басқалар өздерінің бұрынғы белгісін керіге ауысты-
рады. Мұндайда £-потенциал өзгеріссіз қалады, өйткені қатты
фазаның кристалды торын басқа тектегі иондар өзгертіп, оны то-
лықтыра алмайды. Осылайша әр түрлі мәндегі потенциалдар пай-
а болады және системадағы электролит концентрациясының онан
өсуі диффузиялық қабаттың сығылып (тығыздалып), потен-
иалдың кемуіне саяды. Мысалы, теріс потенциалы бар бөлшек-
ерді қайта зарядтау үшін алюминий және торий сияқты көп ва-
Іентті иондар жиі қолданылады. Егер бір валентті иондардың
асорбциялық потенциалы күшті болса, онда олардың қайта за-
193
рядтауға кабілеті болады. Оларға көптеген алколоидтардың ионі дары, мысалы, стрихинин және хинин, негіздік бояулар, тағы бас| қалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |