Мұсылмандық шығыстағы саяси ойлар: Орындаған:Қонысбеков Еркебұлан



бет4/5
Дата04.04.2023
өлшемі27,13 Kb.
#78938
1   2   3   4   5

Низами Гəнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами (17.8.1141, Гəнжа қ. – 1209, сонда) – Əзірбайжан ақыны. Негізгі шығармалары парсы тілінде жазылған. “Гəнжауи” – оның лақап аты. Əкесі Иранда, кейін Гəнжа шаһарында тұрған, ұлын түркі халқының дəстүрінде тəрбиелеген. Низами 11 – 12 ғасырлардағы Тұран, Иран, Кавказ билеушілерінің тақ таласын батыл сынап, ел тұрмысын жырлады. Оның басты шығармасы – “Хамса” (“Бес кітап”), оған “Құпиялар қазынасы” (1173 – 80), “Хұсрау – Шырын” (1181), “Лəйлі – Мəжнүн” (1188), “Жеті сұлу” (1197) жəне “Ескендірнама” (1203) атты бес дастаны кірген. Лирик. өлеңдер жинағының жеке бөлімдері, 6 қасида, 116 ғазел, 2 қыта, 30 рубаи, тағы басқа туындылары сақталған. Низами дастандары композициялық құрылымы, сюжет тартымдылығы, тіл көркемдігі жəне биік адамгершілік идеясымен ерекшеленді

ӘЛІШЕР НАУАИ

Əкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тəрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі жəне парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пəлсапа, математика пəндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Саккаки, Лутфи, Жəми шығармашылығымен танысты.Ол өнер жұмыспен айналысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Лəйлі мен Мəжнүн», «Жеті əлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мəуераннаһр мен Хорасанды ғана емес, Иран, Əзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.

• Əлішер Науаи, Əлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Əкесі өлгеннен кейін 12 жасар Əлішер Науаиды Əбілқасым Бабыр өз тəрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі жəне парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жəми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның əмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уəзір болып тағайындалды. Əлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет