Жоспар: 1. Е.С.Левицкая мектептерінің жаңалықтары.
2. Мектептегі білім беру-тәрбиелеу жүйесінің сипаттамасы.
Е.С.Левицкая мектебінде адамгершілік тәрбиенің мақсаты
1. Е.С.Левицкая мектептерінің жаңалықтары. IX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстьң ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нөтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады. Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекелеген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісі талқандалғаннан кейін азат ету және кез-келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше қалаларда (Харьков, Казань және т.б) университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орыңдарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз буржуазиялық революциясынын ағартушылық идеялары ерекше өсер еткен еді.
1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. "Халық ағарту ісінің ережелері" жарияланды. Бұл ережелердің негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу округіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды. "Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері" негізінде 1804 жылы "Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы" жарияланды, бұл құжат "1804 жылғы мектеп жарғысы" деп аталды. Осы жарғы бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:
Приход училищелері жарғысы бойынша қалалар мен селоларда ашылды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылық беру. Бұл училищелерде оқу мерзімі біржылдық.
Оқу жоспарына "құдай заңы" және "дәстүрді үйрету", оқу, жазу, арифметиканың алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік, табиғат шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер беру енді.
Приход училищелерін халықтың өзінің қаражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет ешқандай қаражат қарастырмады.
Уездік училищелерді губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашу жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына "өндірістің жағдайына" сөйкес қажетті білім беру болды.
Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу "жоспарына", "құдай заңы", "Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы" кітапты оқу, "Ресей грамматикасы", жалпы жене орыс жағырапиясы, жалпы жене орыс тарихы, арифметика, геометрия, физика, тарих пен технология (жергілікті жердің технологиясы, өндірісі) енді. Уездік училищелер гимназияларға бағынды.
Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пендер енгізілді: шет тідцері (латын, француз жөне неміс), жағырапия және тарих, жалпы жене Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы (метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы, эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология және сурет салу. Гимназия университеттерге бағынды.
Гимназияның оқу жоспарына "құдай заңы" енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс халқына деген менсшбеушілікгің бюрократияға тән болғандығынан деп түсіндіруге болады. Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды, университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады. Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдікгер бере отырып, патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университетгерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер, журналдар, оқу жөне ғылыми әдебиетті басып шығаруға ұрықсат етілді. Профессорларға, студентгерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды.
Бірақ университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық түрлеріне чиновникгерді даярлау болып табылды. Барлық сословиелер үшін бірдейлігі жарияланғанмен, шын мөнівде білім берудің сословиелік жүйесі құрылды. Бұл жүйеге буржуазиялық мектепке ұқсас кейбір белгілер тән болды: мектеп бағдарламаларының сабақтастьвгы, барлық сатыларында оқытудьщ тегіндігі, ерікті сословиеге жататын балалар үшін мекгептердің формалдық түрде бірдейлігі.