Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайда болып жеке адамды әр түрлі іс -әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. «Егер балалар алдында қуанышты, қызықты істер болмаса, онда олар өмір сүре алмайды. К.И.Май адам өмірін шын ынталандыруды ертеңгі қуаныш» - деді.
Жақын перспективаға жарыс, саяхат жексенбілік серуен, цирк, музей және көрмеге бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар т.б. жатады.
Орта перспектива – бұл перспективаға балалар лагеріне бару, жыл сайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімді орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек маман-дықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық перспектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалар-мен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерен және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. К.И. Май сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді. Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б.
Дәстүр – бұл тарихи қалыптасқан, бір буыннан екінші буынға беріліп отыратын қоғамдық өмідегі, ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар мен принциптер.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу – ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш – болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А.С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің педагогикалық маңызды ерекшеліктерінің бірі – баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады деп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу оқушының іс -әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттардың, істерді түсінуіміз керек.
Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:
- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;
- нақты істер міндеттерінің мақсаттарының қоғамдық пайдалы құндылығы және олардың біздің халқымыздың бүкіл күресімен байланысы, болашақ үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;
- оқушыларда нақты моральдық сапалары тәрбиелеудің педагогикалық мақсатқа сәйкестігі.
Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс - әрекет құру, осы іс -әрекет барысында балаларға (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың бастауыш ұжымдар деп атайды.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта айтқанда ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.
Мектеп жасындағы балалар проблемасы психологтардың назарынан тыс қалуға тиісті емес. Себебі бұл жас кезеңі адамның онтогенетикалық дамуывда маңызды орын алады және осы кезенде пайда болатын психологиялық жаңа құрылымдар мектеп жасының ерекшрліктерін айқындап тұрады. Осы жаңа құрылымдар баланың әрмен қарай дамуының негізі болып қалыптасады. Психологияда жеке тұлғаның қалыптасу механизмдерін жетік түсінуге мүмкіндік беретін категориялар жете зерттеліп ойластырылған. Оларға мына ұғымдар жатады: дамудың әлеуметтік жағдайы, жетекші іс-әрекет, әр жас шаманың жаңа құрылымдары.
Жаңа зертгеулердің қажеттілігі біріншіден, соңғы жылдары балалық шақ мәдениетінде болып жатқан өзгерістерден, екіншіден, отбасы және мектеп жағдайында балалардың дамуын анықтайтын ұлттық мәдени ерекшеліктерін зерттеудің жоқ болуынан туындап отыр. Этникалық мәдениеттің адам дамуына әсер етуі әлемдік психологияда дау-талассыз дәлелденген шындық, ал біздің елде көптеген жылдар бойы халықтар психологиясындағы ұлттық ерекшеліктерді мойындаушыларға нәсілшілдік ясөне ұлтшылдық көзқарастағылар деген айып тағылып келді- Дегенмен, қазіргі кезеңдегі психологияның мәліметгеріне сүйенсек, психологиялық сферада белгілі бір этномәдени ерекшеліктердің орын алатынын байқаймыз, ал бұл ерекшеліктерді мойындауды нәсілшілдік немесе ұлтшылдық сияқты теріс ұғымда қарастыруға мүлдем болмайды. Кез келген этникалық орта өз мүшелерінің санасында, психикасында тарихи жинақталған қоғамдық тұрмыс формаларын, адамгершілік ережелерін бекітеді, яғни ұлттық ерекшеліктер күнделікті тұрмыстық мәдениетте, әдет-ғұрыптарда, мінез-құлық ережесінде байқалады. Біздің республикамызда балалық шақтағы ұлтгық ерекшеліктерді эксперименталды түрде зертгеу жеткіліксіз. Тұрғындар арасында ислам діні кең тараған аймақтарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, діни наным-сенімдер тарихи қалыптасқан эдет-ғұрыптар, салт-жоралар мен мейрамдар арқьшы тек діншіл адамдарға ғана емес, дінге сенбейтіндердщ де сана-сезіміне, мінез-құлқына өте күшті әсер етеді.
Әр халықтың өзіне тән ұлтгық ерекшеліктері бар. Ол әр ұлт өкілдерінің санасында материалдық және рухани өмірінің ерекше қалыптасқан жағдайларымен, тарихи даму жолының өзгешелігімен, географиялық және климаттық ерекшеліктерімен, адамдардың мінез-құлық, сезім, темперамент, қажеттілік, талғам сияқты басқа да психологиялық құбылыстардың көмегімен әдет-ғұрыптар, дәстүрлер арқылы мәдени өмірінен орын алып ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ұлтгақ психологияның шын мәнісіндегі феномен ретінде ұлттық элементгерден тұратын өзіндік ерекше құрылымы бар. Бұлардың қатарына ұлттық мінез, сезімдер, салт-дәстүрлер жатады және бұлар жеке тұлғаға үлкен әсерін тигізеді. Мәселен, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау ұлттық тағамдарды даярлау, құрметгі қонағын ұлттық тағаммен сыйлау арқылы көрініс табады. Ол ұлттық мақтаныш сезімді көрсетеді.
Ұлтгық психологиялық элементтердің үшінші тобына ұлттық наным-сенім жатады. Ол отбасындағы тәрбие процесінің түрлі арналары арқылы жариялылық көрініс тауып, бала психологиясына жастайынан әсер етуші құралға айналады. Мәселен, отбасы үлкендерінің діни наным-сенімдерін күнделікті өмірде көріп өскен бала еріксіз соған еліктейтін, үлкендер не істесе соны істейтін болады,
Отбасы тәрбиесінің жеке тұлғаның қалыптасуында маңызы зор. Отбасы тәрбиесі жеке тұлганың рухани өміріне, сана-сезіміне ұлттық психологиялық белгілерді ендірудің жолдары мен тәсілдерінің бірі болып есептелслі. Ұлттық салт-дәстүрлердің деңгейін, олардың сан жағынаи әр ұлттағы аз немесе көптігінен емес, жеке тұлғаны қалыптастыру процесіндегі атқаратын қызметімен, келер ұрпаққа тигізер әсерімен айқындауға болады.
Ұлттық психологияның жеке тұлғаға әсер етуінің түрлі формалары бар және әр түрлі арналар арқылы енеді. Мұндай арналарға жататындар тек қана отбасы емес, сонымен қатар ұлттың тарихи-мәдени тәжірибесін жүзеге асыратын мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер жатады. Және де бұл арналар жске тұлғаның тұлғалық бейнесін қалыптастырып тәрбиелеу фуңкциясын атқарып, ұлттық мінез-құлық пен ұлттық ерекшслік белгілерін жекс тұлғаның бойына тәлім-тәрбие арқылы біртіндеп сіңіріп жүзеге асырып отырады.
Ұлттық мінез-құлықтағы этникалық белгілер дегеніміз қоршаған әлеуметтік-экономикалық, табиғи және мәдени-идеологиялық ортамен ұзақ қарым-қатынаста болудың нәтижесінде адамдар психологиясында қалыптасатын тұрақты өзіне тән белгілер мен қасиеттердің жиынтығы. Басқаша сөзбен айтқанда ұлттық мінез-құлық белгілері дегеніміз — этникалық бірлік ерекіпеліктсрінің оган қатысты адамдардың психологиясында бейнеленуінің ерекше түрі.
Әлемдік мәдениетті қалыптастыру өзара байланысты екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі: 1) оқушьшардың ұлттық сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілінің орталығы негізінде дамыту; 2) дүние-жүзілік мәдениет жетістіктерін, жалпыадамдық қасиеттер жүйесін меңгерту. Бұл міндетті шешу үшін: біріншіден, өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлсрін үйренуі, оқушылардың ұлттық мәдениет шеңберіндс бір мақсат-тағы бағьпта, интеллектуалды, эмоционалды дамуы; екіншіден, оқушылардың әлем халықтары мәдениетіиің әр-алуан екендігін және олардың даму барысында бір-біріне әсер ететіндігін терең түсіне білуін қалыптастыру қажет.
Қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттары оны этномәдени компоненттермен толықтыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық сана-сезімді дамьггуға бағьггталған өзгерістерге берілген талдауларға сүйенсек, қазіргі кезеңде мектептер көп қиыншылық-тарға кездесіп отырғаны байқалады. Берілетін ұсыныстар көбіне идеалды концепция түрінде болып келеді; мектептерде болып жатқан өзгерістерге байланысты әртүрлі пәндерге қосымша аспектілерді ұсыну енгізеді, бірақ мұндай үзік-үзік, әрі кездейсоқ түзетулер, проблемалар эволюциясын толығымен түсінуге кедергі жасайды. Оның үстіне, мұндай қосымша аспектілер үстеме жұмыс ретінде қабылданып, педагогтар арасында реніш туғызады.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады, Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе — адам дамуының психикалық және функционалдық зандылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психология-лық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым — ұлтгық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы —ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу-тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс-тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Қазақ мәдениеті жас ұрпақты тәрбиелеп дамытудың өте маңызды, бай қайнар бұлағы. Оның ғасырлар бойғы тарихы, адам өмірінде болатын маңызды оқиғаларды, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін айқындайтын ұлтгық салт-дәстүрлері, оның ғылымы, шығармашылығы мен өнері, ғажайып бай тілі даналық, адамгершілік, парасатгылық сияқты қасиеттерге толы, ал ол қасиетгер өнегелі, творчестволық жағынан дамыған жеке тұлғаны Қалыптастыруға үлкен себін тигізеді. Бұған әрине, тәрбие жұмысы отбасывда да, мектепте де дұрыс және толық іске асырылғанда ғана жетуге болады. Бұл жерде балалардың этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыты тәрбиелеудің айтарлықтай икемді және белсенді әдіс тәсілдері үлкен роль атқарады.
Жеке тұлғаның белгілі бір мәдени ортада болуы оны тұлғалық және танымдық дамуына ерекше өсерін тигізед Осыған байланысты, жеке тұлғаның белгілі бі мәдениетгің субъектісі ретінде даңуына себепші болатыі екі түрлі факторлар бар. Оның біріншісі — сол халықтың мәдени ерекшеліктері болса, екіншісі — сол ерекшеліктерді түсініп меңгеруге себепші болатын баланың ойла қабілетін, танымдық процестерін, темпераментін, мінез құлқын саналы түрде танып ажырата білу.
Қазақтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін адалдық, ақниет-тілік, жаужүректілік, шыдамдылық қарапайымдылық, жомарттық, қонақжайлық сияқты т.б тарихи қалыптасқан қасиеттерді жатқызуға болады. Бұл қасиеттердің барлығы жеке тұлғалық белгілер болып саналады. Оларға тағы төмеңдегідей психологиялық мінездемелер жатады: экстерналдылық (сыртқы қадағалау локусы), қарым-қатынасты қажет ету, танымдылық мұқтаждылық, білуге құмарлық, құндылықты бағалау бағдары. Бұл мінездемелер жеке этнос (орыс, қазақ өкілдеріне тән тұлғаның өзіндік даралану ерекшеліктер эксперименталды зерттеу барысында анықталды.
Мұндай этнопсихологиялық ерекшеліктерді байқау экспериментін қазақ мектептерінде ғана емес, сонымек қатар аралас тілді немесе орыс тілді мектептердің оқу-тәрбие процесіңде де жүргізуді ескеру қажет. Себебі тек көпұлтты мектептерде әр ұлт өкілдерінің балалары оқитынын, олармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысынын мазмұндық және формалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді.
Біздің жүргізген зертгеулеріміздің нәтижесінде қазақ этносы өкілдерінің танымдық дамуында айтарлықтай этникалық ерекшеліктер анықталды. Оларда жинақтауға, нақтылай логикалық ойлауға, тұтас бейнелі түрде қабылдауға, жоғарғы деңгейдегі елестетуге бейімділік сияқты танымдық қасиеттердің тән екендігі байқалды. Байқау нәтижесі көрсеткендей, бастауыш мектептегі жасөспірімдердің жас шамасына қарай оқу-тәрбие жұмысы барысында сөйлеу, ойлау, қабылдау, ес, елестету т.б. процестер кезінде этникалық ерекшеліктерді ескеріп отыру қажет. Бұл жерде қазақ этносы өкілдерінің танымдық қабілеттерін дамытудың ерекше белгілері абсолютті түрде алуға болмайды. Себебі біздің республика тұрғындарының қазіргі замандағы даму жағдайында ұлтгық мәдениет өкілдерінің арасындағы (өсіресе қазақтар мен орыстар) көптеген айырмашьшықтар ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келе жатқандықтан, жойылып немесе бірігіп кеткен. Сондықтан да жергілікті тұрғындар — қазақтардың өздеріне тән темперамент типтері, мінез-құлық ерекшеліктері этнопсихологиялық ерекшеліктерін жоғалтьш, орыс тілді тұрғандардың психологиясымен ұқсастық тапқан. Екіншіден, қазақтардың кең-байтақ Қазақстанның әр түрлі аймақтарында тұратындығынан олардың өзара айырмашылықтарының да бар екені байқалады. Мәселен АТ.Малаеваның (1996) зерттеулері көрсеткендей, Қазақстан Республикасының үш үлкен аймақ өкілдерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Олай болса, жеке тұлға ерекшеліктері ұлттық қана емес, сонымен қатар аймақтық белгілермен де айқындалады. Сонымен, этнопсихологиялық ерекшеліктерді зерттеу психологиядағы мәдениаралық зертгеулерге талдау жасауды қажет етеді.
Мәдениаралық (немесе кроссмәдениеттік) зерттеулер психологияда айрықша орын апады. Біркелкі емес мәдени, әсіресе этномәдени ортада түрлі психологиялық көрсеткіштерді салыстыру идеясы бұрыннан да көптеген зерттеушілерді қызықтырған. Психология ғылымында мәдениаралық зерттеулердің ролі мен маңызын бағалауда да әр түрлі көзқарастар бар. Қазіргі кезеңде біраз шетел авторлары бұл бағытта психологияны дамытуды маңызды “парадигмаларының” бірі деп есептейді (Іараiа С., Тгіапdіs Н.S.). Себебі психикалық қасиеттердің өзгергіштігін немесе өзгермейтіндігін, мәдениетке тәуедді немесе тәуелсіздігін, бұл өзгергіштіктің диапазоны мен шекарасын анықтайтын тек мәдениаралық зерттеулер екендігінде күмән жоқ. Сонымен қатар, мәдениаралық зертгеулерге сенімсіздікпен қарайтын, оппозициялық, скептикалық көзқарастар да бар. Мұндай теріс пікірлердің тууына В.С.Агеевтің тұжырымдауы бойынша, аралас мәдени ортада интеллектуалды тестерді қолдана отырып, бір мәдениеттің басқалардан интеллектуалды басымдылығын басты көрсеткіш ретінде ұсынған алғашқы жүргізген салыстырмалы-мәдени зерттеулердің қорытынды көрсеткіштері себеп болып отыр.
Бұрынғы одақтың кезінде психология шлымьшда 20-жылдардан бастап бұл проблема әлденеше рет талқыланды және әрдайым шетел зерттеушілерінің кертартпа реакцияшыл қорытындьшарына қарсы шығып отырды. Дегенмен, мәдени ерекшеліктер мен психикалы құбылыстарды байланыстыра қарастырған нақтылы зерттеулердің өте аз екенін мойындауға тура келеді.
Мәдениет пен психиканың арақатынасын айқында проблемасы теориялық жағынан да, практикалық жағынан да зертгеуді қажет ететін күрделі проблема. Бұл проблеманы шешу үшін кең, толық зерттеу бағдарламасы қажет. Осыған байланысты біздің қолға алып отырған зерттеу жұмысымыз психологиялық зертгеулердің осы бағытына аз да болса өз үлесін қоса алады. Біздің ойымызша, дамудың этникалық ерекшеліктерінің “көзі: онтогенезде, яғни материалдық жөне рухани мәдениетген салт-дәстүрлерден, фольклордан және т.б. мәдені мұралардан іздестіруге болатын халықтың мәдени-тарихи тәжірибесін зерттеудің объектісі етіп алуға тура келеді.
Осы бағыттағы шетел зерттеулерінің ішінеі Эриксонның жеке тұлға дамуының эпигенетикалық концепциясын атап көрсетуге болады. Оның ойынша адамның “Мендік” негізі қоғамының әлеуметтік ұйымдасуына байланысты. Эриксон екі үнді тайпаларының балаларын тәрбиелеуде этнографиялық зерттеулер жүргізді және оларды АҚШ қалаларындағы отбасы балаларының тәрбиесімен салыстырады Нәтижесінде байқағаны, әрбір мәдениет ошағында өзіндік ерекше аналық стиль болады және әр ана тек соны ған; дұрыс стиль деп есептейді. Эриксонның пайымдауынша аналық стиль әлеуметтік топ, тайпа, класс немесе каста балаларының болашағынан қандай үміт күтетіндігіш байланысты екен. Біздің ойымызша, бұл тәжірибені басқа да этникалық ортада баланы тәрбиелеп дамытуда қолдануға болады. Шындығында, әр халықтың мәдени ерекшеліктері мен дәстүрлері, өмір салты, көзқарастары сол мәдени қоғамның өр мүшесінің белгілі бір іс-әрекеттеріне әсер етеді.
Көрнекті зерттеу бағыттарының бірі, 60-жылдардан “Психологиялық антропология” деп аталатын “Мәдениет және жеке тұлға” бағыты. Бұл ғылыми мектептің негізгі идеялары 20-жылдары Р.Бенедикт, А.Кардинер, М.Мидтін зерттеулерінде қалыптасты. Олар жеке тұлғаны қалыптастыратын, адамдардың этникалық ерекшеліктерін тудыратын ортадағы жағдайларды анықтады. Зертгеушілер тэрбиелеу әдістерін әр түрлі қоғамдарда жөне мөдени орталарда қарастырып, ол әдістерге “алғашқы институттар деген сипаттама берді.
Бұл бағыттың ең көрнекті өкілі М.Мид-Леви-Брюльдің празологикалық ойлау туралы тезисін мәдениаралық ксеруден өткізді және Ж.Пиаженің жабайы адамның белгілі бір деңгейдегі ойлау қабілетін баланың ойлау кабілетінің дамуымен ұқсастыру идеясымен пікір таластырды.