Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Саммерхилл мектебінің негізгі идеологиясы. С



бет17/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
2. Саммерхилл мектебінің негізгі идеологиясы. Саммерхилл мектебінің өмірі бір қарағанда ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы басқа Батыс Еуропалық мектептерден айырмашылығы болмады. Алайда оған оның өмір барысының сипаты мен тұжырымдамасы бойынша қарастырсақ, бұл мектептің ерекше болғанын көруге болады. Александр Нейлл авторитарлық тәрбиенің қарсыласы болды. Сонымен бірге ол адамзаттың болашағы балаларға қандай тәрбиеші келетініне байланыстылығына толығымен тәуелді деп санады. Егер олар қатал басушы педагогиканың жақтастары болса, онда адамзат соғыс пен қылмыстан көз ашпайды. Жек көру үнемі жек көруді тудырады. «Жалғыз жол – бұл махаббат жолы». Саммерхиллді Нейлл жасай отырып ол саналы түрде өзінің мектебінің тұжырымдамасын тәртіп пен зорлыққа қарама-қарсы қойды. Мектепті негіздеуде ол жалғыз мақсат көздеді – бала бақыты. Негізгі жол ретінде баланың мектепке бейімделуі емес, мектептің балаға бейімделуін көрді. Саммерхилл мектебінің концепциясының негізінде бала табиғаты қайырымды, оны қоғам мен тәрбие бұзады деген.
Дәстүрлі мектеп баланы үлкендердің қандай болу керек деген көзқарасына икемдейді, бірақ бақытқа кепілдік бермейді. Оқытуда өздерінің темпі мен әдістерін байлап, кішкентай кезден баланы бұйрықтар мен тыйымдар шеңберімен байлап, табиғи дамуын шектейді, үлкендер санасыз түрде баланың өзімен-өзі болу, ойынға құқын, шығармашылық пен балалық құқын есепке алмайды.
Нейлл әр бала қайталанбас даралық, өмірді сүю қабілеті бар және өз қызығушылықтарын таба алады деп санады. Егер оған мұмкіндік берсе ол өзінің жеке ерекшелігіне қарай дамиды. Оған тек толық тәуелсіздік беру керек
Бұрынғы мектептер оқушының ақыл-ой дамуына бағытталған еді. Нейлл эмоциональдық өмір ақыл-ойға қарағанда анағұрлым маңызды деп есептеді. Ол невротикалық ғалымды тәрбиелегенше бақытты қарауылшықты тәрбиелеген дұрыс деп сенді. Мектептің басты міндеті балаға ата-ана немесе педагогтардың тәрбие мақсатымен өмір сүру емес, өз өмірімен өмір сүруге мүмкіндік беру .
Сезім белсенді өмір позициясымен, шығармашылықпен бөлінбестей байланыста және ол ақыл-ой дамуына қолайлы жағдай жасайтынына сенімді бол отырып, Нейлл балалар үшін саммерхиллде тәуелсіз өзін-өзі ашылуға мүмкіндік жасады. Қоғамның барлық жағдайы, ережелер мен тыйымдарды ол кейінге тастап, балалардың мінез-құлқын реттейтін жалғыз ереже қалдырды. Ол- өзара сезімді құрметтеу. Бала өзін қалай ұстағысы келсе солай ұстады, тек басқа адамның сезіміне жара салмауы қажет немесе оған зиян келтірмеуі керек.
Нейлл Саммерхиллде мектепке кішкене «бүлініп», яғни ыза мен агрессия кешенімен келген балаларға терапеялық қызметте көрсетті. Мұндай жағдайларда ол тәрбиешілердің алдына мұндай балаларды ерекше қамқорлыққа алу міндетін қоятын, олар өзін қауіпсіздікте сезінсін, оларға ешқандай қауіп төніп тұрмағанын ұғынсын, оларды қабылдағанын және жақсы көретінін білсін.
Балалар би, музыка, сурет, живопись, театр, таза ауадағы қозғалыс арқылы тәуелсіз табиғи түрде өз эмоцияларын шығару мүмкіндігі болды. Демократикалық тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде бола отырып, жүрекжарды, бірақ ұсақ қамқорлықта емес айналада, балалар үлкендер алдындағы қорқыныштан тез ажырап, рухани жетіліп және өмірден қуаныш пен қызығушылық таба білді. Балалар қорқынышты немесе шеттетуді сезінбеді, сондықтан олар үлкендерге өздерінің мәселелерімен келетін. Тіпті біреу кінәлі болғанның өзінде, ол қорықпады.
Тағы да бір маңызды педагогикалық принцип өзін-өзі реттеу принципі Бала қай кезде тамақ ішкісі келсе, сол кезде тамақтануы қажет. Белгілі бір тамақты белгілі бір мөлшерде ішкізуге болмайды. Егер балада мүмкіндік болса, ол ешкімнің көмегінсіз қанша азық керек болса , соншасын таңдап алады. Балаға қандай да бір киімді кидіруге болмайды; ол өзіде ауа райына қарай икемделеді:егер салқындықты сезінсе , жылырақ киінеді, егер оған ыстық болса, свитерін шешеді.
Нейлл Саммерхиллде балалар қай кезде ұйықтағысы келсе сол кезде жатуға мүмкіндік берді.
Өзін-өзі реттеу принципі мектептің барлық өміріне қатысты еді және ол үлкендерге қатыссыз мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Мысалы, кез-келген бір оқушы үнемі сабаққа келмесе топ өзінің көңілі толмайтынын білдіре алды және жолдастарынан оқуға қатысатыны жөнінде уәде алды немесе тіптен келмей қоюын өтіне алатын, өйткені ол барлығына кедергі келтіреді.
Тәуелсіздік дегеніміз әр бала мен үлкен адамның өзіне қатысты шешім қабылдай алуы, бірақ өзгеге зиян келтірмейтіндей болуы қажет, өзгенің қызығушылық шекарасынан аспауы қажет.
Бала өзі алған білімді қолдана білуі қажет, алынған білім өмірлік мәселелерді шешуде пайдалы болуы қажет. Оқыту оның индивидуальдығы мен мінезіне қарағанда соншалықты байланысты емес. Барлық адамға ғылым бірдей қажет емес. Бұл қызығушылық пен туа біткен қабілетке байланысты. Нейллдің ойы бойынша бала үлкен адам сияқты қай кезде үйренгісі келеді сол кезде үйренеді. Баланың қызығушылығы бұл жағдайда тұлғаның өзінше өмірлік күші. Нейлл қызығушылықты тек оқыту үрдісінің потенциялдық мотивация құралы деп қарастырған жоқ, сонымен бірге алдымен адамзат табиғатының бөлінбес бөлшегі, онымен адам дүниеге келіп және оны өмір бойы ту қып ұстайды. Осыдан келіп Нейллдің қызығушылықты қалыптастыруға болмайды деген көзқарасы туды.
Нейлл өзінің тәрбиеленушілерінің ешкімнің көмегінсіз ішкі қажеттіліктеріне барынша жауап беретін өз өмірінің мақсатын табуына саналы түрде ұмтылды. Егер бұл оқуға қатысты болса , ол оқушыларға барынша жақсы білім беруге тырысты және жоғары оқу орнына түсуге жағдай, мүмкіндік жасауға тырысты. Нейлл әртүрлі емтихандарға қарсы болды және ол әрі қарай оқығысы келетіндерге ғана ұйымдастырылды.
Емтиханнан бас тартудың табиғи жалғасы бағалау жүйесінен бас тарту еді. Білім өз алдына мәнді көрсеткіш болуды қойып, оның орнына шығармашылық, ойлап табушылық мен ерекшелік қабылданды.
Нейлл мектептің мақсаты балаға жазу, сызу, санауды үйрету. Қалғандары баланың қажеттілігі мен қызығушылығына байланысты.
Саммерхилл демократиялық және өзін-өзі басқаратын мектеп болды.
Саммерхилл мектебі - бұл демократиялық қоғамдастық: мектеп басшылығына қатысты барлық мәселелер барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлері қатысатын мектеп жиналыстарында шешіледі, олардың барлығы бірдей дауысқа ие..
Бұл жиналыстар іс жүзінде мектептің заң шығарушы және сот органдары болып табылады.
Мектепте оқушылар сабаққа қатысуды өздері таңдайды. Сонымен қатар, бағалау жүйесі жоқ. Сабақтарды өткізіп жібергенде ешқандай жаза қолданылмайды.
Саммерхилл мектебінің негізгі идеологиясы. Мектептің ұраны - оның негізін қалаушы Александр Ниллдің сөзі: «Баланың мақсаты - өз өмірін өткізу».
5-тен 12 жасқа дейінгі кез-келген адам мектепке бара алады. Ағылшын тілін үйрену курсына дайындық жүргізіледі.
Балалар мекемесін құрған Александр Нилл Самерхилл жасында, қоғамдағы, білім берудегі, дүниетанымдық көзқарастарына қарамастан, барлық адамдарда тең сезінуді қалады.
Мектептегі барлық балаларға толық еркіндік беріледі - олар өздерін жақсы көретін нәрсені жасайды - үйренеді, көңілді, төсекке жатады, мұғалімдердің ешқайсысы қазіргі сәтте не істеу керектігін көрсете алмайды.
Ағылшын мектебіндегі балалар сабақ кестесі өздері үшін жасайды, олар бірнеше ай бойы сүйікті мұғалім сабақтарына қатыса алады, материалдың түсіндірмесімен қанағаттандырмаса, кетіп кетеді.
Тәуелсіздік дегеніміз әр бала мен үлкен адамның өзіне қатысты шешім қабылдай алуы, бірақ өзгеге зиян келтірмейтіндей болуы қажет, өзгенің қызығушылық шекарасынан аспауы қажет.
Бала өзі алған білімді қолдана білуі қажет, алынған білім өмірлік мәселелерді шешуде пайдалы болуы қажет. Оқыту оның индивидуальдығы мен мінезіне қарағанда соншалықты байланысты емес. Барлық адамға ғылым бірдей қажет емес. Бұл қызығушылық пен туа біткен қабілетке байланысты. Нейллдің ойы бойынша бала үлкен адам сияқты қай кезде үйренгісі келеді сол кезде үйренеді. Баланың қызығушылығы бұл жағдайда тұлғаның өзінше өмірлік күші. Нейлл қызығушылықты тек оқыту үрдісінің потенциялдық мотивация құралы деп қарастырған жоқ, сонымен бірге алдымен адамзат табиғатының бөлінбес бөлшегі, онымен адам дүниеге келіп және оны өмір бойы ту қып ұстайды. Осыдан келіп Нейллдің қызығушылықты қалыптастыруға болмайды деген көзқарасы туды.
Нейлл өзінің тәрбиеленушілерінің ешкімнің көмегінсіз ішкі қажеттіліктеріне барынша жауап беретін өз өмірінің мақсатын табуына саналы түрде ұмтылды. Егер бұл оқуға қатысты болса , ол оқушыларға барынша жақсы білім беруге тырысты және жоғары оқу орнына түсуге жағдай, мүмкіндік жасауға тырысты.
Саммерхилл мектебі - бостандығын тәрбиелеу экспериментальды жоба ретінде басталды, ол уақыт өте келе оны толықтай дамыған, шығармашылық және жеке адамның шеңберінен шықпайтын тәрбиелеуде пайдалану құқығын дәлелдеді.
Самерхилл мектебінде балаға дауыс беру құқығымен, бай ішкі әлеммен, проблемалар, оқу, ойын-сауық туралы өз пікірлерімен сезінуге мүмкіндік береді.
Осының бәрі ішкі күштерді босатуға серпін береді, бұл балаға өзіндік, бірегей ішкі әлемі бар дамыған тұлға болуға көмектеседі.
Осының бәрі ішкі күштерді босатуға серпін береді, бұл балаға өзіндік, бірегей ішкі әлемі бар дамыған тұлға болуға көмектеседі.
Нейлл мұғалімдерді мұқият таңдады. Ол кәсіби маманданғанынан басқа, мұғалімнің әзілі, дамыған қауымдастық сезімі, Саммерхиллдегі жүйеге бейімділігі бар мінез сапаларына баса назар аударды. «Сізді бала жарым деп атаса, сіздің реакцияңыз қандай болады?» деген сұрақтың жауабына көп мән берілетін.Нейлл қолынан іс келетін, қол жұмысынан қашпайтын, еіктің қисайғанын түзей алатын немесе жардың тесігін бітей алатын кандидаттарды қолдады.
Мұғалімнің негізгі міндеті оқыту болды. тұрғын жайлардағы балалардың қамқорлығын тәрбиеші атқарды. Бірақ мұғалімдер сабақтан тыс жұмыстарды өз еріктерімен орындады: ойнады, қойылымдар даярлады, үй тапсырмасын орындауға көмектесті
Дәстүрлі мектеп баланы үлкендердің қандай болу керек деген көзқарасына икемдейді, бірақ бақытқа кепілдік бермейді. Оқытуда өздерінің темпі мен әдістерін байлап, кішкентай кезден баланы бұйрықтар мен тыйымдар шеңберімен байлап, табиғи дамуын шектейді, үлкендер санасыз түрде баланың өзімен-өзі болу, ойынға құқын, шығармашылық пен балалық құқын есепке алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет