Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Саммерхилл мектебі – тәуелсіз тәрбие жүйесі



бет16/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
1. Саммерхилл мектебі – тәуелсіз тәрбие жүйесі.
Саммерхилл мектебі – тәуелсіз тәрбие жүйесі. 1921 жылы Лондоннан 100 миль жерде Лейстонда (Суффолк графтығы) негізі қаланған (1921 жылдан бастап 1924 жылға дейін ол Германияда болған). Құрушы – ағылшын педагогы Александр Нейл (1883-1973).
Саммерхилл - интернаттық мектеп, жасыл аумақпен қоршалған төрт ғимаратта орналасқан. Балалар жас ерекшелік топтары бойынша тәрбиешімен бірге тұрған. Басты ғимаратта – асхана, зал, мүсіндеу бойынша шеберхана, қолөнерге арналған бөлме және қыздарға арналған жатын бөлмесі. Ең кішкене балаларда – тұрғын үй-жайлар мен сынып бөлмесі бар жеке шағын үй. Ұлдарға арналған жатын бөлме, басқа сыныптар, қызметкерлердің кейбір мүшелерінің бөлмелері де шағын үйлерде орналасқан. Балалар 2-4 орындық бөлмелерде тұрды. Біршама ересек балалар– жеке. Сыныптар шағын, бірақ топтармен оқуға жеткілікті. Тұру жағдайы соншалықты жақсы емес, алайда балалар жақсы сезімде болған.
Мектеп қаржылық тұрғыдан күрделі жағдайда болған, себебі ол жалпы мемлекеттік білім беру жүйесінен тыс болған және министрліктен шағын дотациялар алып тұрған. Негізінде, қоғамның орта қабаттарындағы балаларды қабылдаған. Бай отбасылар балаларын алмаған. Мұғалімдердің еңбекақысы төмен болған.
Бастапқыда Саммерхиллгеотбасында проблемалары бар және мектепте қайта тәрбиелеу мақсатындағы балалар келген (оңалту функциясы). Уақыт өте келе жағдай өзгерді.
5 жастан бастап 15-16 жасқа дейінгі балалар қабылданған. Жалпы саны түрлі уақыттарда 45-тен 75 адамға дейін өзгеріп тұрған. Балаларды 3 жас ерекшелік тобына бөлген: 5-7 жас, 8-10 жас, 11-15-16 жас.
1964 ж. – 75 балаға 25 қызметкерден келген, оның ішінде 2 мұғалім. Педагогикалық кадрларды мұқият іріктеу: кәсіби біліктілік, әзілді түсіне білу, қоғамдастықтың дамыған сезімі, Саммерхилл жүйесіне бейімделуге мүмкіндік беретін мінез ерекшеліктері.
Мұғалімдердің басты міндеттемесі – оқыту. Сыныптан тыс уақытта балаларға қамқорлықты тәрбиешілер жүзеге асырды. Алайда мұғалімдер балалардың сабақтан тыс әрекетін ерікті түрде ұйымдастырған: ойнайды, спектакльдер дайындайды.
7-9 жас аралығындағы кіші балалар бір мұғаліммен сабақ оқыған, сыныпта ғана емес, техникалық шығармашылық шеберханасындағы немесе өнер бөлмесіндегі сабақтар.
Түстен кейінгі уақыт – бос. Сағат 17.00-де – түрлі сабақтар. Балалар үнемі немен айналысатындарын өздері шешіп отырған. Тәрбиешілер кеңес бере алды, бірақ әрекет етудің дайын бағдарламасын ешқашан ұсынбаған.
Кешкі уақыт белгілі бір тәртіпте болған: кино, психология мәселелері бойынша дәрістер, би кештері, театр қойылымдары. Мектептегі өзін-өзі басқарудың апта сайынғы жиналыстары – жалпы мектептік жиналыстар.
А.Нейл – авторитарлық тәрбиенің түбегейлі қарсыласы. Адамзат дүниесінің болашағы балалардың тәрбиешілері қандай болатындығына байланысты болады деп есептеген. Егер басып-жаншудың қатаң педагогикасын жақтаушылар болса, онда адамзат дүниесі соғыстар мен қылмыстардан ешқашан да құтылмайды. Өшпенділік қашанда өшпенділік тудырады. «Жалғыз жол – бұл махаббат жолы».
Саммерхиллді құру кезінде Нейл өз мектебінің тұжырымдамасын саналы түрде режимге, тәртіпке және мәжүрбірлеуге қарсы қойған. Мектептің негізін қалау кезінде ол бір ғана мақсатты алға қойған – баланың бақыты, ал негізгі жолды баланы мектепке емес, мектепті балаға бейімдеуден көрген.
Мектеп тұжырымдамасының негізінде – баланың өз табиғаты жөнінен құндыз тәріздес және оны тек қоғам мен тәрбие бұзатындығы пікірі жатыр. Қоғамды жаһандық реформалау талпыныстарының шындыққа жанаспайтынын мойындай отырып, Нейл саналы түрде басқа жолды таңдаған: баланың еркін дамуына жағдай жасайтын жабық балалар мекемесін ұйымдастыру.
Мектепті өзін қоғамға қарсы қойғаны үшін сынға алған. Нейл қоғамды өзгерту қажеттігіне сенсе де, дей тұрғанмен, оның мақсаты ең болмаса аз ғана мөлшердегі балалардың бақытын қамтамасыз ету болып табылатынын айтқан. Ол өзінің оқыту қарқындары мен әдістерін таңа отырып, ерте жастан бастап баланы бұйрықтар мен тыйымдар желісіне байлап-матап, оның табиғи дамуын шектей отырып, ересектердің баланың өз бетінше болуын, ойнау құқығын, шығармашылығы мен балалығын санасыз түрде елемейді деп есептеген. О бастан моральдық және діни сипаттағы кез-келген оқытулар, сендірулер мен айтылымдардан бас тарта отырып, Саммерхилл тәрбиешілері балаларға өз бетімен болуға құқық берген.
Нейл әрбір бала қайталанбас индивидуалдыққа, өмірді сүю және онда жеке қызығушылығын табу қабілетіне ие екенін айтқан. Егер оны өз еркіне жіберсек, ол өзінің жеке икемділіктеріне сәйкес дамитын болады. Тек оған таза бостандық беру керек. Яғни Саммерхиллдың тіршілік етуінің басты қағидаты – еркіндік.
Дәстүрлі мектеп оқушылардың зияткерлік дамуына бағытталған, Нейл эмоционалдық өмір әлдеқайда маңыздырақ деп есептеген. Ол жүйкесі жұқарған ғалымнан гөрі бақытты аула сыпырушыны тәрбиелеген жақсырақ екеніне сенімді болған. Дәуірдің трагедиясы – сана мен сезім арасындағы алшақтық деп санаған, мейірімді адами табиғатқа деген сенімді қайтаруды армандаған.
Мектепте еркін түрде өзін-өзі ашуға мүмкіндіктер тудыру. Балалардың жүріс-тұрысын реттейтін жалғыз ереже – сезімдерді өзара құрметтеу.
Ересектер мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі.
Өзін-өзі реттеу қағидаты – баланың икемін қалыптастыруға немесе оның таңдауын басқаруға талпынуға болмайды. Өзін-өзі реттеу – баланың еркін өмірге құқығы, оның психикасын немесе өмірінің соматикалық жағын реттейтін сыртқы биліктің болмауы. Аталмыш қағидат балаларға прблемаларын ересектердің беделі мен билігіне жүгінбестен өз бетінше шешу құқығын беруді білдірді. Сабаққа барудағы таза еркіндік. Оқу бірінші кезекті міндет болып табылған жоқ. Бірақ еркіндік анархияны білдірген жоқ.
Саммерхиллдегі еркіндік шекаралары дауыс беру жолымен балалар мен ересектердің жалпы жиналысы бекіткен қоғамдық жүріс-тұрыс нормаларымен айқындалған.
Саммерхилл жүйесінің нәтижесі – білімнің белгілі бір мөлшерін алу емес, өзін және өзінің мүмкіндіктерін тануға талпынысты қалыптастыру. Сабаққа бару еркіндігіне қарамастан, балалар оларға салмақпен қараған. Оқушының, алған білімдер өмірлік проблемаларды шешу үшін пайдалы болып шығуы үшін, білімді пайдалана алуы маңызды. Нейл қызығушылықтарды бойға сіңіру және қалыптастыруға болмайтынына сенімді болған. Мұғалімдер балаға бірдеңені таңуға ғана емес, сендірумен айналысуға да құқылы емес. Бала өз әуестігін өзі табуға тиіс.
Емтихандық жүйеден, бағалар жүйесінен бас тарту.
Саммерхиллдегі өзін-өзі басқару – бұл балалар мен ересектердің ұжымы. Оның басты функциясы – негізінде жатақхана ережелеріне қатысты болған заңдарды қабылдау немесе түрлендіру.
Көркем шығармашылыққа балалар бойында көркемдік сезімді біршама толық дамытуға, табиғат пен өнерде (балалар театры, би, музыка, өнер шеберханасы) әсемдікті аңғаруға үйретуге мүмкіндік беретін құрал ретінде жүгіну.
Осылайша, таңдау еркіндігі әркімнің ашылуына, өз күшін, өзінің мүмкіндіктерін сезінуіне, құрдастарының ортасында өзін-өзі нығайтуына мүмкіндік берді.
Саммерхилл – 4 бөліктен тұратын интрнаттық мектеп, таза ауадағы ойынға арналған айналасы жасыл аймақ. Балалар жас ерекшелігіне қарай топтарда тәрбиешілермен тұрды. Негізгі бөлікте асхана, жапсыру шеберханасы, қол өнерге арналған кішкентай бөлме мен қыздарға арналған жатын бөлме орналасты. Ең кішкентай балаларда тұрғын жайы бар және класс бөлмелері бар бөлек үй болды. Ер балаларға арналған жатын бөлме, қалған кластар және кейбір персональдың бөлмелері басқа үйлерде орналасты. Ер балалар мен қыздар 2-4 орындық бөлмелерде тұрды. Тек бірнеше үлкен балалар ғана бөлек тұрды. Кластар үлкен болған жоқ, бірақ топпен оқытуға жеткілікті еді. Тұрмыс жағдайлары өте жақсы толған жоқ, бірақ министірліктегі инспекторлардың есебіндегідей балалар өздерін жақсы сезінді және ауырған жоқ.
Мектептің қаржы жағдайы біршама қолайсыздықта болды, өйткені ол жалпы мемлекеттік білім беру жүйесінен тысқар жатты және министрліктен шағын ғана дотация алды. Мектепке негізінен қоғамның орта буынының балаларын қабылдады. Нейлл бай жанұяның балаларын алмауға тырысты. Ол баланың өз мәніне ол үлкен ақша мен қымбат киімге оранып тұрса жету қиын деп санады. Мектепке қоғамның кедей буынынан балаларды тарту үшін, Нейлл өте төмен ақы белгіледі. Нәтижесінде үнемі қаржылай қиыншылықтар, өте төмен жалақы болды.
Алғашында Нейлл мектебіне жанұясы мен мектебінде қиыншылықтары бар балалар жиі түсіп отырды. Саммерхиллге ата-аналар қайта тәрбиелеу мен ресоциализация үшін теріп, кейін қарапайым мектепке қайтарып жүрді. Осылайша Саммерхилл ребилитациялық қызмет атқарды. Уақыт өте келе жағдай өзгерді, Саммерхиллдің болашағына сенген ата-аналар балаларын бере бастады.
Алғашқы жылдары мұнда қыздар аз болды, әдетте мұнда сол кездегі қыздар мектебінде қиын болғандар келді.Кейін қыздар көбейді, бірақ ер балалармен салыстырғанда аздау болды. балаларды үш жасерекшелік топқа бөлді: 5-7 жас, 8-10 жас, 11-15-16 жас.
Саммерхиллде өзін-өзі қызметкөрсетуге тартпай-ақ персонал жеткілікті болды. Мәселен 1964 жылы 75 балаға 25 персонал кеді, оның екеуі мұғалімдер еді.
Нейлл мұғалімдерді мұқият таңдады. Ол кәсіби маманданғанынан басқа, мұғалімнің әзілі, дамыған қауымдастық сезімі, Саммерхиллдегі жүйеге бейімділігі бар мінез сапаларына баса назар аударды. «Сізді бала жарым деп атаса, сіздің реакцияңыз қандай болады?» деген сұрақтың жауабына көп мән берілетін.Нейлл қолынан іс келетін, қол жұмысынан қашпайтын, еіктің қисайғанын түзей алатын немесе жардың тесігін бітей алатын кандидаттарды қолдады.
Мұғалімнің негізгі міндеті оқыту болды. тұрғын жайлардағы балалардың қамқорлығын тәрбиеші атқарды. Бірақ мұғалімдер сабақтан тыс жұмыстарды өз еріктерімен орындады: ойнады, қойылымдар даярлады, үй тапсырмасын орындауға көмектесті.
Мектептің күнделікті өмірі былай болатын:
- 8.15 пен 9.00 таңғы ас,
- 9.30 дейін төсек жинау.
- 9.30 сабақ басталып 13.00- ге дейін созылды.
Түсқайтадағы уақыт бос болды. Балалар нені қаласа соны жасады. Біреулері гангстерлер мен полицей болып ойнаса, біреулері спорттық ойын ұйымдастырды, үшіншілері радио тыңдады, сурет салды, бояды, велосипедпен сырғанады, шеберханада жұмыс жасап, қайық, ойыншық пистолет жасады немесе велосипед жөндеді.
16 сағатта – бесін. 17 сағатта әртүрлі жұмыстар басталды. Кішкентайлары әдетте ертегі оқыса ,орта буындағы балалар өнер бөлмесінде жұмыс жасағанды ұнатты. Онда олар сурет салып, линолеумнан, теріден картинка, бұйымдар жасаумен, өз қойылымдарына киімдер даярлап, кәрзеңкелер мен құмыралар жасады. Үлкендері темір және ағаш шеберханасында уақыттарын өткізетін. Балалар не істейтіндіктерін өздері шешетін. Тәрбиешілер тек кеңес бере алатын, бірақ ешқашан дайын бағдарлама ұсынбайтын.
Бірақ кешкі уақыттың өтуіне белгілі бір тәртіп қойылды. Дүйсенбіде балалар киноға баратын, сәрсенбіде персонал мен үлкен тәрбиеленушілер лекция тыңдады. Сәрсенбіде би кештері өткізілді.бейсенбі күнгі кешке ештеңе белгіленбегендіктен үлкендері жиі киноға барды. Жұмаға театрландырған қойылымдар қойылатын.сенбі өте маңызды күн болды , өйткені бұл күні апта сайынғы жалпы мектептің өзін-өзі басқару жиналыс болатын. Сосын би, қыста - театральдық қойылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет