Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Дәріс №7. Тақырыбы: Януш Корчаковтың балалар үйлері



бет19/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
ko

Дәріс №7. Тақырыбы: Януш Корчаковтың балалар үйлері

Жоспар:
1. Я.Корчактың еркін тәрбиелеу идеясы


2. «Жетімдер үйі» 1912 ж.
3. «Біздің үйіміз» 1919 ж.


1. Я.Корчактың еркін тәрбиелеу идеясы. Януш Корчак поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері. Ол өзгені құтқарып қалу үшін өзінің өмірін аман сақтап қалудан үш рет бас тартқан адам. 1878 жылы 22 шілдеде поляктың көрнекті ұстазы, жазушы, дәрігер әрі қоғам қайраткері, еврей ұлтының өкілі Я́нуш Ко́рчак — дүниеге келді.
Я. Корчаковтың кезінде жетім балаларға қамқорлық әр түрлі діни бірлестіктердің қарамағында болды. Жетімдерге қызмет ету және көмек көрсету мәселелерімен айналысатын қамқоршылық ұйымдар болды.
1 Балалар үйі дегенде ойға ең бірінші Януш Корчактың педагогикасы келеді. ХХ ғасырдың атақты гуманистерінің бірі, педагог, дәрігер Я.Корчак 1911 жылы мейірімді адамдардың қолдауымен сол кездері бүкіл Еуропада болмаған балалар үйін ашады. Бұл балалар үйі 200 баланың ғана емес, Корчактың да нағыз үйіне, мейірімділіктің оазисына айналды. Бұл үйде ерекше ережелер болды. Олар балаларды өзін сүюге және өмірге ұмтылыспен қарауға үйретті. Бұл үй нағыз адам болуға тәрбиеледі. Балалар үйінде тәрбиешілердің тарапынан айқайлау, ұрысу, мәжбүрлеу сияқты нәрселерге қатаң тыйым салынған.
Корчак бойынша тәрбие - бұл бірінші кезекте баланы тану мен оның тұлғасына құрмет көрсетудің үздіксіз процесі. Ол өзінің еңбектерінде бүгін бізде балаларға деген сүйіспеншіліктің жетіспейтінін жазды. Сондай-ақ кішкентай адамның үлкен жүрегіне қатысты шынайылықтың, адамгершілік пен даналықтың жетіспейтінін айтты.
Я.Корчак 20-дан астам кітап жазған. Бұл кітаптардың ешбірінде баланы тәрбиелеу, білімдар дана адам етіп шығару туралы кеңестер жазылмаған. Оның педагогикалық концепциясы қарапайым бір ақиқатқа келіп тірелетін: өз жүрегіңді тыңдай білу мен балаларды жақсы көру. Сондықтан Я.Корчактың педагогикасын«жүрек педагогикасы»деп жиі айтады. Оның «Король Матиуш Бірінші», «Баланы қалай сүю керек» және «Баланың құрметке құқығы» атты өткен ғасырдың басында жазылған кітаптары бүгін де өзекті. Корчак өзінің еңбектерінде үлкендердің тарапынан жіберілетін қателерді баса көрсеткен және балалар кішкентай адам болғандықтан олардың сезімдеріне, ой-тілектеріне құрметпен қарауға шақырады. Саралай келе, Корчак педагогикасындағы балаға деген құрмет, ізгілік, сүйіспеншілік, адамгершілік, шынайылық сияқты элементтердің өзін-өзі тану пәнінің негізгі назарда ұстайтын элементтерімен сәйкес келетінін байқауға болады. Яғни, өзін-өзі тану пәні қай ғасырда, қай заманда болмасын өте қажет пән болған. Және ол нақты пән ретінде емес, оның элементтері Я.Корчак сияқты гуманист-педагогтардың еңбектерінде көрініс тауып отырған.
Осы орайда өзін-өзі тану пәнінің алатын орны ерекше. Бұл пән дәл керек кезінде, халқымыз руханилыққа шөлдеп отырған кезінде келген тамаша көмек. Тек оны дұрыс пайдалана білуіміз қажет. Бұл пән енді ғана пайда болған пән десек те, оның түп негізі ежелден-ақ қалыптасып қойған. Шәкәрім аңсаған «Ар ілімі» қоғамда енді ғана өзектілікке ие болған өзін-өзі тану пәнінің бастауы болып табылады. Бұл пән адамның бойындағы құндылықтарды ашу бағытында қызмет етеді. Тек жақсыпозитивті ойлар ойлау, ешбір тірі жанға жамандық ойламау, адамның өзінің жан дүниесіне үңілуіне, өзін-өзі тануына көмектеседі. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» деген сияқты өзін таныған адам өзге адамдарды да тани алады. Ал өзін-өзі тану – шын мәнінде, өте күрделі нәрсе.
910 жылы «Жетімдерге көмек» еврей қоғамының төрағасы Исаак Элиасберг Корчаковқа жаңа жетімдік баспананың басшылығын алуды ұсынды. (Басқа дереккөздерге сәйкес, Корчаков бұл лауазымды кейін оның таптырмайтын көмекшісі болатын Стефан Вильчиньская жариялаған хабарландыру бойынша өзі тапқан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет