3. «Біздің үйіміз» 1919 ж. Балаларға үлкен көңіл бөл. Біз ешқашан бала жанындағы кіммен кездесетінімізді білмейміз». « Өз балаңды әр жағдайда сүйе біл – дарынсыз, жолы болмағыш, ересек сияқты кез келген күйінде жақсы көре біл. Онымен қарым-қатынас жасаған сайын қуан, себебі бала сенімен уақытша ғана болатын мереке” «Мен бала неге кемелденген музыкант бола алатынын түсінемін. Біз оның суреттеріне жіті назар аударсақ ақынды, суретшіні, сезім шеберін көреміз», дейді Януш Корчак.
Януш Корчак балалар туралы көп білді және оларды ерекше түсіне алды. Ол балалармен үлкендерше баласынып та емес, не баланың деңгейіне түсіп те емес, олармен тең дәрежеде, сеніммен, сыйластықпен сөйлесетін. Балалар оны ерекше сүйетін. Корчактың айтқандарынан: Сіз балалар бізді шаршатады ,- дейсіз. Оныңыз рас. Сіз оны былай деп түсіндіресіз: -Олардың түсіну деңгейіне дейін төмендей білу керек. Төмендеу, түсу, еңкею... Қателесесіз. Біз одан шаршамаймыз. Біз олардың сезімдерін түсінерлік деңгейге жоғарылай алмай шаршаймыз.
Жоғарылау, тырмысу, жетуге тырысу. Ренжітпеу үшін.Яғни мақсат -жаңа талаптарға сай білім-тәрбие берудің формалары мен әдістерін іздеу, солар арқылы тәрбие ісін жүзеге асыру. Осы тұрғыда тәрбие берудегі жаңа заманғы әдіс-тәсілдер мәселесін түсінуге педагог-гуманист Януш Корчактың еңбектеріне жүгіну көмектеседі деп ойлаймын.Корчактың еңбектерін зерттеу, оның биографиясы мен педагогикалық қызметіне жүгіну біздерге келесіні түсіндіреді: Балалық шақ – өмірге дайындық кезеңі емес, ол нағыз өмірдің өзі! Ол – үлкен құндылық. Өйткені, Корчак балалармен 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, оларды өзгеден артық білген әрі түсінген.
Корчак балалардың көп ағымымен жұмыс істеп, бұл еңбекті өзге жаннан артық білген. Корчак керемет жазушы-публицист, ол балалармен, тәрбиешілермен тілдесуді өзгелерден артық білген. «1942 жылы 5 тамызда "Жетімдер үйінің"200-дей балалары мен 9 тәрбиешілері сап құрып Варшава көшелерімен келеді. Жетімдер үйінің басшысы Януш Корчак, ұлы жазушы болғандықтан гитлершілдердің оның колоннадан шығып, кетуін талап еткенінен бас тартып, екі кішкене ғана еврей балаларының қолынан жетектеп келеді. Бұл колонна өлім лагері Треблинкиге айдалып келеді. Бос уақытын кедейлер көшесінде өткізді,емдеп,кедейлерге тегін тамақ таратып,кешкі поэзиялық кеш ұйымдастыратын еді. Университет бітірісімен балалар ауруханасына жұмысқа тұрды,балалар калониясында кітап жазды. Ол дәрігер ретінде орыс япондық және бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысты,бірақ ол қайтып балаларға оралды. Kорчактың жұмысын оқып, зерттеп, оны дәстүрлі жүйемен салыстыра отырып, біз: «Авторитарлық педагогиканың негізі - балаға болашақ ересек ретінде қарау, ал балалық шақтың түп негізі - өмірге дайындау»,-деген шешімге келдік. Mұнымен, көбіне, педагогтардың баланы басқаруға, оны өзіне бағындыруға ұмтылуы түсіндіріледі.
Балалық шақтың барлық мәні жоғалып, ол тек нағыз ересек өмірге дайындау баспалдағы ретінде қарастырылды. Біз, мұғалімдер, оның еңбектерімен таныса отырып, ақылды, мейірімді әрі түсіністігі мол кеңесшімен диалог жүргіземіз. Себебі, бүгінгі таңда Корчактың балалық шаққа құндылық ретінде көзқарасы өте өзекті. Корчактың ойынша, жарқын балалық шақсыз бақытты өмір құрылмайды. Осыдан балалық шақты аялау керек екенін түсінеміз. Корчактың гуманистік идеяларын түсініп қана қою жеткіліксіз. Біздер, болашақ педагогтар үшін идеяларды жүзеге асыру маңызды, біз өзара түсіністікке, сыйластыққа әкелетін құрмет педагогикасын оқуды, үйренуді мақсат етуіміз керек. Корчак мұрасы арқылы, тәрбие берудің мақсатталған бала тұлғасын қалыптастыру процесі емес, баламен біріге, диалог негізінде жүргізілетін процесс екенін түсінуге болады. Тәрбие беру процесінің өнімді жүргізілуі үшін педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас гумандық сипатта болу керек Қорыта келе, Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге – мұғалімдерге тапсырған.Сондықтан, Януш Корчактай ұстазға еліктеп, ұқсап қалыптассақ, алдымыздағы шәкірттеріміз де сондай боп шығарын түсінеміз.
Негізгі әдебиеттер: 1. Воспитательная система школы: Проблемы и поиски / Сост. Н.Л.Селиванова. – М.: Знание, 1989. – 80с.
2. Воспитательная система школы: проблемы управления. Очерки прагматической теории. – М., 1997. – 110с.
3. Гуманистические воспитательные системы вчера и сегодня / Под общей редакцией Н.Л.Селивановой. – .: Пед. общество России, 1998. – 336с.
4. Марцинковская Т.Д. Психология и педагогика [Текст]: учебник / Т.Д. Марцинковская, Л.А. Григорович. - М: Проспект, 2009. - 464 с.
5. Теория и практика воспитательных систем. Кн. 1 и 2. – М., 1993.
6. Школа как воспитательная система: Науч.-метод. материалы в помощь руководителям школ и педагогам / Под ред. А.В.Гаврилина. – М.: НИИТиИЛ АПН, Рос. науч.-метод. центр ВСШ. 1992. – 62 с.
7. Сарсекеева Ж.Е. Информационно-дидактическое обеспечение к курсу «Технология воспитательной работы с младшими школьниками». - Свидетельство № 586 от 23.07.2009.
8. Сарсекеева Ж.Е. Автоматизированная обучающая система по курсу «Технология воспитательной работы с младшими школьниками». - Свидетельство № 055 от 21.12.2009.
10. Мухаметжанова А.О. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 1305. 12.11.2012ж.
Қосымша әдебиеттер: 1. Воспитательная система массовой школы: Проблемы гуманизации: Сб. науч. тр. /Под ред. Л.И. Новиковой. – М.: НИИТиИП, 1992. – 134с.
2. Воспитательная система массовой школы: Проблемы гуманизации: Сб. науч. тр. /Под ред. Л.И. Новиковой. – М.: НИИТиИП, 1992. – 134с.
3. Караковский В.А. Воспитательная система школы: Педагогические идеи и опыт формирования. – М.: НМО «Творческая педагогика», 1991. – 125с.
4. Караковский В.А. Стать человеком: Общечеловеческие ценности – основа целостного учебно-воспитательного процесса. – М.: НМО «Творческая педагогика», 1993. – 80с.
5. Поляков С.Д. О новом воспитании: Очерки коммунарской методики. – М.: Знание, 1990. – 80с.
6. Цырлина Т.В. На пути к совершенству. Антология интересных школ и педагогических находок ХХ века. - М.: 1997. – 112с.
7. Наука: Образовательные программы Образование.- http:logs.wallest.ru
8. Педагогика – наука неточных понятий.- http:// archive. 1september.ru
9.www.inter – pedagogika. Ru
10.www.pedagogy.ru
11.www.gala – d.ru
12. www.pedagogika.org.ua