Дәріс №10. Тақырыбы: Бастауыш жалпы білім берудегі тәрбие жүйесін құру әдістемесі
Жоспар:
1. Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы.
2. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесі.
3. Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологиялары, оларға сипаттама және талдау жасау.
4. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі.
1. Бастауыш мектептегі тәрбие процесі және оның сипаттамасы. Бастауыш жалпы білім беру - балалардың тәрбиесі мен білімінің, әлеуметтік-мәдени дамуының ортақ буыны болып табылады. Бастауыш жалпы білім берудегі тәрбие процесінің жаңаруы, тәрбиенің отандық дәстүр мәртебесі негізінде, ұлттық-аймақтық ерекшеліктерімен, жаңа заманның жетістіктерімен, түрлі тәрбие жүйесінің қалыптасуын енгізумен, тәрбие стратегиясын түрлі ынталандырулармен, мектеп пен мектептен тыс қызмет нәтижелерін арттыру әдістерімен, мемлекеттік, отбасылық және қоғамдық тәрбие балансын орнықтыру және қолдау негізінде жүзеге асырылуы керек. Бастауыш жалпы білім берудегі тәрбиені дамыту келесі міндеттерді шешуді ұсынады:
- жергілікті аймақтардағы түрлі білім беру ұйымдарының нақты мүмкіндігіне қарай тәрбиеленушілердің жасын, жеке психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбиенің мазмұнын, оның түрлері мен тәсілдерін айқындау;
- тұтас оқу- тәрбие жүйесін қамтыған тәрбие жүйесінің қалыптасуын (ең маңызды бірліктер – тәрбие мен оқытудың ықпалдасуы), тәрбие тиімділігін, оқытудағы тәрбие әлеуетін арттыру;
- оқу тәртібінің гуманитарлық және практикалық бағыттарын күшейту, оған мазмұнды материалдарды енгізу, қатысушыларға өздері өмір сүріп тұрған қоғамның мәдени құндылықтарын игеруге көмектесу, өзін-өзі анықтау әдістері;
- түрлі шығармашылық және қоғамдық бірлестіктердің қызметтеріндегі білім мекемелерін басқарудың шынайы мүмкіндіктерін анықтай отырып, тәрбиеленушілерді заңға бағынушылық, жеке қадір-қасиеті мен еркіндік және демократиялық рухта тәрбиелеу;
- дене тәрбиесі мен спорт құралдары арқылы бала денсаулығын нығайту;
- оқушылармен жүргізілетін жеке сабақтардың, мектеп пен сынып ұжымын қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық қызметтің рөлін арттыру, балалардың әлеуметтік өмірге және мектепке бейімделе алмауының алдын-алуды қамтамасыз ету;
- тәрбиелеу үрдісіне отбасының қатысуына жағдай жасау, ата-аналардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту, жалпы білім беретін мекемелерді басқаруға ата-аналарды тарту, мектепте қамқоршылық кеңесін құру;
- әр аймақта психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке зәру балалар мен әумесерлік мінезді жеткіншектерге ерекше білім беретін арнайы оқу-тәрбие мекемелерінің сараланған жүйесін құру.
Жоғарыда қойылған міндеттердің шешімін табуға мына бағыттағы істер мүмкіншілік береді:
- әлеуметтік мәдени өмірдің және өзін-өзі анықтаудың негізгі аспектілері мен тәрбие негізін қалайтын тәрбие жүйесінің жалпы адамдық, ұлттық- мәдени және этноерекшелікті құндылықтарының үйлесімділігі;
- танымал тұлғалардың өмірі мен қызметін, ел өмірінің азаматтық тарихын, рәміздер арқылы, мемлекеттік және құқықтық жүйені зерттеу арқылы Қазақстан патриоты мен азаматын тәрбиелеу;
- жеке тұлғаның әлеуметтік және мәдени біліктілігін арттыруда, білім мен дағдыны дамытуда оқу-әдістемелік материалдардың әртүрлілігі, оқу және мектептен тыс жұмыстардың нысаны мен тәсілі, оның ашықтығы, мазмұнның әлеуметтік маңызды және жеке қолайлы құрамдас бөлігі, білім беру қызметіндегі түрлері мен әдістері жетістіктерінің үйлесімділігі;
- кіші жастағы баланың психологиялық, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуге, балалардың құнды бағдарларын, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарын ұйымдастыруға қажетті мақсатты тәсілдерді құру;
- тәрбие жүйесінде вариативтілікті қамтамасыз ету;
- жалпы білім беру мазмұнына аймақтық және этномәдени бөліктерінің жоспарлы және теңгерімді түрде енгізілуі;
- қосымша білім беру жүйесінің және әрқилы сабақтан тыс қызметтің дамуы, олардың тәрбие берудегі қызметінің күшеюі;
- білім беру мекемелерінде бос уақытты өткізудің маңыздылығының күшеюі, техникалық және көркемөнер үйірмелеріне қатысуы, қолы бос кезде спортпен шұғылдануы, сабақтан тыс және қосымша білім беру жүйесінде балалардың қабілеттерінің ашылуы;
- педагогикалық серіктестіктің дамуына жағдай жасау.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі мен қиындықтарды игеруіне, олардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, оларды физикалық, эстетикалық және еңбек етуге тәрбиелеу басты назарға алынады. Әсіресе, балалардың құқығын қайта қалпына келтіру жұмыстары, оларды жанұялық және қоғамдық өмірге дайындау жұмыстары маңызды орын алуы тиіс.
Инклюзивті білім беру жүйесі тәрбие қызметін одан әрі дамытуды бағамдайды:
- мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тең дәрежелі қолжетімділік жағдай жасау (мектептерде педагог-дефектологтар, арнайы жеке техникалық және қалпына келтіру құралдарының бар болуы);
- мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқытуда интегралды ережелер мен модульдік бағдарламаларды енгізу;
- түрлі ауытқушылықтағы балалар үшін интеграция түрлерін анықтау;
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беру ережелерін ұйымдастыру;
- мүгедек балалардың, үйден оқытылатын балалардың жеке мүмкіншіліктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, оларды компьютерлік техникамен және компьютерлік құрылғыармен қамтамасыз ету.
Санитарлық типтегі сауықтыру және балаларға арналған білім беру мекемелерінде, психологиялық-педагогикалық және дәрігерлік-әлеуметтік көмекке зәру, дамуында ауытқушылығы бар білім алушылар мен тәрбиеленушілерге тәрбие беру жүйесінің ерекшелігін арнайы (коррекциялық) білім беру мекемелері бағдарлайды:
- кешенді динамикалық түзетушілік-дамытушылық өлшемді қалыптастыру;
- баланың ақыл-ой (интеллектуалдық) және физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бағдарламаны өңдеу және жүзеге асыру;
- психологтардың және дәрігерлердің ұсыныстары мен кеңестері;
- бұл процесске отбасыны мақсатты бағыттап кірістіру.