Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесі



бет31/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
ko

2. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесі. Бастауыш жалпы білім берудегі тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын Заңдар: «Қазақстан Республикасындағы бала құқығын қорғау», «Балалар құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы, «Діни ұйымдар мен наным-сенімдердің бостандығы туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз, бақылаусыздығын алдын-алу туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «СПИД ауруының алдын-алу туралы», «Шылым шегуге шек қою туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің нұсқауындағы «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы.
Тәрбие жүйесі әртүрлі жүйе құрушы факторлар негізінде жасалуы мүмкін және жасалуы барысында 4 кезеңнен өтеді:
1 кезең – жүйенің қалыптасуы. Бұл кезеңнің маңызды құрамы ретінде болжам сатысын бөліп көрсетуге болады. Осы кезде болашақ тәрбие жүйесінің теориялық тұжырымдамасын жасау жүзеге асырылады. Оның құрылымы мен элементтері арасындағы байланыс үлгіленеді. Басты мақсат – сынып ұжымын қалыптастыру бойынша жетекші педагогикалық идеяларды іріктеп алу. Жүйе құрауыштары жеке-жеке жұмыс жасайды. Олардың арасындағы ішкі байланыс айтарлықтай берік емес, ұйымдастырушылық аспектілер басым, педагогикалық ізденіс жүріп жатыр, білім беру үдерісінде барлық қатысушылардың арасындағы қарым-қатынас стилі қалыптасуда, технологиялар жолға қойылуда және дәстүрлер пайда болуда.
2 кезең – жүйенің жолға қойылуы. Бұл кезеңде сынып ұжымының өзін-өзі және сыныпты бірлесе басқару қызметі жүзеге асырылады, жетекші әрекет түрлері, жүйе жұмыс жасауының жетекші түрлері анықталады, неғұрлым тиімді педагогикалық технологиялар өңделеді. Тәрбие жүйесін педагогикалық басқарудың басты қиыншылығы бұл кезеңде оқушылар ұжымы мен сынып жетекшісінің қызметінің даму қарқынын үйлестіре білу керек. Сынып ұжымы тынысын ұйымдастырушы инициатор сынып жетекшісі болуы тиіс.
3 кезең – жүйенің ақырғы келбеті. Бұл кезеңде сынып ұжымында ортақ мақсат, ортақ әрекет, ынтымақтастық болады. Бұл кезеңнің мақсаты – еркін, рухы биік, ізгі, шығармашыл, жеке адамды тәрбиелеу, басқару мен қарым-қатынастағы демократиялық стильді дамыту. Тәрбие жүйесі мен орта бір- бірімен белсенді және шығармашылық түрде әрекеттеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет