Мухаметжанова Айгуль Олжабаевна Абильдина Салтанат Куатовна «Қазіргі қоғам жағдайындағы тәрбие жүйелерінің дамуы» пәні бойынша


Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологиялары, оларға сипаттама және талдау жасау



бет33/37
Дата17.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#117200
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
ko

3. Бастауыш білім берудің қазіргі заманғы жалпы педагогикалық технологиялары, оларға сипаттама және талдау жасау.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
- қатар оқытатын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
- әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
- оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
- параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

Демек, 1-4 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады:
- Бастауыш мектеп. Дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А. Левин);

  • дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);

  • түсіндіре басқарып-оза оқыту технологиясы (С.Н.Лысенкова);

  • оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);

  • ойын әдістемесі және оны қабылдау;

  • М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

Дамыта оқыту технологиясы. (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов).
Мақсаты: бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту, баланы оқыта отырып жалпы дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет