Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§9 Музейлік өлкетану және ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы



Pdf көрінісі
бет33/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§9 Музейлік өлкетану және ескерткіштерді қорғау ісінің дамуы. 
§9.1 Музей ісі мен қызметтері. 
Барлық музейлар жұмыс мақсатына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. 
Музейлердің басым көпшілігі ғылыми-зерттемелі – ағартушылық түрге жатады. 
Яғни, олардың қызметі – ғылыми мекеме ретінде бірмезгілде ғылыми-
зерттемелік, білімділік және тәрбиелік міндеттерді атқару болып табылады. 


71 
Келесі музей түрі – зерттемелі бағыт ұстанған музей түрі. Олардың қызметі кез-
келген ғылыми пәннің түпдеректерін сақтау болып табылады. Басқаша 
айтқанда, олар зертхана қызметін атқарады. Онда ғалымдар ғылыми-зерттемелі 
жұмыстар 
жүргізеді. 
Мәселен, 
бактереологиялық-мәдени 
музей, 
минерологиялық музей және т.б. Соңғы түрі - оқу процесін жетілдіруге өз 
үлесін қосуды мақсат ететін оқыту бағытындағы музейлер түрі. 
Ал музей профиліне келер болсақ, ол музей түпнұсқаларының өнер түріне, 
өндіріс салаларына, белгілі бір пәнге деген қатынасына сәйкес анықталады. 
Мәселен, тарихи, соның ішінде тарихи-төңкерістік, археологиялық, 
этнографиялық, әскери-тарихи, мемориалдық және т.б., жаратылыстанулық, 
көркемөнерлік, әдеби, техникалық. Сонымен бірге, күрделі кешенді 
профильдерде болады. Мәселен, өзара бірлескен тарихи-әдеби, жаратылыстану-
тарихи және т.б. 
Өлкетану музейлері – кешенді күрделі профильді музейлер болып 
табылады. Олар өлкенің өткен тарихына қатысты және қазіргі кездегі 
ескерткіштерін ғана емес, сонымен бірге табиғи коллекцияларды да зерттейді 
және жинақтайды. Осыдан барып гуманитарлық профиль мен жаратылыстану 
ғылыми профильдің бірлігі қалыптасады. Бұл музейдің құрылысына әсер етеді. 
Сәйкесінше, музейдің тарихи да, табиғи да бөлімдері қалыптасады. Сонымен 
қатар, бөлімдер өлкетану музейлерінің қорлық коллекцияларының құрамына 
байланысты анықталады. Тарихи және табиғи бөлімдердің негізгі мақсаты – 
экспозиция мен көрме ұйымдастыру, коллекцияларды іріктеп-жинақтау мен 
зерттеу болып табылады. Ал қор бөлімі коллекциялардың есебі мен оларды 
іріктеп-жинақтау, оларды ғылыми өңдеу, ескерткіштерді сақтау қызметтерін 
атқарады. Көркемдік-жабдықтау бөлімі экспозиция мен көрме ұйымдастыруға 
тікелей қатысады. 
Музей қорларын негізгі және айырбас, ғылыми-қосалқы қорлар құрайды. 
Музейдың ғылыми мекеме ретіндегі ерекшелігін анықтайтын шешуші қор, бұл 
– негізгі қор болып табылады. Бұл – тарихи, материалдық және рухани мәдени, 
әдеби тұпнұсқа-ескерткіштерін жинақтайтын, сақтайтын қор. Яғни, өлкетану 
музейінен негізгі қордан ескерткіштерді алу Мәдениет министрлігінің 
шешімімен жүзеге асады. Кез-келген негізгі қордың құрамындағы өзгерістер 
(алу, беру әрекеттері) заңды түрде құжатталынуы тиіс. 
Айырбас қорын профильден тыс жадығаттар, көшірмелер құрайды. Міне, 
музейдің осы қорының есебінен музейлер өзара ескерткіштермен алмасып 
отырады. 
Ғылыми-қосалқы қордың жадығаттарын экспозиция, көрме немесе басқа 
да мақсатпен музейдің өзі істеген немесе арнайы тапсырыспен істелген түрлі 
заттар құрайды. 
Қорды іріктеп-жинақтау. Музейдің қалыптасуына алғышарт болып 
табылатын негізгі қорды іріктеп-жинақтау оның қызметінің бірден-бір маңызды 
қыры болып табылады. Музей коллекциялары үнемі толығып отырады және 
оларды зерттеу де толасыз жүріп отырады. Өйткені музейдің ғылыми-
зерттемелі жұмыстары түпнұсқаларды жинақтауға негізделген. Музейге деген 


72 
қоғамдық сұраныс өскен сайын, музейдің профиліне сәйкес ғылыми 
проблеманы зерттеу тереңдей түседі, ол осындай ғылыми зерттеулердің 
нәтижесінде үнемі коллекцияларын толықтырып отырады. Оларды іріктеп-
жинақтаудың мақсаты – халық үшін саяси, ғылыми және көркемдік 
құндылықты құрайтын түпнұсқа-есккерткіштерді – түпдеректерді сақтау, 
жеткізу; экспозициялар мен көрмелердің үнемі жетілуін қамтамасыз ете 
отырып халықтың кең ауқымын ұлттық құндылықты бағалауға жетелеу болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет