Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет42/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
§11 Тарихи-өлкетанулық сабақтық және сабақтан тыс жұмыстардың 
мазмұны мен маңыздылығы. 
§11.1 Тарих сабағында өлкетанулық жадығаттарды қолдану 
шеберлігі. 
Мектепте жүргізілетін өлкетану жұмыстары, яғни туған өлкенің тарихын 
зерттеу, соның нәтижесінде жиналған жадығаттарды оқу-тәрбие жұмыстарында 
жоспарлы, жүйелі түрде пайдалану аса маңызды. Егер де мектепте бұл жұмыс 
жақсы жолға қойылып, жиналған жадығат мектеп музейінде, немесе өлкетану 


97 
бұрышында сақталса және ол жадығат ретіне қарай тарих сабақтарында 
пайдаланылып отырса, онда осы пәнді оқытудың алдына қойылған үш міндетті: 
білімдік, тәрбиелік, дамытушылықты ойдағыдай жүзеге асыруға үлес қосады. 
Тарихты білу - өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын 
білуден басталады. Өзінің тегін, оның тарихын білмеген адам өз халқының 
тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа 
халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де, сыйлай да 
алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған 
оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттігін дәлелдейді. 
Сондықтан да болар қазіргі Қазақстан Республикасының жалпы білім 
беретін мектептерінде туған өлке тарихын зерттеудің, оның жадығаттарын оқу 
тәрбие жұмысында пайдаланудың мол тәжірибесі жинақталған. Рас, бұл 
мәселеге мектептерде Кеңес дәуірі кезінде де жақсы көңіл бөлінді, әсіресе Ұлы 
Отан соғысы аяқталғаннан кейін, яғни өткен ғасырдың қырқыншы 
жылдарының екінші жартысынан бастап бұл жұмыс өріс ала бастады. 
Мектептерде өлкетану жұмыстарының өрістеуіне кеңес мемлекетіндегі айтулы 
тарихи даталардың: осы мемлекеттің, сондай-ақ оған басшылық етіп отырған 
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрылғанына 50, 60, 70 жыл толу 
мерекелері, сол партия көсемі В.И. Лениннің туғанына 100 жыл, 110 жыл толуы 
сияқты үлкен мерекелерді лайықты қарсы алуға бағытталып, бүкіл елде 
жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары да әсер етті. Дегенмен мектептердегі 
өлкетану ісі өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысынан бастап 
біршама әлсіреді. Бұған сол кезде елде қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік 
жағдайлар себеп болды деу орынды.
Қазақстанның тәуелсіз Республика болып жариялануы, халыққа білім беру 
саласындағы оң өзгерістер, әсіресе мектептің оқу жоспарына Қазақстан 
тарихының дербес оқу пәні ретінде ендірілуі, оның жаңа бағдарламалары мен 
оқулықтарының көп таралыммен, әрі бірнеше рет басылып шығуы 
мектептердегі тарихи өлкетану жұмысының бұрынғыдан да жандана түсуіне 
әсер етті. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихқа 
басым көңіл бөлуі, еліміздің халықтарын, әсіресе жастарды алдымен өз 
халқымыздың тарихын оқып үйренуге үндеуі, 1997 жылды «Жалпыұлттық 
татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылды 
«Халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы», ал, 1999 жылды «Ұрпақтар бірлігі 
мен сабақтастық жылы» деп жариялауы, Абай және Жамбылдың 150, Түркістан 
қаласының 1500, М. Әуезовтың, Қ. Сәтбаевтың, Ғ. Мүсіреповтың туғандарына 
100 жыл толу мерекелерін БҰҰ ЮНЕСКО Комитеті арқылы дүниежүзілік 
шеңберде өткізуі халқымыздың өз тарихына тереңірек үңіле бастауына сөзсіз 
зор әсер етті. Халқымыздың көптеген біртуар азаматтарының тарихтан 
өздерінің лайықты орындарын алуы, олар туралы көптеген монографиялық, 
ғылыми-көпшілік, көркем-әдеби еңбектердің жарыққа шығуы мектептерде 
тарих пәнінің оқытылуын, тарихи-өлкетану жұмыстарын жақсарта түсті. Бұған 
бірқатар мектептердің «Туған өлке тарихы мен мәдениеті» атты бағдарламалар 


98 
мен шағын оқу құралдарын шығарғаны, мерзімді педагогикалық басылымдарда 
жарияланған ғылыми-әдістемелік, тәжірибе алмасу мақалалары дәлел болады. 
Жоғарыдағы айтылғандарға қарамастан мектептердегі тарихи-өлкетану 
жұмыстары кемеліне келді деуге ерте. Алда істелетін жұмыстар өте көп. 
Тарихи-өлкетану жұмыстары барлық мектепте ойдағыдай жүргізіліп жатқан 
жоқ. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының басқа салалары сияқты бұған нарық 
экономикасы қыспағының зияны тигені белгілі. Осыған қарамастан тарихи-
өлкетану жұмысы барлық мектепте етек алуы тиіс. Алдымен бұрыннан 
жинақталған жадығаттарға қоса еліміз тәуелсіздік алған соңғы жиырма жылда 
өлкеде болған жақсылықтар мен өзгерістерді көрсететін жадығаттар 
топтастырылып, күнделікті оқу-тәрбие жұмысында да, ата-аналар арасында 
жүргізілетін қоғамдық-көпшілік жұмыстарда да пайланылуы керек. 
Туған өлке тарихы ғана емес, біздің үлкен Отанымыз тарихы да әлі түгел 
зерттеліп болған жоқ. Егер де әрбір мектеп өз өлкесінің, ауданының аймағын 
жан-жақты да терең зерттей алса Отанымыз тарихына жаңа беттердің 
қосылатыны сөзсіз. Сондықтан да мектеп тарихшылары туған өлке тарихын 
зерттеуге шәкірттерін белсене қатыстыра отырып, өлкетанулық жұмыстарды 
өрістеткені дұрыс. 
Тарихи өлкетану жадығаттарын сабақтарда пайдалану және оны 
ойдағыдай өткізу ең алдымен, мұғалімнің дайындық дәрежесіне және оның 
өлке тарихын қаншалықты терең меңгергендігіне байланысты. 
Мұғалімнің дайындығы өлке тарихына қатысты әдебиеттерімен танысудан 
басталады, бірақ одан аяқталмайды. Сонымен бірге музейлер мен мұрағаттарға 
барып өлкетану жадығаттарымен танысу, көпті көрген қариялармен әңгімелесу, 
археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларымен танысу, өлке 
топонимикасын зерттеу т.б. жұмыстар істеу қажет болады. 
Өлкетанулық мәліметтер беретін деректермен жұмыс істеудің келесі 
бағыттарын ұсынуға болады: 
- өлке тарихы бойынша мақалалар мен кітаптардың библиографиясын 
құру; 
- өлке немесе қала, аймақ тарихына қатысты монографиялармен және 
ғылыми-танымдық әдебиеттермен танысу; 
- егер болса, өлке тарихы бойынша оқу құралдарымен және жергілікті 
мұғалімдердің оқу-әдістемелік құралдарымен танысу; 
- жергілікті өлкетану музейлерінің экспозицияларымен және қорларымен 
танысу; 
- тек ағымдағы жадығаттардан ғана емес, сонымен бірге белгілі бір уақыт 
аралығында өлкенің өткенін жариялайтын, оның белгілі қоғам қайраткерлері 
туралы мәліметтерін беретін очерктерден тұратын жергілікті баспасөз 
басылымдарын қарау; 
- өлкенің өткен тарихынының дерек көздері болып табылатын мұрағат 
қорларын, құжаттарын анықтау, зерттеу; 
- жергілікті жердің, ауданның, аймақтың, республиканың статистикалық 
жинақтарынан өлкелік статистикалық мәліметтермен танысу, жинақтау 


99 
- көпті көрген қариялардың, оқиға куәгерлерінің ауызша әңгімелерін 
қағазға түсіру арқылы тарихи жадығаттарды жинақтау. Алайда тәжірибе 
көрсеткендей, естеліктер мен әңгімелер барысында берілетін мәліметтердің 
көпшілігінде қателіктер кездеседі және нақтылық болмайды. Мәселен, бір 
әңгімеші берген мәліметінде кейбір мәселенің естен шығып кетуіне 
байланысты кейбір маңызды фактілер аталмай қалуы мүмкін немесе фактілер 
араластырылып жіберлуі мүмкін, екіншісі, фактіні өзі ұстанған көзқараспен 
немесе иемденген өзге адамның көзқарасы тұрғысанан беруі мүмкін. 
Сондықтан барлық мәліметтерді әбден тексеру керек. Ол үшін түрлі 
адамдардың естеліктерін салыстыру керек, содан соң оларды кітаптар мен 
баспасөз басылымдарында берілген фактілермен салыстыру қажет. 
Өлке тарихы Қазақстан курсының жеке немесе проблемалық тақырыбы 
болуы мүмкін. Бұл тақырыптар басқа курстың тақырыптары секілді өзінің 
танымдық және тәрбиелік құндылықтары негізінде өмір сүруге құқылы және ол 
курстың құрамдас бөлігі болып табылғандықтан оны оқыту белгілі бір жүйе 
бойынша жүзеге асады: 1) курста оқытылатын негізгі оқиғаның барысы сол 
жердің тарихымен шектелетін болса. Мәселен, «С.Датов бастаған ұлт-азаттық 
көтеріліс (1783-1797 жж.)» деген тақырып; 2) тарихи оқиға жергілікті жердің 
тарихында маңызды орын алса. Мәселен, «Батыс Қазақстан – Сталинград 
майданының жақын тылы» деген тақырып. 
Қазақстан Республикасының тарихы бойынша сабақтарда өлкетану 
элементтерін қолданудың төмендегідей тәсілдерін анықтауға болады: 
а) сабақта немесе сабақтан тыс қаралып жатқан кейбір мәселелерді 
түсіндіруде өлкетанулық жадығаттарды қосымша ретінде қолдану; 
б) сабақтың негізгі мәселелерін түсіндіруде өлкелік мысалдармен 
нақтылау; 
в) сабақтың тақырыбын немесе кейбір мәселелерді түсіндіруде өлкетану 
жадығаттарын негізгі дерек көзі ретінде қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет