92
жергілікті кәсіпорындар шығаратын құралдар
мен механизмдер модельдерін
дайындайды. Алайда бұлар өлке өнеркәсібінің тарихын зерттеу тұрғысынан
түпдеректер болып табылмайды. Олар ғылыми-қосалқы қорға жатады. Бірақ
мектептік музей профилі мектеп тарихының бір құрамдас бөлігі болғандықтан,
бұл модельдер – мектептегі техникалық шығармашылықтың дамуына дәлел
ретінде маңызды үлгі болып табылады және олар бұл тақырыпты зерттеуде
оқушылар үшін түпдеректер болып табылады.
Осыны негізге ала отырып
модельдерді негізгі қорға жатқызуға болады.
Оларды іріктеп жинақтау. Мектептік музейді құру міндеті қойылған
кезден бастап, оның болашақ профилі анықталады, содан соң профильге сәйкес
жадығаттарды жинақтау басталады. Негізгі қордың түпнұсқа-ескерткіштерін
іріктеп-жинақтау ұзақ үрдіс болып табылады. Ол үшін алдын-ала жадығаттарды
жинақтау әдістері анықталып, зерттеу үнемі жетілдіріліп отырылуы тиіс.
Қазіргі кезде музей қорлары белгілі бір тарихи құбылыстардан өз көрінісін
табатын
экспозициялар
мен
жүйелі
коллекцияларды
қалыптастыру
міндеттеріне сәйкес туындайтын талаптарды орындау арқылы іріктеп
жинақталады.
Негізгі қорға жадығаттарды жинақтау төмендегідей жолдармен жүзеге
асады:
1. зерттегелі отырылған мәселе бойынша ескерткіштерді жоспарлы түрде
жүйелеп жинақтау;
2. жадығаттарды экспедиция барысында жинақтау;
3. тартулар мен кездейсоқ олжаларды қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: