Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет45/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

Тарихи өлкетану жадығатын тарих сабақтарында және мектептің 
басқа да оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану. Жалпы білім беретін мектепке 
арналған тарих, әсіресе Қазақстан тарихы бағдарламаларында көлемді де 
маңызды тақырыптардан кейін «... жылдардағы біздің өлке» деген мәселелер 
ендірілген. Осы бағдарламалық ұсыныстарды жүзеге асырғанда төмендегілерді 
ескерген дұрыс. 
1. Туған өлке жадығаты бағдарламадағы негізгі жадығатқа қосымша болып 
есептелінеді, сондықтан да ол ешуақытта бағдарламалық жадығатты ауыстыра 
алмайды, оның орнына да жүрмейді. Туған өлке жадығаты өтіліп жатқан 
материалды нақтылау үшін, оқушыларға таныс, жақын өмірден мысал келтіре 
отырып оларды тарихқа, тарих сабақтарына қызықтыру үшін қажет. 
2. Осыған қарамастан сабаққа қойылатын үш міндет: білімдік, тәрбиелік
дамытушылық туған өлке 
жадығатына да қойылады. Тәжірибеде 
байқағанымыздай бұл міндеттер өлке жадығатын тиімді пайдаланған кезде 
ойдағыдай орындалады. Өйткені өлке жадығаты оқушылардың түсінуіне 
қиындық келтірмейді, таныс болғандықтан тәрбиелік мақсатқа да, 
оқушылардың ойлау қызметін дамыту үшін де еркін пайдалануға болады. 
3. Қазіргі бағдарламалар мен оқулықтардағы оқу жадығаттарының тым 
тығыздығын ескере келіп, мүмкін болғанынша өлке жадығатына арнайы 
сабақтарға онша көлемді емес шағын, тартымды, нақты жадығаттарды 
пайдалған дұрыс. 


103 
4. Өлке жадығатын сабақта пайдаланудың әдіс, тәсілдері көп. Мәселен, 30-
жылдардағы сауатсыздықты жою туралы айтып тұрып мұғалім, өз аулындағы 
ересек адамдардың сауат ашу мектебінің жұмысы туралы бір қызықты 
эпизодты өзі айтып берсе, енді бір сабақта оқушы жергілікті мұрағат пен 
музейден алған жадығатқа негізделген баяндама-хабарын оқыса (5-6 минут), 
белгілі бір тарихи кезеңдегі экономика мәселесін оқытқанда өлкенің 
шаруашылық дамуын кестелердегі цифр мәліметтері арқылы көрсетіп, 
түсіндірсе, тағы бір сабақта өлкедегі тарихи оқиға туралы көркем әдебиет 
үзіндісі оқылса немесе оқиға туралы оқушылар тарихи құжатпен өздігінше 
жұмыс істеп, соңынан мұғалім қойған сұрақтар бойынша құжатты бірлесіп 
талқыласа, сабақ мазмұнына қарай тарихи оқиғалардың куәгерлерін сөйлетсе 
т.б. болады. 
5. Өлке тарихына байланысты жиналған жадығаттар басқа сабақтарда да 
пайдаланылады. Әсіресе бастауыш сыныптардың тәрбие сағаттарын өткізу, ата-
аналарды тарихи күндері өз өлкесінің тарихымен таныстыру да пайдалы. 
Мектептегі туған өлке тарихын ұйымдастыру, жоспарлау. Туған-өлке 
деген атаудың қамтитын аумағы бірыңғай бола бермейді. Кейбір мектеп өз 
ауылы мен оның төңірегін, мектеп орналасқан қаланы, не оның белгілі бір 
ауданын, енді бір мектеп аудан, тіпті облыс аумағын зерттеуді мақсат етеді. 
Сондықтан мектептегі өлкетану жұмысын әу бастан дұрыс ұйымдастырып, 
жұмысты мұқият жоспарланған дұрыс. Әдетте өлкетану жұмысының жоспары 
мектептің бүкіл оқу-тәрбие жұмысы жоспарының құрамды бөлігі болып 
саналады және көбіне сыныптан, мектептен тыс жұмыстар жоспарымен бірге 
жасалады. Демек сол үлкен жоспармен үйлестірілуі тиіс. Тәжірибеде 
байқағанымыздай, бұл жұмысты көбіне тарих, география, әдебиет пәндері 
мұғалімдері бірлесіп ұйымдастырады, мұның өзі жұмыс жүргізу үшін қолайлы. 
Туған өлкенің жадығатын жинағанда алдымен мектептің оқу-тәрбие 
жұмысына, тарих және басқа да пәндерді оқытқанда қандай жадығаттардың 
қажеттігі ескеріледі және оларды қайдан, қандай объектілерді зерттеп алуға 
болатыны анықталады. Осыдан кейін барып тарихи өлкетану жұмысының 
мақсаты мен міндеттерін белгілеуге болады. 
Алдымен өлке тарихынан алынатын фактілер мен оқиғалардың 
төмендегідей талаптарға сәйкес келгені дұрыс: 
а) алынған жадығаттың осы өлке тарихына ортақ, аса маңызды және 
оқушылардың бүкіл еліміз тарихымен қоса түсінуіне ыңғайлы, қиындық 
келтірмейтін болуы; 
ә) анық, айқын эмоциялы фактілері бар оқиғалар оқушылардың санасына 
да, сезіміне де әсер ететіндей болуы; 
б) мүмкін болғанынша оқушыларды қарапайым болса да зерттеушілікке 
қатыстыруға жағдай жасауы
в) оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігін қалыптастыруы және 
оларда күнделікті қажетті істерге қатысу қабілетін дамыта алуы; 
г) оқушыларда туған өлкеге деген қадір-құрметті оята отырып, сол арқылы 
туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруы керек.


104 
Тарих пәнінің жүргізілетін сыныптан тыс және өлкетану жұмыстарын 
мұғалімдердің басшылығымен жоғары сынып оқушылары жүргізеді. Ол үшін 
оқушылардан арнайы қоғам құрылады. Ол жұмыс жоспарын жасайды, жоспар 
оқушылардың белсене қатысуымен талқыланып, ұсыныстар мүмкіндігінше 
ескеріледі. Осы жоспардағы мектептен тыс жүргізілетін жұмыстардың көбі 
туған өлкені зерттеуге қатысты. 
Төменде көпшілік мектептерде өлкетану жұмысына қатысты жоспарларда 
жиірек кездесетін іс-шараларды атап өтейік: 
1. Туған өлкені зерттеуді ұйымдастыру жұмыстары; 
2. Тарихи-өлкетану қоғамын құру; 
3. Тарихи-өлкетану экскурсиялары; 
4. Тарихи-өлкетану ескерткіштерін зерттеу үшін алыс жерлерге жорықтар 
ұйымдастыру; 
5. Археологиялық жұмыстар жүргізу, археологиялық экспедицияларға 
қатысу; 
6. Тарихи-өлкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыру; 
7. Тарихи-өлкетану кешін дайындау және өткізу; 
8. Экспедиция қорытындысы бойынша есеп беру және тақырыптық көрме 
ұйымдастыру; 
9. Тарихи-өлкетану тақырыбына конференция, пікір-сайыс, талқылаулар 
ұйымдастыру; 
10. Тарихи-өлкетану жұмысының барысы туралы бюллетень, қабырға 
газетін, қолжазба журналдарын шығару т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет