Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет40/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 
§10 Өлкетанулық библиографияға түсінік, оның оқу процесіндегі 
маңыздылығы. 
§10,1 Библиографияға түсінік және оның салалары. 
Библиография (көне грекше: «biblion» – кітап және көне грекше: «drapho» 
– жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі 
насихаттайтын ғылыми-тәжірибелік қызметтің бір саласы. 
Ол 
кітаби 
мұраларды, 
библиография 
тарихын, 
теориясын, 
библиографиялық қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән 
ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, 
ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография 
ғылым мен мәдениеттің дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-
зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, 
философиялық және эстетикалық көзқарастарды, техника жетістіктерін 
таратуға мүмкіндік туғызады.
Ежелгі Грекияда пайда болып, кітап шығару ісімен тығыз байланысты 
әдеби және ғылыми сынмен салаласа дамыған. Кейін білімдердің дараланып, 
сала-салаға бөлінуіне байланысты библиография ғылымның жеке бір саласына 
айналды. Қазақстанда 1937 жылы баспа өнімдерінің міндетті данасын бір 
орталыққа жинау белгіленген. Осының негізінде баспасөз өнімдерін тіркеу 
және оларды мазмұнына, ғылыми және идеялық мәніне қарай топтастыру 
жұмыстары жүрді. Яғни, олар басылым түрлеріне (кітап, мерзімді баспасөз, 
т.б.), сыртқы белгілеріне (авторы, атауы, жарыққа шығу мерзімі мен орны), 
мазмұнына (тақырыптық, пәндік, жүйелілік) қарай топтастырлады. 
Библиографияда баспа туындыларына библиографиялық сипаттама 
берудің маңызы ерекше. Ол белгіленген ереже бойынша жасалады. 
Библиографиялық сипаттамада автордың аты-жөні, тегі, шығарманың 
тақырыбы, басылым орны, мерзімі, көлемі туралы мәлімет беріледі. Қажет 
жағдайда мазмұндалған (аннотацияланған – Ж.М.) сипаттама жасалады. 
Библиография атқаратын қызметіне қарай – ретроспективті (ағымды, өткенді 
шолу – Ж.М.) және перспективті (басып шығаруға дайындалған өнімдер – 
Ж.М.), тақырыбына қарай – салалық, өлкетану, елтану, сын және жалпы 
әмбебап болып бөлінеді. Сонымен қатар, библиографияның қосымша түрлері – 
библиографияның жалпы жағдайын, дамуын қадағалайтын және еліміздің 
белгілі ғалымдарының, ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің өмірі 
мен қызметі туралы мәлімет беретін библиография деген түрі де болады. 
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың өркендеуіне байланысты кітапханалық 
үрдістер де автоматтандырылған. Библиографтар құрастырған көрсеткіштерді 
белгілі бағдарлама бойынша компьютерлерде басып шығарады.


96 
Тарихи өлкетану курсы үшін маңыздысы мерзімді басылымдар мен 
өлкетану 
библиографиясы. 
Бұлардан 
өлкелік 
зерттеулерге 
қажетті 
жадығаттардың қай баспасөз басылымдарынан және арнаулы оқулықтар мен 
монографиялардан іздестіруге болатынын анықтаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет