Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Топонимика дегеніміз не?
2. Ономастика дегеніміз не?
3. Антропоним дегеніміз не?
4. Топонимикалық материалдарды жинақтауға көмектесетін сұрақтар құрастыр.
5. Масштабына қарай карталар неше түрге бөлінеді?
6. Жер және оның бетіндегі құрлықтар қандай карталар жіктеліміне таралады?
7. Мазмұнына қарай карталар бөлімдері?
8. Ең ежелгі карталар қай елдерде жасалған?
9. Картада тарихи қозғалыстар қандай шарттармен көрінеді?
Дәріс №11-12 Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Мерзімді басылымдар – өлкетанулық зерттеулер үшін жазба дерек көздерінің маңызды түрі.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге өлкетанулық зерттеулерде мерзімді басылымдардың қызметі, маңыздылығы, оларды сыныптау проблемалары жөнінде мәліметтер беру.
Тірек сөздер: мерзімді басылым, жазба дерек, сыныптау.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Мерзімді басылымдардың дерек көзі ретіндегі ерекшелігі мен маңызы. 2. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы баспасөздің өлкелік қызметі.
Дәрісте Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын құрайтын мерзімді басылымдарды И.Я. Бисктің бөлуі бойынша төрт тобы сипатталады, газеттер мен журналдардың бір-бірінен айырмашылығы ашылады, газеттер мен журналдарды әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше ұсақ топтары, «Түркістан уәлаяты газеті», «Дала уәлаятының газеті», «Уральские войсковые ведомости», «Уральский листок», «Уралец», «Қазақстан» басылымдарының тарихы мен маңызыдылығы талданады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының жазба деректері ретінде маңыздылығы?
2. Зерттеуші И.Я. Биск бөліп көрсеткен мерзімді басылымдардың тобы?
3. Мерзімді басылымдардың мерзімділігіне қарай түрлері?
4. Газеттер мен журналдардың әр түрлі белгілеріне қарай ұсақ топтары?
5. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы мерзімді басылымдардың жіктелуіне қарай негізгі тенденциялары?
6. Орал губерниясының атқару комитеті қашан архив бюросын құру жөнінде шешім қабылдады?
7. Ол қашан Орал облыстық мемлекеттік архиві болып құрылды?
8. Қашан одан Атырау архиві бөлініп шықты?
9. «Уральские войсковое ведомости» атты апталық газеттің мазмұны?
10. Ордада қашан тұңғыш кеңестік екі тілдегі «Хабар» басылымы жарық көрді?
11. Өлкедегі нағыз халықтық – демократиялық нышандағы басылым қашан жарық көрді, басылым атауы, редакторы?