Мухангалиева Жанар Кажмуханбетовна, аға оқытушы, т.ғ. к. (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2022 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет16/49
Дата16.10.2023
өлшемі307,48 Kb.
#116570
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
ОӘК. Тарихи өлкетану. 5-кредит Мухангалиева Ж.К. 2022 жыл

Дәріс №13-14
Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Өлкені зерттеудің дерек көзі ретінде – мұрағат құжаттарыныңмаңызы.
Дәрістің мақсаты: Өлкедегі болған тарихи құбылыстарды зерттеуде түпдеректер болып табылатын-тарихи мұрағат құжаттарын пайдалану ережелерін таныстыру, жергілікті жердегі облыстық мұрағат жөнінде ақпарат беру.
Тірек сөздер: Мұрағат, Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Өлкені зерттеудің дерек көзі ретінде – мұрағат құжаттарының маңызы және оны қолдану ережелері. 2. Батыс Қазақстан облысының мұрағаты.
Дәрісте мұрағат мекемесінің сипати, «қор» ұғымына түсінік, көрсеткіш, шолу, ғылыми-анықтамалық аппарат, электрондық құжаттар мұрағаты, орталық сараптау комиссиясы немесе сараптау комиссиясы, тізілім, ақпараттық ресурстар, тізімдеме қызметтері сипатталады. Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының тарихы, қазіргі таңда даму жағдайы ашылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мұрағат дегеніміз не?
2. Мұрағатта жұмыс істеуге рұқсат ететін қатынас қағазды кім береді?
3. Мұрағатта кімнің рұқсатымен жұмыс істеуге болады?
4. Мұрағатта жұмыс істеу ережесі неше топтан тұрады?
5. Орал губерниясының атқару комитеті қашан мұрағат бюросын құру жөнінде шешім қабылдады?
6. Ол қашан Орал облыстық мемлекеттік мұрағаты болып құрылды?
7. Қашан одан Атырау мұрағаты бөлініп шықты?


Дәріс №15-16
Сағат көлемі: 2
Тақырыптың атауы: Ауызша халық шығармашылығының туған өлке тарихын оқып-білудегі рөлі.
Дәрістің мақсаты: Ауызша халық шығармашылығының деректік негізін көрсету, жинақтау, пайдалану әдіс-тәсілдерін, ережелерін үйрету.
Тірек сөздер: Фольклор, шежіре, айтыс, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар т.б.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны: 1. Туған өлке тарихын оқып-білудегі ауыз әдебиеті нұсқаларының маңызы, оны жинақтау мен жүйелеу әдіс-тәсілдері. 2. Фольклордың түрлік ерекшеліктері: шежіре, аңыз-әңгімелер, айтыс, жыр-дастандар.
Дәрісте «фольклор» ұғымына түсінік беріледі, ауызша халық шығармашылығы дерек көзі ретінде рөлі, ауызша халық шығармаларының түрлік ерекшеліктері ашылады, ауыз әдебиеті нұсқаларынжинақтау мен жүйелеу әдіс-тәсілдері көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет