Мухитдинов на печать indd


Ихтиләм ملاتحا – ұйықтап жатқан кезде мәнидің бөлінуі. Ишан



Pdf көрінісі
бет101/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200
Ихтиләм ملاتحا – ұйықтап жатқан кезде мәнидің бөлінуі.
Ишан. 
«Құдай бір, пайғамбар хақ, бек нанамын
Бұқарға Хиуамен көп барамын. 
Мешіттің ғалым ишан бәрін көрдім
Білмесем мен сауапты неге барамын?» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Ишара ةراشإ – ым-белгі, тұспал.
Йархамукаллаһ الله كمحري – түшкіріп, «әлхамду лилләһ» деп айтқан адамға 
айтылатын «Аллаһ саған рақым етсін!» деген дұғалық сөз.


137
К
Кифая парыз. Парыз кифая. 
«Шейіттен басқа барлық мәйітке ғұсыл құю – мұсылмандарға кифая парыз» 
(Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбай, Ислам ғылымхалы).
Кәлам. Сөз.Алла тағаланың сифат субутия деген жеті сипаты. 
Әуел – хаят яғни тірі-ді, біздің ақылымыз жетпейтін тірлікпен алим болушы-
ды, құдірет күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ 
естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес, басар көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес, 
ирадат тілеуші, яғни әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін тілеген уақытында дүниеге 
шығарушы, такуин жоқтан бар етуші-ді, кәләм сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жет-
пейтін сипатпен, бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, әріппен, дауыспенен емес 
(А.Мұқашева, Ыбырай Алтынсарин, Өмірі мен шығармалары).
Кәлам ілімі. Кәлам ғылымы. Ақида ілімінің бір атауы. Бұл атау Алла таға-
ланың «кәләм» сипаты төңірегінде туындаған түрлі пікірлердің себебінен пайда 
болған. 
Алғашқы кәламшылардың көзқарастары бойынша, кәлам ғылымының тақы-
рыбы «Алла тағала Оның иләһи сипаттары» болды (Қ.Ержан, Ислам ақидасы).
Кәламшы. Кәлам ілімінің маманы. 
Алғашқы кәламшылардың көзқарастары бойынша, кәлам ғылымының тақы-
рыбы «Алла тағала, Оның иләһи сипаттары» болды (Қ.Ержан, Ислам ақидасы). 
Бұл кәламшылар көне кәламшылардың көптеген тақырыбын зерттеп, кәлам 
тақырыбы «бар болған бүкіл болмыс» деді (Қ.Ержан, Ислам ақидасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет