Мухитдинов на печать indd


Кәлима ةملك – сөз. Діни термин ретінде «Аллаһтан басқа құдай жоқ» деген  мағынада қолданылады. Кәлима әт-таухид



Pdf көрінісі
бет102/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   200
Кәлима ةملك – сөз. Діни термин ретінде «Аллаһтан басқа құдай жоқ» деген 
мағынада қолданылады.
Кәлима әт-таухид ديحوتلا ةملك – «Лә иәләһә иллаллаһ. Мухаммаду расулуллаһ» 
деген сөз. Мағынасы: Аллаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһтың елшісі. 
Кәлимаға тіл келтіру – «Лә иәләһә иллаллаһ. Мухаммаду расулуллаһ» (Ал-
лаһтан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһтың елшісі) деген сөзді тілімен айту
жүрекпен бекіту, осы сенімге сай амал жасау.
Кәлимуллаһ. Муса пайғамбарға берілген лақап ат. Құранда «Һәм (адамдарға) 
саған бұрын Біз баяндап берген елшілерді де, саған баяндап бермеген елшілерді де 
(жібердік). Әрі Алла Мұсамен (тікелей) нақ сөйлескен» («Ниса» сүресі, 164-аят).


138
Кәнз زنك – қазына, көмбе. Шариғатта адамдардың жерге көмген байлығы, қа-
зына, көмбе «кәнз» деп аталады. Зекет тарауында көп кездесетін термин.
Кәрім ميرك – құрметті, сыйлы, қадірлі. Құран кәрім – құрметті Құран.
Кәусар. Кәусер.رثوك – Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарға берген жан-
наттағы сүттен ақ, балдан тәтті, жұпар иісті өте берекелі өзен. Ол өзеннен Қиямет 
күні Мұхаммед пайғамбардың үмбеті сусынданады. 
«Әулиенің дәл өзі болмасам да, 
Кандидат боп жүруші ем ізгі санға. 
Ұшпақ кірмек, хор құшпақ, кәусер ішпек, 
Ғилман болмақ боп жүрем дұрыс жолда» (Б.Күлеев, Шығ.).
Кәпір رفاك – теріске шығарушы, мойындамаушы. Жаратушының жалғыздығын 
растайтын толып жатқан дәлелдерді теріске шығарып, Аллаһқа сенбеген адам. Не-
месе Аллаһқа сенбейтін, Оның дініне қарсы шығатын, ақиқатты мойындамайтын 
имансыз адам.
Кәфә-ә ةءافك – ер кісінің үйленейін деп жатқан жұбайына шығу тегі, байлығы, 
қоғамдағы орны жағынан тең не жоғары болуы.
Кәффарат ةرافك – шариғат рұқсат етпеген істі істеп қойған кезде, жаза үшін 
жасалатын амал немесе берілетін зат. Яғни күнәнің өтемі және осы мақсатпен жа-
салатын амал.
Кәһин نهاك – көріпкел, сәуегей, абыз. Исламға дейін арабтарда еліріп есінен 
танған кезінде тәңірмен немесе оның елшілері – періштелермен не жындармен бай-
ланысамын деп сендіретіндерді осылай атаған. Болашақта не болатынын Аллаһтан 
басқа ешкім білмейтіндіктен, адамдарды алдап, болашағыңды болжап беремін деп, 
көріпкелдікпен айналысу өте ауыр күнәға жатады. Сонымен қатар көріпкелдерге 
бару да, олардың айтқандарына сену де күнә болып табылады. 
Кебін نفك – қайтыс болған мұсылман адамды орайтын ақ мата. Кебіннің ең 
азы әуретті жауып тұруы тиіс. Ал мүмкіндік болса, ер кісілерді үш матамен, әйел 
адамдарды бес матамен кебіндеу – сүннет.
Кербала. Ирақ мемлекетінің аумағында орналасқан елді мекен. Ол жерде Әли 
ибн Абу Талибтің екінші ұлы Хусейн шаһид болған. 
«Ол қайтыс болған күнді шиғалар аза тұтып, ол жерге зиярат етіп барады. 
Әзіреті Әлінің үрім-бұтағы түп-түгел шаһид болып қырылып кететін, әлгі ... Керба-
ланың шөлі осы емес пе?» (Ә.Нүрпейісов).


139
Керемет ةمارك – Аллаһ тағаланың кейбір салиқалы, тақуа, шариғат заң-
дылығын мүлтіксіз орындайтын әулие құлдарына беретін әдеттен тыс берген ға-
жайып құбылыстары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет