Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет113/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   200
Құнұт дұғасы. Шариғатта құнұт дұғасының екі түрі бар: 
1) Әбу Абдур-Рахман: «Ибн Масғуд бізге құнұт дұғасын былай оқуды үйретті: 
«Аллаһуммә иннә нәстәъинукә, уә нәстәғфирукә, уә ну’мину бикә уә нусни ъаләй-
кәл-хайра уә лә нәкфурукә, уә нәхләъу уә нәтруку мән йәфжурук. Аллаһуммә ийәкә 
нәъбуду, уә ләкә нусалли уә нәсжуд, уә иләйкә нәсъа уә нәхфид, нәржу рахмәтәкә уә 
нәхшә ъазәбәк. Иннә ъазәбәкәл-жидди бил-куффәри мулхиқ» (Мусаннаф Ибн Әбу 
Шайба). Мағынасы: Уа, Аллаһ! Расында, біз Сенен ғана көмек пен кешірім тілеп, 
Саған ғана иман келтіреміз. Сені (барлық) жақсылықтармен мадақтаймыз әрі күпір-
лік жасамаймыз. Саған қарсы шыққандардан безіп, оларды тәрк етеміз. Уа, Аллаһ! 
Біз Саған ғана құлшылық етеміз, Саған ғана намаз оқып, сәжде жасаймыз. Саған 
қарай ұмтылып, асығамыз әрі Өз рақметіңнен үміт етіп, азабыңнан қорқамыз. Шын 
мәнінде, Сенің азабың кәпірлерге жетеді. 
2) Хасан ибн Әли (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Атам (яғни Пайғам-
бар (с.а.с.)) маған үтірдің құнұтында айтатын: «Аллаһуммә иһдини фимән һәдәйт. 


152
Уә афини фимән афайт. Уә тәуәллини фимән тәуәлләйт. Уә қини шарра мә қадайт. 
Уә бәрик ли фимә әътайт. Иннәкә тақдый уә лә юқда ъалайк. Фәиннәһу лә юзәллу 
мән уәләйт. Субхәнәкә раббанә тәбәрактә уә таъалайт» деген сөздерді үйретті», – 
деді (Мусаннаф Ибн Әбу Шайба). Мағынасы: Аллаһым! Мені дұрыс жолға салған-
дарыңмен бірге дұрыс жолға сала гөр, кешіргендеріңмен бірге кешіре гөр, Өзің 
қамқоршысы болғандармен бірге маған да қамқоршы бол, Өзің үкімін шығарған-
ның жамандығынан сақта, бергеніңді маған берекелі ет, Сен үкім шығарасың, Саған 
ешкім үкім шығармайды, Сен қамқоршысы болған адаспайды. Сен кемшілік атау-
лыдан пәксің және ұлықсың. Бұл екі дұғаның бірін жаттамаған не дұрыс оқи ал-
майтын кісі басқа жатқа білетін дұғасын оқуына болады. Мысалы: «Аллаһуммә иғ-
фир ләнә» деп үш рет айтуына не «Раббана әтинә фиддуния хәсәнә уә фил ахирати 
хәсәнә, уә қинә азәбән-нар» дұғасын оқуына болады.Егер намаз оқушы қателесіп, 
құнұт дұғасын бірінші я екінші ракағаттан кейін оқыса, оны үшінші ракағатта қай-
та оқымайды. Сол сияқты үшінші ракағатта рукуғке дейін оқымаса, оны рукуғтен 
кейін де оқымайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет