Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет116/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200
Құран түсірту. Қайтыс болған адамға сауабы тисін деген ниетпен Құранды 
толық оқу. 
Құран ұстау. Құранды ұстап тұрып Аллаһтың атынан ант беру, ант-су ішу. 
«Растығына Құран ұстайын, молда аға, құраныңызды беріңіз!» (Д.Әбілев, 
Ақын арманы). 
«Қасымға қол көтермейсіңдер! Құран ұстап, осыған ант беріңдер» 
(I.Есенберлин, Алмас қылыш). 
«Күні кеше ғана екеуінің алдында қатарымызға қостық, бұрынғы көзтүрткіге 
бұдан былай жол бермейміз деп Құран ұстап анттасқан үш арыстың игі жақсылары 
олардың сөзін бүгін кеп жерге тастай қояр дейсің бе?» (Ә.Кекілбаев, Үркер).
Құран хатым. Толықтай оқылған Құран. «Хатм» сөзі араб тілінде аяқтау, мөр 
басу деген мағыналарды береді. Құранды бірінші «Фатиха» сүресінен бастап соңғы 
«Нас» сүресіне дейін толық бір рет оқып шығу «Құранды хатым жасау» деп атала-
ды. Қазақ халқында дүниеден өткен ата-бабаларының атынан ұрпақтарының өздері 
Құран хатым жасап не өзгелерге жасатып жататын дәстүр бар.
«Анасының аруағына арнайтын дағдылы «Құран хатымды» молдаға оқыт-
пай, өзі оқитын болды» (М.Әуезов, Абай жолы).
«Қылығың еске түскенде, 
Көзімнің жасы жосыды-ай! 
Құранхатым қылайын, 
Жан досымның басына-ай» (Мәшһүр-Жүсіп, Шығармалары).
Құранит. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін діни мәселелерде негізгі дә- 
лел ретінде қарастыруға қарсы шыққан өткен ғасырда пайда бола бастаған ағым.
Құрбан айт ىحضلأا ديع – мұсылмандар құрбандыққа мал шалатын зул-хижжа 
айының оныншы күні болатын мереке (ид әл-адха немесе йәум ән-нахр).
Құрбан نابرق «Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» деген түбірден шыққан. 
Дінде Құдайға құлшылық етіп жақындау мақсатында шалынатын мал. Қазақ тілін-
де «құрбан» сөзінің ауыспалы мағыналары көп. Мысалы, ұлы мақсатқа жету үшін 


156
өз өмірін қию; бір нәрсенің жолында жазықсыз жапа шеккен адам; жемтік; садақа 
деген мағыналарда да қолданылады.
«Құрбанға өгіз союшы еді. Малайларына бір бөлек арнатып құрбан союшы 
еді. Бұл төреден мырза жан жоқ еді» – деді» (С.Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу).
«Соғыс басталған күні Алдаберген өз еркімен майданға сұранып, Ұлы 
Отан соғысының алғашқы құрбандарының бірі болды» (С.Мәуленов, Шыңдағы 
шұғыла). 
«Рабфак студенттері оны құтқармақ болып заң орындарына барса, ондағы-
лар тыңдап, шара қолданудың орнына кіріспей-ақ қойыңдар деген «ақыл» айта-
ды. Ақыры қыз ескіліктің құрбаны боп кете барды» (І.Есқожин, Сәбит Мұқанов –
публицист). 
«Жүрмеді ол жай жөніне бос қаңғып
Өз құрбанын өзектерде тосты аңдып. 
Өзі еркін болғанымен өзгеге 
Беруге ол қарсы болды бостандық» (С.Мәуленов, Алыс кетіп барамын). 
«Кетсем де кейде күйіктен қаңғып, 
Үміткер едің биіктен барлық. 
Жақсылық айтар адамға құрбан
Жомарт та қылған, сараң да қылған
Көңілім менің, көңілім» (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). 
«Айттым сәлем, қалам қас, 
Саған құрбан мал мен бас. 
Сағынғанда сені ойлап
Келер көзге ыстық жас» (Абай, Толық жинақ).
«Отанның біз де жасымыз, 
Халықтың гауһар тасымыз. 
Жастық борыш бізде тұр. 
Ел үшін құрбан басымыз. 
Ұрысқан жерде тұрыс жоқ
Алға қарай басыңыз» (Жапсарбаев, Сөйле, тілім).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет