Мухитдинов на печать indd


Мадиан – Шұғайб пайғамбардың қауымы. Мадмада



Pdf көрінісі
бет121/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200
Мадиан – Шұғайб пайғамбардың қауымы.
Мадмада ةضمضم – дәрет алған кезде ауызға су алып, ауыздың барлық қуыста-
рына суды жеткізу үшін әрлі-берлі шайқап, төгіп тастау. Тек ауыз ораза кезде ішке 
су кетіп қалмау үшін мадмаданы абайлап жасаған жөн.
Мажһул әл-хал لاحلا لوهجم – халі, жағдайы белгісіз. Қара: ةلاهجلا.
Мажһул әл-ъайн نيعلا لوهجم – өзі белгісіз. Қара: ةلاهجلا.
Мазһаб (мәзһаб, мазхаб) بهذم – белгілі бір ғылыми пікірлер мен көзқарастар 
негізіне құрылған жол, ағым. «Мазһаб» сөзі араб тілінде «ұстанатын жол», «ағым», 
«мектеп» деген мағыналарды береді. Көп жағдайда мазһабтың атауы сол мазһабтың 
негізін салушы ғұламаның атына телінеді. Мысалы, Әбу Ханифаға телініп хана-


163
фи мазһабы, Мәликке телініп мәлики мазһабы, Шафиғиға телініп шафиғи мазһабы 
және Ахмад ибн Ханбалға телініп ханбали мазһабы деп аталады.
Мақам Ибраһим ميهاربإ ماقم – Қағбаның қара тас бұрышынан өткеннен кейін, 
Қағбадан шамамен 10 метрдей жерде диаметрі 1 метрге жақын домалақ күмбез ор-
наласқан. Сол жерді «Мақаму Ибраһим» деп атайды. Ол жерде Қағбаны тұрғызу 
кезінде Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) ізі түскен тас бар. Мүмкіндігі болған адамға 
Қағбаны тауап еткеннен кейін осы тастың артында екі ракағат намаз оқығаны абзал.
Мақам махмуд. Әл-Мақам әл-махмуд. Макам Махмұд دومحم ماقم – мақтаулы 
орын. Қиямет күні Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарға адамдардың ақтық 
тағдыры шешілер тұста шапағат ету үшін беретін мақтаулы орны.
Макам Махмұд (Мақтауға тұрарлық орын). Ол жөнінде Құранда ай-
тылған: «Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» (17:79). 
Муфассирлер Макам Махмұд шапағаттың ең жоғары дәрежесін білдіреді деп айт- 
қан. Ка’б ибн Мәлік (р.а.) Қиямет күні Алла Өз Сүйіктісін (ﷺ) және оның үмбетін 
бір төбенің басына көтереді. Алла Сүйіктісінің (ﷺ) басына тәж кигізіп, оған сөйлеу- 
ге рұқсат береді. Ол қалағанын сұрауға мүмкіндік алады. Осы Мақтаулы тұрарлық 
орын. Басқа риуаятқа сәйкес, Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қайта тірілген күні 
Алла мені Өзіне шақырады. Мен Алла тағаланың алдына барғанда, Даңқ Тағында 
отырған Жәбірейілді (а.с.) көремін. Жәбірейіл айтады: – Алла тағала мені саған жі-
берді. Алла оның сөздерін растайды: – Ол шын айтады, оны Мен жібердім. Содан 
кейін былай бұйырады: – Оған шапағат жаса. Мен бірден шапағат жасаймын. Бұл 
Макам Махмұд» (http://asyldin.kz/article/view/id/13107.html).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет