Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет162/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200
Серік қосу (ширк) كرشلا – Аллаһ тағаладан өзге құлшылық етуге лайықты 
құдай бар деп есептеу. Онымен қатар бір нәрсеге табыну, сыйыну. Қара: ширк.
Сиддық. Шындық, шыншылдық. 
«Бұл заманда надир, бұған ғылымның да зоры, сиддық, қайраттың да ғаламға 
бек зоры табылмақ керек» (Абай, Толық жинақ).
Сиқыр رحس – шариғат тыйым салған және үлкен күнә деп есептелетін, 
адамдарға зиян тигізетін, оларды естерінен айрылтатын, жын-шайтандардың көме-
гіне сүйенетін амал. 
Симағ عامس – есту. Хадис ілімінде ұстазының сөзін есту. Ұстазы жатқа айт-
са немесе кітаптан оқып берген риуаятты шәкіртінің естуі. Шәкірт немесе хадисті 
естіген адам естіген риуаятын жазса да, жазбаса да болады. Бұл жерде шәкірттің ұс-
таздың өз аузынан естігендігі маңызды. Сондықтан «есту» сәнәттың арасын жалғас-
тыратын ең күшті сөз болып есептеледі. 
Симсар راسمس – делдал.
Сипат. Араб тіліндеةفص «сифа» сөзі «сипат» деген мағынаны береді. Таужид 
ілімінде қолданылатын термин. «Сипаттар» – әріптердің дыбысталуерекешліктері 
мен орнындары(Абдулхәди Мақсуди, дайындаған Е.Шоқай, Мұғалім сәни).
Сира ةريس – Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны. «Сира» сөзі араб тілін-
де «жол», «өмірбаян» деген мағыналарды береді. Сира – Мұхаммед пайғамбардың
өмірбаянын зерттейтін ғылым.
Сират көпір (қыл көпір)طارصلا – Қиямет күні тозақтың үстінде құрылатын 
қылдан жіңішке, қылыштан өткір, жабысқақ ілмек тікенектері бар, тайғанақ көпір. 
Ол көпірден мүмін-мұсылмандар аман өтеді, ал кәпірлер өте алмай тозаққа құлай-
ды. «Сират» сөзі араб тілінде «көпір», «өткел», «жол» деген мағыналарды береді.
«Бір сом қайыр дін үшін қылмаған бай, 


212
Ысырап қылып ағызар сайлардан май. 
Шары шығып дегені болып кетсе
Сираттан өткендей-ақ көңілі жай» (XX ғ. басындағы қазақ ақындары). 
«Қылыштан, қылдан нәзік сират деймін, 
Бейіште иманды құл тұрат деймін» (Бес ғасыр жырлайды). 
«Сират деген көпірдің жолын көрдім, 
Дінін күткен ерлердің жөнін көрдім. 
Үш мың жыл жәм татпастан жатып алдым
Тұмұқтан зақұм деген жеміс көрдім» (Бабалар сөзі // Қисса-и Жұмжұма). 
Сиуак كاوس – ауыз тазалау. Ислам дінінде әрдайым ауызды тазалап тұру сүн-
нет амал болып табылады. Сиуак ретінде пайдаланатын құрал мисуак деп аталады. 
Ауыз тазалауға арналған ең пайдалы зат, Арабия түбегінде өсетін арак деген бұта-
ның тамыры. Қара: мисуак.
Сиыну. Жаратушы құдіретті Құдайға құлшылық ету. Ауыспалы мағына-
да ауыспалы мағына: сыйлау, қадірлеу, қастерлеу, пір тұту деп те қолданылады. 
«Сиыну» сөзінің тілдік ауыспалы мағынасы мен діни терминдік мағынасын шата-
стырып алмау керек. Әдеби шығармаларда келген тілдік мағынасын діни терминдік 
мағынада түсіну салдарынан кейбір түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.
«А, құдай ақырын қайырлы қыла гөр деп, іштей қатты сиынып, шүкірлік етіп 
келеді» (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). 
«Сиындым пайғамбарлар барын айтып, 
Данышпан Лұқпанды, кәріні айтып
Жалбарындым әулиелер жүмләсіне, 
Сегіз жар, он екі имам жарын айтып, 
Шапағат әрбір жанға бердің кәміл, 
Ғаріптер тілегенде зарын айтып» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Сиынып сонда мың рет 
Шүкірлік айтам ішімнен, 
Сенбісің ұлы құдірет
Жігіттікті еске түсірген» (C.Жиенбаев, Алтын қалам). 
«Бидайлар басы толық иіліп тұр, 
Дән берген қожасына сиынып тұр. 
Басында бұл бидайдың дәні болмай, 
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр» (А.Байтұрсынов, Шығ.). 
«Менің пірім – Сүйінбай, 


213
Сөз сөйлемен сиынбай 
Сырлы сұлу сөздерді, 
Маған тартқан сиындай» (Жамбыл, Бір томдық). 
«Есіміне ел сиынған асылым
Ала тулы, ала құйын жасыным. 
Абылай хан – азаттықтың жаршысы, 
Жасап өткен өз дәуір, өз ғасырын» (К.Салықов, Жезкиік). 
«Енді оның сиынары да, сыйлары да анасы» (А.Нұрманов, Құланның ажалы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет