Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет163/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Сифат субутия. Ақида ілімінде қолданылатын термин. Алла тағаланың си-
фат субутия деген жеті сипаты. Әуел – хаят яғни тірі-ді, біздің ақылымыз жетпейтін 
тірлікпен алим болушы-ды, құдірет күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ 
етуге күші жетуші, самғ естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес, басар көруші-ді, 
бізге рәуішті көзбен емес, ирадат тілеуші, яғни әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін 
тілеген уақытында дүниеге шығарушы, такуин жоқтан бар етуші-ді, кәләм сөйле-
уші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен, бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, 
әріппен, дауыспенен емес (А.Мұқашева, Ыбырай Алтынсарин, Өмірі мен шығар-
малары).
Сиям مايص – ораза. Қара: ораза, саум.
Сияр кітаптары. Сиәр кітаптары. Мұхеммед пайғамбардың өмірбаяны ту-
ралы жазылған кітаптар.
Соңғы қуғуд (соңғы отырыс) ةريخلأا ةدعقلا– намаз соңындағы отырыс. Намаз-
дың ең соңында «ташаһһуд» дұғасын оқитындай уақыт отыру намаздың парызына 
жатады.
Сор. Сүр. 
«Сөйлескен Мұса хаққа тауы да тұр
Тартады қиямет күні Есрапыл сор» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Сопы يفوصلا – ақыретті дүниеден артық санайтын, 
«Тәпсірші, дінші сопының кітабын да оқыдым.
Тазартып талай қоқымын,
Түзеттім дінді шалыстан» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Субути сипат. Ақида ғылымында Аллаһ тағаланың есім-сипаттарына қатыс- 
ты қолданылатын термин сөз. «Субути сипаттар Алланың зати болмысы болмаға-
нымен, затымен, болмысымен, бірге болатын сипаттар. Бірақ олар Жаратушының 
зати сипаттарынан бөлек қарастырылмайды» (Қ.Ержан, Ислам ақидасы).
«Аллаһ тағаланың сифат субутия деген жеті сипаты. Әуел – хаят яғни тірі-


214
ді, біздің ақылымыз жетпейтін тірлікпен алим болушы-ды, құдірет күш иесі-ді, 
жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ естуші-ді, бізге рәуішті 
құлақпен емес, басар көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес, ирадат тілеуші, яғни 
әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін тілеген уақытында дүниеге шығарушы, такуин 
жоқтан бар етуші-ді, кәләм сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен, бірақ 
бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, әріппен, дауыспенен емес» (А.Мұқашева, Ыбырай 
Алтынсарин, Өмірі мен шығармалары). 
Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмиғ, Ирада, 
Кәлам, Тәкуин. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат-ғазамат бірлән болмаса 
да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты. Жә, біз өзіміздің бой-
ымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол Алла тағаланың сегіз ұлығ сипатынан 
бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим бола ала ма? Болма-
са керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары бірлән ағламланған 
фиғыл құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалайша табылады, оны біл-
мек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ақылымыз 
мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап танымаққа керек. Егерде 
ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағрифатулла қиын болады. Біз Алла таға-
ланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты 
түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмайды. ...Құдай табарака уатағала 
кітаптарда сегіз субутия сипаттары бірлән, уә тоқсан тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән 
білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия субутия уә фиғлия сипаттары 
дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз си-
паттан қалған алтауы – бұларға шарх. Ол алтауының бірі – хаят. Яғни, тірлік. ...Бірі 
– тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз (Абай, Тол. жин.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет