Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет158/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Сахих хадис حيحصلا ثيدحلا – иснад-тізбегі басынан аяғына дейін үзілмеген, 
әділ, сенімді әрі есте сақтау қабілеті мықты рауидің өз сияқты әділ, сенімді және 
есте сақтау қабілеті жоғары рауиден жеткізген, хадистің дұрыстығын жоятын қай-
шылығы және жасырын кемшілік-кінәраты болмаған хадис. Басқаша айтқанда
Мұхаммед пайғамбардан бізге дұрыс жолмен, қатесіз кеткен, сенімді, шариғат 
үкімдеріне дәлел болатын хадис. Сахих хадистің дәрежелері: 1) Сахих хадистің 
ең жоғарғы дәрежесі әл-Бұхари мен Муслим риуаят еткен хадис. Оны «мутта-
фақун алаиһи» деп те атайды. 2) Әл-Бұхаридің жалғыз өзі риуаят еткен хадисі. 
3) Муслимнің жалғыз өзі риуаят еткен хадисі. 4) Әл-Бұхари мен Муслимнің шар-
тына сай, бірақ ол екеуі риуаят етпеген хадис. 5) Әл-Бұхаридің шартына сай хадис. 
6) Муслимнің шартына сай хадис. 7) Әл-Бұхари мен Муслимнен басқа имамдар 
риуаят еткен сахих хадистер.
Сахих лиғайриһи هريغل حيحصلا – өзгемен сахих хадис. Сахих лизәтиһиде бар 
шарттардан қарағанда шарттары әлсіздеу хадис. Хадисті риуаят еткен жолдардың 
көп болуынан күш алып сахих дәрежесіне көтерілген хадис. Басқаша айтқанда, ха-
сан лизәтиһидің (өздігінен хасан) жолдары көбейіп, бірін-бірі күшейтетін болса, 
сахих лиғайриһи дәрежесіне көтеріледі. Хадистің бұл түрі сахих хадистен төмен, 
хасан хадистен жоғары дәрежеде тұрады.


207
Сахих лизәтиһи هتاذل حيحصلا – өздігінен сахих хадис. Сахих хадис шарттары-
ның барлығы бір риуаяттың бойынан табылса, ол хадис «сахих лизәтиһи» деп ата-
лады. 
Сахих хадистің шарттары حيحصلا ثيدحلا طورش. Хадис сахих болу үшін мынан-
дай бес шартты қамту керек: 1) Хадистің сәнады (тізбегі) жалғаспалы болуы қажет, 
яғни үзілмеу керек. 2) сәнадтағы рауилердің барлығы әділ, сенімді болуы қажет. 
3) Рауилердің есте сақтау қабілеті өте жоғары болуы тиіс. 4) Шәз (өзінен күшті 
басқа сахих хадистерге қарама-қайшы мағынада) болмауы керек. 5) Хадисті әлсіз 
ететін жасырын себеп не кемшілік болмау керек. Осы аталған сипаттары бар сахих 
хадиске қатысты мына нәрселерді білу керек: 1) Бұл хадис Мұхаммед пайғамбарға
телінеді. Яғни бұл хадисті Аллаһ елшісінің сөзі немесе ісі деп білу. 2) Осы хадис 
мансух, яғни үкімі жойылмаған жағдайда онымен амал жасау уәжіп. Ең алғашқы 
тек қана сахих хадистерді Имам әл-Бұхари одан кейін Имам Муслим жинаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет