Мухитдинов на печать indd


Уәжіп болды – тиіс болды, міндетті саналды. Уәкил



Pdf көрінісі
бет181/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   200
    Бұл бет үшін навигация:
  • Уәкіл
Уәжіп болды – тиіс болды, міндетті саналды.
Уәкил. Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «құлдарының істерін 
орындаушы» деген мағынаны білдіреді.
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.).
Уәкіл ليكولا – қараңыз: өкіл.
Уалаа. Жәрдем беру, құл азат ету. Мирас және басқа да ілімдерде қолданы-
латын термин. Ол адамдар арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды анықтауда 
қолданылады.
«Уалаа» сөзі араб тілінде жәрдем беру деген мағынаны береді. «Шариғаттағы 
терминдік мағынасы: туыс емес екі адамның арасындағы, туыстық деңгейіндегі 
секілді байланыс. Алла тағала, азат қылу себепті азат қылушы мен азат қылынған 
адамдардың немесе келісім себепті, келісуші екі тараптың арасындағы байланысты 
туыстық дәрежесіне дейін көтеріп қойған» (Ж.Жүсіпбеков, Исламдағы мирас).
Уәли І يلولا – қамқоршы, шариғатта қызды ұзататын кезде оның ісін жүргізуші 
әкесі, ағасы секілді ер туысқаны. Сонымен қатар, балиғатқа толмаған сәбидің ісін 
жүргізетін қамқоршысы да «уәли» деп аталады.


234
Уәли ІІ – бұл сөздің астарында өзінің тақуалығымен, барлық діни міндет-
терін мүлтіксіз орындауымен және мұнан да басқа көптеген игі істерді атқаруымен 
ерекшеленетін адам меңзеледі. Бұл сөз араб тілінің үш түбірлі (уау, ләм және йә) 
сөзінен тұрады. Осы түбірден туындаған өзге етістіктер де «жақын болу», «басқа-
ру», «дос пейілді қатынас ұстану», «көмек қолын созу» т.б. мағыналарды білдіреді. 
Уәлиаталатын адам үнемі Аллаһқа ғибадат етіп, Оған бойсұнудан шет қалмайды 
және Оған бағынбаушылыққа жол бермейді. 
Уәсилә ةليسولا – тек Пайғамбарымызға арналған жаннаттың ең жоғарғы 
сатысы.
Бұл Уасилә – Жұмақтың ең жоғарғы дәрежесі. Әбу Хурайра (р.а.) Алла Ел-
шісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Мен үшін Уасиләні сұраңдар» . «Уа, Алла 
Елшісі, Уасилә деген не?» – деп сұрағанда, ол (ﷺ) былай: «Бұл – Жұмақтың ең 
жоғары дәрежесі, ол тек біреуге ғана беріледі. Сол адам мен болармын деп үміт-
тенемін”, – деп жауап берген екен. Алла Елшісі (ﷺ) өзінің кішіпейілділігінен ғана 
осылай жауап берген. Ал байыбына келгенде бұл орынға дәл соның лайық екенді-
гінде еш күмән жоқ (http://asyldin.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет