Мухитдинов на печать indd


Хажб بجحلا – мұрагердің мирастан алатын үлесінің барлығын немесе бір  бөлігін алуға салынған тыйым.  Хажжату әл-уадағ



Pdf көрінісі
бет189/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   200
Хажб بجحلا – мұрагердің мирастан алатын үлесінің барлығын немесе бір 
бөлігін алуға салынған тыйым. 
Хажжату әл-уадағ عادولا ةجح – қоштасу қажылығы. Аллаһ елшісі Мұхаммед


244
пайғамбар һижраның оныншы жылы өмірінде бір рет қана қажылық жасаған. Сол 
қажылық «хажжату әл-уадағ» деп аталады.
Хажіре. Хажар асуад.Кағбадағы қара тас.
«Құрылыс бітіп, хажіре орнын негізгі орнына қоятын кезде үлкендер арасын-
да талас болады. Олар төрт күнге дейін бірлікке келе алмады. Арқыры араларында 
дау пайда болған еді. Уәли ібін Муғираның кеңесімен Байтілдаға кім бірінші кірсе, 
бұл іске сол адамды бастық қылуды шешті» (Н.Рабғузи, Қисас-ул әнбия).
Хазраж جرزخلا – Мұхаммед пайғамбар Мәдина қаласына қоныс аударар тұста 
онда мекендеген үлкен екі араб тайпасының бірі. Екіншісі аус тайпасы. 
«Мәдиналық бұл екі тайпа мұсылмандары «ансарлар» деп аталған. Бұл аттары 
аталған адамдардың соңғы екеуі ғана әус тайпасынан, ал қалғандарының барлығы
хазраждықтар болатын»(ауд. Қ.Спатай. Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны).
Хайрул-әнам مانلأا ريخ – жаратылыстың ең жақсысы. Бұл Мұхаммед пайғам-
барға берілген құрметтеу атауы.
«Расул сонда болды имам
Отырып намаз қылды хайрул әнам
Сахабалар жыласып ұйып тұрды
Қысқа-қысқа сүремен қылды тамам» (Бабалар сөзі // Діни дастан).
Хайыз (хайд) ضيخلا – балиғат жасына толған әйелдің белгілі мерзіммен 
көретін қаны немесе әйелдерде ай аралап келіп тұратын қан, етеккір. Ол әйелді 
ерімен төсекте болудан, намаз, Құран оқудан, ораза ұстаудан және Қағбада тауап 
жасаудан тыяды. «Хайыз» сөзі араб тілінде «ағу» деген мағына береді. Хайыз қаны 
– қыз баланың балиғатқа толғанының белгісі. Ол балиғат жасына толғаннан бастап, 
бала көтере алмайтын жасқа дейін жалғасады. Хайыздың қай жастан қай жасқа 
дейін жалғасатынын дәл айту өте қиын. Себебі хайыз уақыты әр әйелде әртүрлі 
болады. Ханафи ғұламалары «шамамен тоғыз жастан бастап, елу бес жасқа дей-
ін жалғасады» деген. Бұл, әрине, көптеген әйелдерде кездесетін құбылыс болған-
дықтан, осылай айтылған. Хайыздың әйелдерге ерте немесе кеш келуіне табиғи 
орта да өз әсерін тигізеді (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет