Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет178/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   200
Тәхияту әл-мәсжид (тахиятул-мәсжид) دجسملا ةيحت – мешітке кіргенде отыр-
мастан бұрын оқылатын екі ракағатты мешіттің сәлем намазы. Бұл намаз «мешіт 
ақысы» деп те аталады.
Тәхмид ديمحتلا – Аллаһты мадақтау, мақтау. «Алхамду лилләһ» (Аллаһқа ма-
дақ) деп айту.
Тәхник كينحتلا – жаңа туылған сәбидің әкесі немесе бір игі адамның құрманы 
шайнап, оны сәбидің аузына салып, жайлап жағу.
Тәһлил ليلهتلا – «Лә иләһә иллаллаһ» (Аллаһтан басқа құдай жоқ) деп айту. 
«Сармолла осы сырттағы халық арасында болып, мешіт ішінде қарт имам 
бастаған намаздың әр кезек «тәкбир-таһлилін» сыртта ұйыған саптарға, ашық үн-
мен әсемдей ескертіп тұр: «Аллаһуәкбар!», «Самиғоллаһу лимән хамидә!», «Әсса-
ламуағалайкум уарәхметолла» деген ауық-ауық намаз бөлімдерін дауыстап, сырт-
тағы қауымды іштегі михраптағы имамның намазына қалт еткізбей ұйытып тұрды» 
(М.Әуезов, Абай жолы).
Тәяммум مميتلا – су жоқ немесе сумен дәрет алуға шамасы келмеген кезде 
тазалану ниетімен екі алақанмен жерді ұрып, бетті және екі қолды сүрту. Тәям-


230
мум соққанда таза жер қыртысына алақанды сүйкейді де, саусақтарының ұшын 
бір-біріне ұрып, шаңын қағып тастап, екі қолмен бетке және екі қолдың шынтаққа 
дейінгі аралығына мәсіх тартылады.
Теберік – қараңыз: тәбәрік.
Тепшу – денеге инемен шаншып өрнек немесе бейнелер салу. Жәһилият 
дәуірінде араб әйелдері қай руға жататынын білдіру үшін денелеріне тепшу салды-
ратын.
Тиләлуәт сәждесі ةولاتلا ةدجس – сәжде аяттарын оқығанда не естігенде жасала-
тын қиямсыз, рукуғсыз бір реттік сәжде.Құран кәрімнің он төрт жерінде үсті сы-
зылған сөздер бар және сол сөз келген аяттың соңында ерекше белгі кездеседі. Осы 
аяттарды оқыған не естіген кезде бір рет сәжде жасау – уәжіп. Бұл сәжде «тиләуәт 
сәждесі» (яғни Құран оқу) деп аталады.
Тиуал сүрелер لاوطلا روسلا – ұзын сүрелер. Ғалымдар сүрлердің ұзын-қысқа-
лығына қарай бірнеше топқа бөлген. Тиуал сүрелердің қатарына Құран кәрімдегі ең 
ұзын жеті сүре кіреді. Олар: «Бақара», «Әлі Имран», «Ниса», «Мәидә», «Әнғам», 
«Ағраф» сүрелері және «Әнфәл» сүресі. Бірақ ғалымдар арасында соңғы сүрені 
тиуал сүрелердің қатарына қоспайтындар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет