Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет27/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200
Ауызашар. Ораза тұтушылардың күн батқаннан кейін тамақтануы. «Пайғам-
бар (с.а.с.): «Үш амал пайғамбарлардың сүннетінен: ауызашарды асықтыру, сәресіні 
кешіктіру және намазда оң қолды сол қолдың үстіне қою», – деген» (әд-Дарақутни). 
Қазақ халқында ауыз аштыру сауабына ие болу мақсатында рамазан айында ораза 
ұстаған адамдарды ауызашарға шақыру дәстүрі бар. Бұл – Аллаһ елшісінен жеткен 
сүннет амал. 
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім ораза тұтқанға ауыз аштырса, ораза тұтушы-
ның сауабынан ешқандай кеміместен оған (ораза тұтушының) сауабындай сауап 
беріледі», – деген» (Сунан әт-Тирмизи). Осы хадиспен амал жасаған халқымызда 
бұл сүннет амал қазақтың қанына сіңіп, дәстүріне айналған. Себебі ораза тұтқан 
адамның ауызашар кезде жасаған дұғасы қабыл болатын дұғалардың қатарына жа-
тады. 
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Үш адамның дұғасы кері қайтарылмайды: ауыз 
ашқанға дейін ораза тұтушының, әділ басшының және зұлымдыққа ұшырағанның. 
Аллаһ (олардың дұғаларын) бұлттың үстіне көтеріп, оған аспанның қақпаларын 
ашады және Раббы: «Өзімнің үстемділігіммен ант беремін, сені біраз уақыттан кей-
ін болса да жеңіске жеткіземін», – дейді», – деген» (Сунан әт-Тирмизи) және екінші 
хадисте «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ораза ұстаушыға ауызашар кезде кері қайтарыл-
майтын дұға бар», – деген» (Сунан Ибн Мәжәһ).
«Біздің ауылда жора-жолдастар ораза күндері кезекпен бірін-бірі қонаққа 
шақырысып ауыз аштыратын жақсы дәстүр берік сақталған» («Қазақст. әйелдері»). 
«Судыр Ахмет сыртта, отынның тасасына тығылып қалды да, бала ауыз ашып 
жатқан кісілердің үстіне кіріп, жарамазан айтады» (Ә.Нүрпейісов, Сергелдең). 
Соңғы жылдары «ауызашар» сөзімен бірге араб тілінен енген «ифтар» сөзі 
ауызекі тілде синоним ретінде қолданылып жүр.
Ауызашар дұғасы. Ауызашар кезде жасалатын дұға. Дұғаның қабыл болатын 
уақыттарының бірі – ауызашар сәті. Дұғаны алдымен Пайғамбардың (с.а.с.) жа-
саған дұғасымен бастап, одан кейін адам өзінің ойында жүрген нәрсесін Аллаһтан 
тілегені жақсы (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). Аллаһ елшісі (с.а.с.) ауыза-
шарда мына дұғаларды айтатын болған: «Аллаһумма! Ләкә сумту уа ъала ризқикә 
әфтарту (мағынасы: уа, Аллаһым! Сен үшін ораза ұстадым және Сенің ризығыңмен 


39
ауыз аштым)» (Сунан Әбу Дауд); «Зәһәбәз-замәу уәбтәләтил-ъуруқу уа сәбәтәл-ә-
жру иншә Аллаһ (мағынасы: шөл басылды, тамырлар толды және Аллаһ қаласа, 
сауап жазылды). 
Ауыз бекіту. Ораза ұстау. Жалпы таң атқаннан күн батқанға дейін оразаны 
бұзатын нәрселерден оразаның белгіленген шарттарын орындай отырып, тыйылу 
«ауыз бекіту» деп аталады. Бұл сөз көп жағдайда рамазан айында ораза ұстауға 
қолданылады. 
«Ислам дініне ден қойған бұл елде еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін 
ауыз бекітеді («Жас Түркістан» ). 
«Соңғы екі-үш жылда ауыз бекітіп ораза тұтқан көбейе түсті» («Егемен 
Қазақстан»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет