Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет49/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200
Бесін ауа, яғни бесін «намазының уақыты өте» деген мағынаны береді. «Бесін 
ауа бәрімізді тысқа шығарып, жаяу конвоймен айдап жүрді» (С.Сейфуллин, Шығ.). 
Кіші бесін, яғни бесін намазының кірген алғашқы уақыты, күннің тас төбеден 
батысқа ауған шағы. 
«Ойландырар күз деген – кіші бесін
Күн төбеңнен ауғанын түсінесің. 
Ескі жұртты көргенде жайлаудағы, 
Құлын да жоқ желіде байлаудағы
Шыдап баққын, бір сәтке мүсірерсің! 
Жазыңды еске жабығып түсірерсің» (М.Мақатаев, Шығ.). 
Құлама бесін, яғни бесін намазының аяқталар уақыты, көлеңкенің екі есе 
ұзарған шағы. 
«Құлама бесін кезінде олар да келіп қалар» (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 
Ұлы бесін, яғни күн төбеден ауып бесін намазын оқитын уақыттың ортасы 
болған кез.
«Дәл осы сай және бір уақиғаға куә. Онда қазіргідей кеш батып жатқан уақыт 
емес, күн ауған ұлы бесін кезі еді» (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). 


69
«Жаз жайлауы «Бесқұдыққа» ұлы бесінде салығып жетті» (З.Шүкіров, 
Ізгілік.).
Бесінші парыз. Қажылық ғибадаты. Ислам дінінің басты бес тірегі немесе не-
гізі бар. Олар: иман келтіру; намаз оқу; ораза ұстау; зекет шығару және қажылыққа 
бару. Осы бесеуінің бесіншісі қажылыққа баруды кейде «бесінші парыз» деп те 
атайды. 
Мұсылмандықтың бесінші парызын өтеген қажылар саны қазір Аллаһ таға-
лаға мың да бір шүкір, әлденеше мыңға жетті. Олардың бірқатары Алланың ри-
залығы үшін қоғамымыздың сауығып, өркендеуіне шама-шарқынша атсалысуда 
(«Түркістан»).
Биғат. Байғат. Басшы ретінде мойындап, бұйрықтарына бағыну.
«Шаһзада әскеріне шақыртты жар, 
Ұлыстан қол көтеріп тоқтатыңыздар. 
Биғат қып Ислам дінге кіріп жатыр
Қырыстан аман қалған көп зәңгілер» (Бабалар сөзі // Діни дастан). 
«Патшалық тәж кигізіп шаһзадаға, 
Барша халық тегіс биғат етті енді» (Бабалар сөзі // Діни дастан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет