Мухитдинов на печать indd


Бисмилләһир-рахманир-рахим



Pdf көрінісі
бет51/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   200
Бисмилләһир-рахманир-рахим. Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың 
атымен. Бұл – Құран аяты. Мұхаммед пайғамбар бір хадисінде «Аллаһтың атымен 
басталмаған іс ұрпақсыз», – деген. Мұсылмандар осы хадисті басшылыққа алып, 
кез келген істі бастарда тілін «бисмилләға» келтіріп жатады. 
«Бисмилләһир рахманир рахим, 
Бір Өзіңе бағышталған мұратым, 
Ашық аспан, Ай мен жұлдыз иесі, 
- Бір Өзіңнен бастау алған қуатым, 
«Іңгәләумен» дүние есігін ашқаным, 
Қаз тұруым, әмірің деп ұғынам 
Барша жанға шапағатты шашқаның» (М.А. Рәш, Аллаға мадақ). 
Бихамдилла. Аллаға мадақ айта отырып, Алланың мадағымен. Араб тілін-
дегі الله دمحب «бихамди-лләһ» (Аллаһтың мадағымен) сөзінен алынған. Қазақ тілінде 
үстеу ретінде қолданылады. 
«Бастайын бір Алланың атыменен, 
Түзеткей өз құдірет затыменен, 
Бихамдилла, біздерді қылды инсан, 
Жайылар біздей құлдар хатыменен» (Бабалар сөзі // Діни дастандар).
Бой дәрет. Ғұсыл, толық денені жуу. Ғұсыл (араб.: لسغ ) араб тілінде дене 
дәретін алуды, яғни шомылуды ғұсыл деп айтады. Мынадай жағдайларда ғұсыл 
парыз болады. 1. Ұйқыдан тұрғанда шәһуәт кеткені білінсе; 2. Шәһуәт нәпсінің қо-
зуымен күштеп атылып шықса; 3. Жыныстық қатынастан соң; 4. Хайыз әйелдердің 
етеккірі келген жағдайда; 5. Нифас, бала тапқаннан кейінгі жағдайда; 6. Кәпір ис-
лам дінін қабылдаса; 7. Мұсылман дүниеден озғанда. Осы жағдайларда бой дәрет 
парыз деп есепт- аяттарын оқудың өзі харам (https://kk.wikipedia.org).-
Буғас. Буғас ثاعبلا – мұсылмандар Мәдинаға қоныс аударудан екі жыл-
дай бұрын аус пен хазраж рулары арасында шайқас жүрген Мәдинадан екі миль 
қашықтықтағы шатқал.
Бурак. Бурақ. Пырақ. Ол – пайғамбарлар мінген ақ түсті қашырдан кішірек, 
есектен биіктеу, ұзын жануар. 
Ғалымдардың пікірінше, Аллаһ елшісі бұл түні Меккедегі қасиетті мешіт-
тен Иерусалимдегі Бәйт әл-Мақдиске жеткізілген. Пайғамбарымыз ол жерге Бурақ 
деп аталатын жануарға мініп, Жәбірейілмен бірге барған. Бәйт әл-Мақдиске тоқтап, 
Бурақты мешіттің қақпасының шығыршығына байлаған және басқа пайғамбарларға 
имам болып намаз оқыған (ауд. Қ.Спатай. Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны). 
«Бурак кірпік қаққанша Мұхаммедті Меккеден Иерусалимдегі әл-Масжид 
әл-Ақсаға жеткізіп, содан соң аспанға (әл-Исра уәл-Миғражға) алып кетеді. 
Буракқа салт мініп, көкке ұшып бара жатқан пайғамбар – орта ғасырлардан бүгінгі 
күнге дейінгі кітаби кескіндемелерде ең көп тараған сюжет» (ҚҰЭ).


72
Бұл дүние. Бұ дүние. Осы өмір.
«Білдім мен де өз басымның 
Бұл дүниеде қалмайтынын. 
Алыстағы жолдасымның, 
Енді хатымды алмайтынын» (Ә.Тәжібаев, Жартас). 
«Бұ дүниеден өтіпсің, 
Шын дүниеге жетіпсің» (Батырлар жыры).
Бірадар. Пірадар. Парсы тілінде «бауыр» деген мағынаны береді. Бұл сөз 
көп жағдайда діни топ арасындағы адамдардың бір-біріне қолданатын сөзі болған. 
«Бірадар» сөзі сопылар арасында жиі қолданылады. Қазақ тілінде бұл сөз тақуа дін-
дар адамға, өзіне жақын тартып, бауыр тұтатын адамға қолданылады. 
«Түн ортасы ауған кезде су жастыққа басы тиіп, Әзімбай: «Өй, сен неге жы-
лайсың? Бірадар десе, бірадарсың-ау», – деді. Есалаң Әзімбайдың Шолпанды ұққа-
ны осы болды...» (М.Жұмабаев, Шығ.). 
«Баймен бірге бірадар, сопы, ақсақалдар да ере шығып, бір-бір құманмен 
екінді дәретіне дайындалды» (І.Жансүгіров, Шығ.). 
«Бірадар, бұл сөзімді көрмеңіз жек, 
Менің жоқ жақсыңызға ішіңізде кек. 
Жаманды дұшпан көрмек дін сүннеті, 
Бақсының имамынан қыламын шек» (Бес ғасыр). 
«Қарқаралыдан құйрықсыз шай табатын жерің болса, маған да айт, бірадар! – 
деп дүкенші шайды алып қайта тығып қойды» (І.Жансүгіров, Әңгім.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет