Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет52/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200
Бірадарлық. Діндарлық, сопылық. 
«Маукеңнің аздап өзінше бірадарлығы болатын» (Қ.Наменгенов, Біздің ауыл.). 
«Айтпаққа әмір мағрұп шықпасам да, 
Бекер ме бірадарлық сөз айтпағың?
«Әуелі өзіңді біл!» деп айтыпсың
Сөзінен көрсетіп жол хикаяттың» (Айтыс).
Бісмілда. Бісмәллә. Бісімілде. Аллаһтың атымен.
«Бісмілда деп, Байеке, 
Айтайын сөздің келгенін
Тәңірі қайтып алмаса. 
Тіліме менің бергенін» (Айтыс). 
«Әміре құлын жығылған сайын бісміллә деп орнынан ата жүгіріп, жылқышыға 
«мертіктіріп алма» деп құрақ ұшып жүр» (М.Әуезов, Қараш.). 
«Сөзге төселдіру ә дегеннен басталу керек. Бісмілдесі – сұрау, жауап. Дұрыс 
қойылған сұрау, дұрыс жауап алу керек» (Ж.Аймауытов, Шығ.).


73
Бітуа. Бітуана. Араша, арағайындық. Араб тіліндегі ىوتف «фәтуа» сөзінің қа-
зақ тіліндегі мағыналық және фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианты. Асылы, 
пәтуа немесе фатуа – сөз муфтидің нақты бір діни мәселеге шығарған шешімі. Қазақ 
тілінде бұл сөздің мағынасы кеңіп, кез келген адамның нақты шешімі, араздасқан 
екі жақты бітістіруге, тиянақты келісімге де қолданылып кеткен. 
«Кешегі теңтегімізге бола талап тастамасын десеңдер сендердің атта-
рыңнан-ақ патшаның алдында бітуаға жүруге әзірмін» (Ә.Кекілбаев, Шығ. жин.). 
Бітуажа. Бітуәже. Араағайындық, дәнекерлік. Бұл да «фатуа» сөзінен алынған. 
«Ел мен елдің арасы ру мен ру арасындағы дауды тыю үшін де талай перзент 
бітуажа боп кетпеуші ме еді» (Ә.Кекілбаев, Шығ. жин.).


74
В
Вақф. Қара: уақф, уақып.
Ваххабизм. Мұхаммед ибн Абдул-Уаһһабтың жолы. 
Өткен ғасырдың соңына қарай ваххабизм исламның тек радикалды ағымы 
ретінде танылса, қазіргі таңда ол шектен шыққан фундаментализмнің символына 
айналып, Орталық Азиядағы егемен мемлекеттердің саяси жүйесінің тұрақтылығы-
на қауіп төндіріп отыр, өйткені олар экстремистік әрекеттерді қолданудан тайын-
байды («Егемен Қазақстан»). Қара: Уаһаби.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет