109
Сунан әт-Тирмизи). Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Біздің тірілерімізді және өлілерімізді,
барларымызды
және жоқтарымызды, еркектерімізді
және әйелдерімізді,
кішілерімізді және үлкендерімізді жарылқай гөр! Аллаһым! Бізден кейін дүние-
ге келетін жаңа ұрпақтарға Ислам дінінде өмір сүруді және біздің арамыздан дү-
ниеден озатындарға иманмен қайтуды нәсіп ет! Уа Аллаһ! Егер бұл мәйіт жақсы
адам болса, оның жақсылығын арттыр, ал егер жаман адам болса, оған кешірім ет!»
Екінші дұға:Ауф ибн Мәлик Пайғамбарымыздан (с.а.с.) риуаят еткен хадисте мына
дұғаны оқуды өсиет еткенi айтылады:«Аллаһуммәғ-фир ләһу уәр-хамһу уә ъафиһи
уәъфу ъанһу уа әкрим нузуләһу уа уәссиғ мудхалаһу уа ғассилһу билмә-и уәс-сәлжи
уәл-бәради уа наққиһи минәл-хатая кәмә юнаққас-сәубул-әбяду минәд-дәнәси уа
әбдилһу дәран хайран мин дәриһи уа әһлән хайран мин әһлиһи уа зәужан хайран
мин зәужиһи уа адхилһул-жәннәтә уә аъизһу мин ъазабиль-қабри уа ъазабин-нар!»
(Сахих Муслим). Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Оны кешіріп, рақым ете гөр. Оның күнәла-
рын кешіріп, жарылқай гөр! Ақ көйлекті кірден тазартқандай, оны да күнәларынан
тазарта гөр және оған өз мекенінен де қайырлы мекен, туған-туыстарынан да қай-
ырлы туыстар, отбасынан да қайырлы отбасын, әйелінен жақсы әйел нәсіп ете гөр!
Оны тозақ отынан және қабір азабынан сақтап, жаннатқа кіргізе гөр!»Егер мәйiт ер
кiсi болса, осы дұға оқылады, ал әйел болса, «Аллаһуммәғ-фир ләһу» деудiң орны-
на «Аллаһуммәғ-фир ләһә» деп айту керек және әйел адамға «зәужан хайран мин
зәужиһи» деп айтпайды.
«Жиылған
жаназаға қанша жанды
Бәрін де сый-сипатпен жөнелтті енді» (Батырлар жыры).
Достарыңызбен бөлісу: