Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет67/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   200
Дәфін ету. Жерлеу. Шариғат заңдарына сай кебіндеп, жаназасын шығарып, 


95
жер қойнауына арулап көму. Араб тіліндегі نفد «дәфәнә» (көму, жерлеу) деген 
мағынаны беретін сөзден шыққан.
«Арулап дәфін етіп балалары, 
Әкесін жер қойнына қайтты көміп. 
Адамның дүние шіркін бауыр еті
«Алтынды алсақ, – дейді, – еді бөліп» (Ә.Найманбаев, Шығ.).
«Ұлдарым сөз айтайын мен сендерге, 
Кіретін уақыт болды енді көрге. 
Әуелі таза арулап дәфіндетіп
Қойыңдар бауыры суық қара жерге» (Ә.Найманбаев, Шығ.). 
«Санады өлгендерді қисапқа алып, 
Тоғыз мың он үш кісі өліпті анық. 
Екі күн жинап алып намаз оқып
Бәрін де дәфін етті алып барып» (Бабалар сөзі // Діни дастандар).
Дем салу – Құран мен Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде келген дұға-
лармен адамдарды емдеу. Бұл емнің шариғатқа сай болуы үшін емдеуші және ем-
делуші адамның шипаны тек бір Аллаһ қана беретініне нық сенуі керек. 
Ауф ибн Мәлик әл-Ашжағиден (оған Алла разы болсын). Ол: «Біз жәһилият 
кезінде дем салатын едік. Содан(бірде): «Уа, Алла Елшісі! Сенің бұған қатысты 
ойың қалай?» – деп (сұрадық). Сонда (Пайғамбар p): «Маған қалай дем салатында-
рыңды көрсетіңдерші. Дем салуда ширк болмаса, оның оқасы жоқ», – деп айтты»
– деген (Муслим). Сонымен қатар шипа аяттары мен дұғаларын оқудың шарттары 
бар: 1. Алла тағаланың сөзі және оның есімдері мен сипаттары қолданылуы қажет; 
2. Араб тілінде болғаны дұрыс және оқып жатқан адам оның мағынасын білгені 
абзал. 3. Шипаны бір Алланың беретіндігіне, ал аяттардың тек себеп қана екендігін 
жүрекке бекіту керек (http://stan.kz).
Диет. Ислам шариғатындағы қылмыстық кодекстерді қарастыратын «Әл-
Уқубат әш-шарғия» немесе «Жинаят» тарауында қолданылатын термин. Диет ةيدلا 
(дия, ақл) – кісі өлтірген тараптың өлген адамның жақын туыстарына жүз түйе не-
месе соған тең ақша көлемінде төлейтін құн. 
Динар رانيدلا – ортағасырлық алтынақша, теңге. Зекет кітабында алтыннан 
соғылған ділдә «динар» деп аталады.
Алтынның нисабы – жиырма мысқал. Бір мысқал шамамен бес грамды құрай-
ды. Күмістің нисабы – 580 грамм. Ғалымдар «алтын динар мен күміс дирһамның 
қазіргі салмақ өлшемі граммен есептегенде қанша болады?» деген сұраққа қатысты 
әртүрлі пікірлер ұстанған (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Дирһам مهردلا – ортағасырлық салмағы 3,5 грамғатеңкүміс ақша. Зекет кіта-


96
бында күмістен соғылған тіллә «дирһам» деп аталады.
«Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер сенде екі жүз дирһам болса және оған бір жыл 
толса, онда (зекет ретінде) бес дирһам (беру парыз болды). (Алтында) жиырма ди-
нар болғанша және оған бір жыл толғанша саған (ол үшін) еш нәрсе беру міндет 
емес. Егер оған жыл толса, жарты динар беру (парыз)», – деген» (Сунан Әбу Дауд).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет