Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет78/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200
Жаназаға шақыру. Ислам дінінде қайтыс болған адамның жаназа намазы-
на көп жамағаттың қатысуы өте құптарлық іс болып табылады. Өйткені жаназада 
Құдайдан қорқатын, тақуа адамдардың жасаған дұғасы қайтыс болған адамға же-
теді деп есептеледі. Сондықтан қазақ халқында қайтыс болған адамның жаназасы-
на арнайы хабар таратып, адамдарды шақыратын болған. Тіпті араздасқан адамдар 
да бір-бірлерінің жаназасынан қалмауға тырысатын болған. 
«Абайдың екі өкпесі аузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі қатты 
соғып кетті. Бақанастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы ай-
рықша хабаршы келер деп күтті. Ағайын арасының ежелгі айнымас заңы бойынша, 
жаназаға шақырар деп еді» (М.Әуезов, Шығ.).
«Өткенін Ебенсалам халқы білді,
Бірталай, есіткен соң, жұрт жиналды.
Шығарып жаназасын таза арулап
Қабірін бек айбаттап күмбез қылды» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Жаналушы. Жаналушы өлім періштесі – Әзірейіл. Қазақ тілінде «үрей», 
«қорқыныш тудырушы» деген ауыспалы мағыналарда қолданылады.
«Жаңа ғана жаналушының өзіндей көрінген қауіпті жау енді басы шала 
мыжғыланып табанда жатыр» (Ә.Әбішев, Найзағай).


110
Жаннам. Жаһаннам. Тозақ. Аллаһтың иман келтірмеген құлдарына ақиретте 
дайындаған азапқа тола әрі мәңгілік мекені «жаннам», «жаһаннам» және «тозақ» 
деп аталады. Қазақ тілінде жағымсыз мағынада, бір адамға қарғыс тілегенде «жаны 
жаһаннамға кетсін», «жаны жаннамға кетсін» деп айтылады. 
«Бүгін тасаттықтың артынан Ахатайдың көзін жоғалт, шуы естілмесін, қаны 
шықпасын, жаны жаннамға кетсін» (Шағын пьесалар).
Жаннат. Жұмақ, бейіш. ةنج «жаннат»сөзі араб тілінде «саялы бау» деген 
мағынаны береді. Аллаһтың мұсылман құлдарына ақиретте дайындаған құтты әрі 
мәңгілік мекені «жаннат», «бейіш» және «жұмақ» деп аталады.
«Қасиетті өзеннің жағасынан тағы да бір пенденің жаны жаннатқа қарай са-
пар шекті» (Т.Ахтанов, Үндістан.).
«Бір жетімді ажалдан,
Аман-есен құтқардың,
Жаннаттан орын аларсың» (Бес ғасыр.).
Жаннат муғалла. 
«Адамзат қайдан білсін көрмей оны
Бола алса сіздей болып жұрттың бәрі. 
Анамыз жатқан жайы Хадишаның 
Көрдіңіз сол жаннатул мұғаланы» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет