Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет9/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ағраби. يبارعأ «ағраби» сөзі араб тілінде «ағраб» сөзінің жекеше түрі. Араб 
тілінде мәдениеті төмен, дөрекілеу келетін көшпенді өмір сүретін мал бағумен ай-
налысатын арабтарды «ағраби» деп атайды. Құран кәрімде «Ағрабилер: «Біз иман 
келтірдік!» – деді. (Уа, Пайғамбар!) (Оларға, яғни ағрабилерге) «(Кәміл) иман кел-
тірмедіңдер, бірақ «мұсылман болдық (бойсұндық)» деп айтыңдар. Жүректеріңе 
(шынайы) иман әлі кіре қойған жоқ. Ал егер Аллаға және елшісіне мойынсұнсаңдар, 
(Алла) (ізгі) істеріңді еш кемітпейді. Расында, Алла Кешірімді де Мейірбан!» 
(«Хужурат» сүре, 14 аят) деп келген. 
«Біз келген ағрабимыз. 


12
Алыс жерде болады тұрағымыз» (Бабалар сөзі).
Яғни ағрабилер өз тұрақтарының, қоныстанған аймақтарының алыста екен-
дігін айтып отыр. Осы тіркесте қазақ тіліндегі «ағраби» сөзі араб тіліндегі мағына-
сымен дәл келіп тұр. Өйткені арабтарда да тұрақтары қалалардан алыс, сахарада, 
малдың жайылымына қолайлы жерлерді діттеп, қоныс аударып жүретін адамдар-
ды «ағраб» деп атаған. Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді кө-
нерген сөз ретінде көрсеткен. Кеңес үкіметі тұсында қолданылуы кеміп, көнерген 
сөздердің қатарына енген бұл сөз қазіргі уақытта діни әдебиеттердің қазақ тіліне 
көптеп аударылуына байланысты қайта жиі қолданысқа ие бола бастады. Қазіргі 
діни әдебиеттер мен интернет желілерінде ол сөзге «көшпенді дала арабы», «шөл 
дала тұрғыны» деген түсініктемелер жасалып жүр және бұл сөздің қазақ тіліндегі 
мағынасы араб тіліндегі мағынасынан ауытқымаған деуге болады.
Ағраф. Жаннат пен тозақ арасындағы мекен. فارعأ «ағраф» сөзі – араб тілін-
дегі فرع «арафа» (білу, тану) деген етістіктен шыққан туынды сөз. Тәпсірші ға-
лымдардың пікірінше, жаннат пен тозақты бөліп тұратын биіктеу жердің тұрғын-
дары басқаларды танитын болғандықтан, ол жер «ағраф» аталған деседі. Бір 
ғалымдардың пікірінше, ол мекенде жаннатқа да, тозаққа да кірмегендер болады. 
Екінші бір топ ғалым жаннат пен тозақты бөліп тұратын дуалды «Ағраф» деп есеп-
теген. Құран кәрімнің жетінші сүресі «Ағраф» сүресі деп аталады. Себебі ол сүреде 
осы «ағраф» туралы айтылған.
Ағуа. Араб тілінде шайтанның адамды азғыруы ءاوغإ «иғуа» деп аталады. 
«Ағуа» – сол сөздің қазақ тіліндегі өзгеріске ұшыраған нұсқасы. Қазақ тілінің он 
бес томдық сөздігінде бұл сөзді «уағыз», «үгіт», «насихат» деп берген. Осы аталған 
сөздерден бұл сөздің айырмашылығы: бұл сөз «жаман жолға насихаттау, үгіттеу» 
деген мағынада қолданылады.
«Жасырмай көңілдегі айтты шынын,
Үгіт сөз орындалмай болды шығын.
Шайтанның ағуасына көңіл қойып,
Намыс қып білді дінге кірмейтінін» (Бабалар сөзінде).
Осы өлең жолдарында шайтанның азғыруын «ағуа» деп берген. Қазақ тілінде 
осы түбірден туындаған бірнеше сөз қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет