Мухитдинов на печать indd


Жалпы, қазақ тіліндегі діни сөздерді тілдік қордағы орнына қарай үшке



Pdf көрінісі
бет6/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
Жалпы, қазақ тіліндегі діни сөздерді тілдік қордағы орнына қарай үшке 
бөлуге болады:


7
1. Жиі қолданылатын актив сөздік қордан орын алған сөздер.
2. Архаизмге айналған сөздер.
3. Тәуелсіздіктен кейін енген кірме сөздер.
1. Жиі қолданылатын актив сөздік қордан орын алған діни сөздерге тоқта-
латын болсақ, бұл қатарға: дәрет, намаз, ораза, зекет, садақа, қажылық, иман, 
ислам, парыз, сүннет, жайнамаз, мешіт, азан, ауызашар, мұсылман, кәпір, құр-
бандық, жаннат, тозақ, қабір, сауап, азап, неке, талақ сияқты сөздерді жатқызуға 
болады. Бұл сөздердің жазылуы, дыбысталуы бірізге түскен және діни мәнін бар-
лық қазақ тілді оқырман біледі. Кейде бұл сөздер діни терминдік мағыналарымен 
қатар тілдік мағынасында, ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, «парыз» 
сөзі діни мағынасымен бірге тілдік «борыш», «міндет», «жауапкершілік» мағына-
ларында жиі қолданылады. Осы секілдіні «сауап», «азап», «құрбандық» сөздері ту-
ралы да айта аламыз.
2. Архаизмге айналған сөздер. Кеңес үкіметі тұсында діни салада жазылған 
еңбектердің тым аз болуына және қоғамда діни тілдің қолданылу аясының тарылуы-
на байланысты қазақтың Қожа Ахмет Яссауи, Бұхар, Ақтамберді, Абай, Ыбырай, 
Шәкәрім, Майлықожа сынды тұлғалары қолданған көптеген діни сөздер экстро-
лингвистикалық факторлардың әсерінен актив қордан ығыстырылып, көнерген сөз-
дердің санатына кіріп қалды. Олардың кейбірін синоним сөздер ауыстырса, кей-
бірінің діни терминдік мағынасы көмескіленіп, тек тілдік мағынада қолданылып 
жүр. Яғни ол сөздердің діни мағыналары жадыдан ұмып болып, тарихи сөзге ай-
налып қалды. Мысалы, «мағрифатулла», «нәби», «расул» секілді сөздер. Бұларды 
лексикалық архаизмдерге жатқызуға болады. Бұл сөздер қазір қазақ тілінде «Алла-
ны тану», «пайғамбар», «елші», «неке келісімі» сияқты аудармалары немесе сино-
нимдері арқылы беріліп жүр. Ал «әдді», «ғилла» сияқты сөздердің діни-терминдік 
мағынасы ұмыт болып, олар тек тілдік мағыналарда ғана қолданылып келеді, оның 
өзінде бұл сөздерді әдеби шығармалардан ғана кездестіре аламыз. Ал «ғашаран», 
«ғайяр» секілді сөздер қолданыстан шығып, мағынасы мүлдем көмескіленіп, та-
рихи сөздердің қатарынан орын алған. Бұл сөздерді семантикалық архаизмдерге 
жатқызуға болады. Соңғы жиырма жылдың ішінде тек әдеби шығармаларда сирек 
кездесетін, түсіндірме сөздіктерде, арнайы терминдер сөздіктерінде немесе энци-
клопедияларда ғана кездесетін архаизмге айналған кейбір термин сөздерді діни ең-
бектердің көп жазылуына, қоғамда діни тілдің қолданыс аясының кеңіп, жандана 
бастауына байланысты қайта актив қорға кірді деуге болады. Оған мысал ретінде 
«жамағат», «ғақайд», «ақли дәлел», «нақли дәлел», «жиһад» секілді сөздерді кел-
тіруге болады. 
3. Тәуелсіздіктен кейін енген кірме сөздер. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ 
тіліне араб, түрік, өзбек және орыс тілдерінен ислам дініне қатысты жүзден аса ең-
бек аударылды. Араб және түрік тілдерінде жарық көрген еңбектер негізінде қазақ 
тілінде талай еңбек жазылды, құрастырылды және осы тілдердегі еңбектерге сүй-
еніп бірнеше ғылыми зерттеулер жазылды. Бұл еңбектер арқылы қазақ тіліне талай 
жаңа діни терминдер енді. Олардың біршамасы діни ортамен қатар БАҚ-та және 
жалпы халықтың, көпшіліктің арасында кеңінен қолданысқа еніп, актив сөздердің 


8
қатарынан лайықты орын алды деуге болады. Оған «таухид», «сахих», 
«дағиф», «мудуғ», «такфир», «бидғат», «хижаб» сынды сөздерді мысалға келтіруге 
болады. Бұл аталған сөздер діни ортамен қатар, барша қазақ тілді оқырманға таныс 
сөздерге айналды деп айтуға сенім мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет