Мухитдинов на печать indd


дық және мақсаттық бағдарлар (инструменттер)



Pdf көрінісі
бет5/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200
дық және мақсаттық бағдарлар (инструменттер). Ислам дінінің қазақ халқы-
ның мәдениеті мен тарихында алатын орнын анықтау үшін қазақ тіліндегі ислам 
діні сөздерінің тура терминдік және ауыспалы мағынада қолданылатындығын 
ашып көрсету, сол арқылы қазақ діліндегі ислам дінінің орнын айқындауға талпы-
ныс жасау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ тіліндегі діни сөздердің терминдік 
мағыналары айқындалып, олардың мағыналарының кеңеюі мен тарылуы немесе 
басқа мағыналарға ие болуы зерттеледі. Сонымен қатар архаизмге айналған сөз-
дерді және тәуелсіздік алғаннан кейін жиі қолданылу себебінен пассив сөздік қор 
аясынан шығып, актив сөздердің қатарына қосылған діни сөздерге, тек діни әде-
биеттерде діни-терминдік мағынада келетін сөздерге талдау жасалады. Араб және 
қазақ тілдерінің фонетикалық, морфологиялық айырмашылықтары себебінен діни 
сөздің түпкі дыбысталуы мен морфологиялық құрылымынан ауытқып, қазақ тілі 
ережелеріне сай өзгеру үрдісі де қарастырылады.
Зерттеудің жаңалығы – қазақ тілінің бай мұрасы саналатын ауыз және жазба 
әдебиетінде халықтың діни танымымен тығыз байланысты сөздер мен сөз тірке-
стері өте көп. Әсіресе батырлар жырлары мен термелерде және мақал-мәтелдер-
де діни сөздер жиі кездеседі. Ол сөздердің түптөркіні, шығу тегі көмескіленген 
және барлығы бірдей актив сөзге жатпайды. Кейбірінің түпкі мағынасы ұмытылып, 
қазіргі уақытта басқа мағыналарда қолданылып та жүр. Біз қолға алған бұл еңбекте 
қазақ тіліндегі діни сөздердің этимологиясына, қолданылу тарихына талдау жаса-
лынады. Зерттеудің нәтижесінде араб тілі негізінде қалыптасқан ислам діні тер-
миндерінің қазақ тіліндегі қолданылу аясы, қазақ дүниетанымына әсері мен ондағы 
орны анықталады. Бұл қазақ тіліндегі діни сөздердің этимологиясын арнайы зерт-
теуге арналған алғашқы еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық және практикалық маңызы
Жалпы жұмыстың ғылыми-теориялық маңызы – қазақ тілінің діни стилін, діни 
тілін таныту және қазақ тіліндегі ислам діні сөздерінің қызметін көрсету арқылы 
қазақ исламтану мектебінің халық тіліндегі, әдебиетіндегі, жалпы дүниетанымын-
дағы орнын анықтау. Зерттеу нәтижелерін лингвистика, әдебиет, исламтану, дінта-
ну пәндерінде қосымша әдебиет ретінде қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет