Мухитдинов на печать indd


Қазақ діни тілінің төркіні



Pdf көрінісі
бет8/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Қазақ діни тілінің төркіні
А
Абадилә. Діни әдебиеттерде ةلدابعلا «абадилә»сөзі сирек кездеседі. Бұл сөз та-
рихи кітаптар мен Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) сирасына және сахабалардың 
өмірбаяндарына қатысты еңбектерде қолданылады. «Абадилә» сөзі араб тіліндегі
ةلدابع – Абдуллаһ атты төрт сахабаның ортақ атауы. Олар: 
1. سابع نب الله دبع Абдуллаһ ибн Аббас (68һ. қ.б.).
2. رمع نب الله دبع Абдуллаһ ибн Омар (73 һ. қ.б.)
3. صاعلا نب ورمع نب الله دبع Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас ( 73 һ. қ.б.) 
4. ريبزلا نب الله دبع Абдуллаһ ибн әз-Зубайр (63 һ. қ.б.). 
Ал Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) Абдуллаһ ибн Масғуд атты атақты са-
хабасы абадиләлардың қатарына жатпайды. Ахмад ибн Ханбалдан: «Абадилә кім- 
дер?» – деп сұрағанда, ол: «Абдуллаһ ибн Аббас, Абдуллаһ ибн Омар, Абдуллаһ 
ибн әз-Зубайр және Абдуллаһ ибн Амр», – деп жауап берген. Сонда: «Абдуллаһ 
ибн Масғуд ше?» – деп сұрағанда имам Ахмад: «Жоқ, Ибн Масғуд абадиләлардан 
емес», – деп жауап берген.
 
Абдаста. Дәрет алатын ыдыс. 
«Дастарқаны қарында, 
Пиаласы қолында, 
Абдастасы белінде, 
Бөтен жаудың жерінде, 
Қызылбастың шетінде 
Қызмет етіп жүр екен» (Қобыланды батыр).
Осы өлең жолдарындағы «абдастасы» деген сөз парсы тіліндегі «абдаст», 
яғни «дәрет» сөзінен алынған. Парсы тіліндегі بآ – «аб» (су) және تسد «даст» (қол) 
сөздерінен жасалған біріккен сөз. Яғни «дәретсу» деген мағына береді. Бұл сөз кей-
інен жиі қолданылу себебінен дәрет алатын су құйылатын ыдысқа, яғни құманға 
қолданылып кеткен. Қазіргі түркі тілдерінің ішінен «абдаст» сөзін Түркия түріктері 
қолданады.
Абылхаят – парсы тіліндегі بآ «аб» (су) және араб тіліндегі ةايح «хаят» (өмір)
деген сөздерінің тіркесінен жасалған сөз. Ескі діни таным бойынша, адамға мәңгі 
өмір сүруге себепші болатын қасиетті су. Ислам дінінің сенімі бойынша, бұл о дү-
ниедегі есеп басталғанда ішетін кәусар бұлағы болуы да мүмкін.
Ағашат – табыт. Қайтыс болған адамды жаназасын оқитын кезде және жер-
леуге алып баратын кезде салатын ағаштан жасалатын табыт. 
«Сөйлеп қал тіршілікте, қызыл тілім, жаны жоқ ағашатқа мәнбей тұрып»
(мақал).


11
«Бұл Құданың құдіреті
Ағашатқа мінгізді,
Кемеде жүрген жалғызға
Жеңсіз көйлек кигізді» (XVIII-XIX ғғ. қаз. поез.).
Ағзам. Араб тілінде مظعأ «ағзам» сөзі «ең ұлы, ең үлкен, ең маңызды» деген 
маналарды береді. Діни әдебиеттерде бұл тіркес көп жағдайда «имам» сөзімен бір-
ге имам Әбу Ханифаның лақап аты ретінде қолданылады.
«Артынан келген төрт имам 
Мұсылман қарап іс қылар 
Имам Ағзам шамына» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
Кердері Әбубәкір бабамыздың бұл сөздеріндегі төрт имам деп, ислам шариға-
тының үлкен төрт мектебін, яғни төрт мазһабтың негізін қалаушы, басқы ережелерін 
түзіп шыққан имам Әбу Ханифа, имам Мәлик, имам Шафиғи және имам Ахмад 
меңзеліп тұр. Одан кейін өзіміздің имам Әбу Ханифа, яғни Имам Ағзам көрсетіп 
кеткен шариғат мектебі ханафи мазһабымен амал ететінімізді, дін мәселелерін-
де сол жолды ұстанатынымызды баяндап отыр. Бұл сөз де қазақ халқының Имам 
Ағзам Әбу Ханифа мазһабын ұстанғандығының бір дәлелі болады. Қазақ тілінде 
бұл сөздің қолданылуы орта ғасырларда кең тараған. Әсіресе, патшаларға, діни 
қайраткерлерге ұлықтау, мақтау, мәртебесін көтеру мақсатында қолданылған. «Пат-
ша ағзам» тіркесі әдеби шығармаларда жиі кездеседі. 
«Алланың бірлігін, расулымыздың хақлығын білмеген, патша ағзам хазіретін 
хақаратлаған залымды аяушы ма едік, әлбетте, шаһадат береміз» (М.Дулатов). 
Ағла. Араб тіліндегі ولع «ъулу» сөзінің асырмалы шырай формасында қазақ 
тіліне енген сөз. Ақида саласында Аллаһ тағаланың үстемдігін түсіндіргенде қол-
данылады. Яғни «ең жоғары», «ең биік» деген мағыналарды береді. Қазақ жазушы-
лары мен ақындары бұл сөзді аса жоғары, асқақ, биік деген мағыналарда қолданған. 
«Атыңа ағла болған әркім ғашық
Нақ болсаң тарқатуға ер құмарын» (Қаңлы Жүсіп). 
Мәшһүр Жүсіп бұл сөзді Аллаһ тағаланың аршысының сипаты ретінде қол-
данған. 
«Сәждеге баршалары басын қойып, 
Қорыққаннан ғарыш ағланы барып құшты» (Мәшһүр Жүсіп. Шығ.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет