21
асыру үшін он екі өкілін белгілеген, солардың бірі Ғұбада ибн Самит (Аллаһ оған
разы болсын) еді.
Ақиб. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) бірнеше есімі болған. Сол есімдерінің
бірі – بقاع Ақиб. Мағынасы: ең соңынан келуші. Яғни пайғамбарымыз Мұхаммед–
пайғамбарлардың соңғысы, одан кейін ешқандай пайғамбар келмейді.
Ақида. Діни сенім, ұстаным. ةديقع «ақида» сөзі араб тілінде «байлау», «түю»
деген мағыналарды береді. Ислам ақидасы деген – Аллаһқа, Ақырет күніне, пайғам-
барларға, кітаптарға т.с.с. сену сияқты оның нанымдарын білдіреді. Бұл сенім-на-
нымдар мен ұстанымдар өз алдына бір ғылым ретінде қалыптасқан. Ислам дініндегі
сенім мәселелерін зерттейтін ғылым «ақида ілімі» деп аталады. Ол ғылым «таухид
ғылымы», «кәләм ғылымы», «ақайд» деп те аталады. Ата-бабаларымыз қолданған
«ақида» сөзі қазақ тілінде тәуелсіздік алғаннан кейін кеңінен қолданылып, қазір
діни тілімізден орын алды. Бұл сөз діни әдебиеттерде, діни сайттарда өте жиі қол-
данылады.
Пенденің бұл пәни дүние мен о дүниедегі жағдайы оның ұстанған ақидасына,
сенім жүйесіне байланысты. Ақидасы дұрыс болса, пенде құлшылығының арқа-
сында адал ниетінің жемісін көреді (С.Сейтбеков, Иман негіздері).
Ақида ілімі Алла тағалаға, дініміздің негізіне тікелей қатысты болғандықтан,
ілімдердің ішіндегі ең ұлығы, ең ардақтысы болып саналады (Р.Батталұлы, Құран
эгзегетикасы).
Ақиқа. Ақиқа ةقيقع – Аллаһқа шүкіршілік ету ниетімен бала туылғанда жаса-
латын той (шілдехана). Шариғатта ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қойды
сойып, ақиқа жасаған абзал.
Ақил. Ақил لقاع – адамды өлтірген қылмыскердің қайтыс болған адам үшін
құн төлеуге қатысатын туысқандары. Бұл термин ислам шариғатының қылмыстық
кодекстерді қарастыратын «әл-Уқубат әш-шариғия», «Жинаят» немесе «Худуд» деп
аталатын тарауында қолданылады. Қара: диет.
Достарыңызбен бөлісу: