Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет91/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   200
И
Ибдәл لادبإ – орын ауыстыру. Қара: бәдәл (لدب).
Ибн نبا – ұл, бала. Мысалы: Абдуллаһ ибн Омар – Абдуллаһ Омардың ұлы 
немесе Омарұлы Абдуллаһ.
Иғләм ملاعإ – хабарлау, хабардар ету. Хадис ілімінде қолданылатын термин. 
Ол ұстаздың шәкіртіне: «саған риуаят етуге рұқсат бердім» немесе «риуаят ет» де-
местен, «мына хадис немесе кітап менің пәленшеден естігендерім», деп айтуы.
Иғтибар. Хадис ілімінде қолданылатын термин. Иғтибар رابتعا – муснәд, жә-
миғ және әжзә (жуз) кітаптарында жалғыз келген хадис деп есептелген хадистің 
бізге жеткен басқа жолдарын іздеу. Мысалы, Ибн Хиббәннің мына сөзі: «Иғтибар-
дың жолы дегеніміз мынадай; мысалы Хаммад Айубтан, ол Ибн Сириннен ол Әбу 
Һурайрадан ол Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алайһи уа сәлләм) хадис риуаят етті 
делік. Сонда Хаммадтан басқа біреу бұл хадисті Айубтан, ол Ибн Сириннен риуаят 
еткен бе? Егерде бар болса, бұл хадистің негізі бар дейміз. Болмаса, Айубтан басқа 
біреу осы хадисті Ибн Сириннен, ол Әбу Һурайрадан риуаят еткен бе? Болмаса 
Ибн Сириннен басқа біреу Әбу Һурайрадан, болмаса, Әбу Һурайрадан басқа сахаба 
Пайғамбарымыздан осы хадисті риуаят еткен бе? Егер осы аталғандардың бірі бар 
болса, онда бұл хадистің асылы бар деп есептеледі». 
Иғтиқад. Сенім. 
Иғтиқади мазһабтар ислам ақидасы саласы бойынша пайда болған мазһабтар. 
Иғтиқади мазһабтар мен фиқһ мазһабтары бірін-бірі толтырып отырады. Мысалы, 
қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты иғтиқадта матуриди, ал фиқһта ханафи 
жолын ұстанады (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты мен мәдени 
ескерткіштерінің энциклопедиясы). 
Ақида негіздерінде (Усулул иғтиқад) ешқандай қарама-қайшылық (хилаф) 
болмайды. Ол Алланың барлығы, бірлігі, жаратылған нәрселерге ұқсамауы, естуі, 
көруі, мәңгі бар екені сияқты негізгі мәселелерді қамтиды. Осы мәселелерде ижтиһад 
жүрмейді. Ал ақида тармақтарына (Фуруғул иғтиқад) келсек, бұған байланысты ға-
лымдар арасында лафзи (яғни сөздің қойылымы жағынан) қайшылық (әртүрлі пай-
ымдаулар) бар. Сондықтан бұл мәселелерде ғалымдар арасында ижтиһад болған 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
«Ғибадаттың екі шарты бар, соны білсе екен. Бірі иманның иғдиқатын мах-
камлемек керек, екіншісі үйреніп жеткенше, осы да болады ғой деп тоқтамай, үйре-
не беру керек» (Абай, Шығармалар жинағы). 
«Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғ-
диқатқа да қиянатпен болады» (Абай, Толық жинақ).


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет